Тағдырдың сыйы! Тағдырдың сыйы?

***
… Саягүл 6 сыныпта Мираның альбомындағы анкетаға былай депТ: «Махаббат деген — анаға сүйіспеншілік».
Мира альбом жасауда стратегиялық қате жіберді: оқу озаты, СССР құламағанда обком төрағалығына дейін баруы мүмкін пуритан, әсіре консерватор, қатігез Саягүл альбомға ең бірінші болып жазбауы керек еді. Қалған оқушылар да Саягүлдің ығымен кетіп, енді альбомның аяғына дейін махаббат дегеніміз — ананың балаға, баланың әкеге, атаның немереге, иттің күшікке, мысықтың марғауларына, түйенің ботасына, дрозофилл шыбындарының өз пілделеріне сүйіспеншілігі боп кетіпті, әйтеуір қыз бен жігітке қатысы жоқ дүние екен де. Енесстің.

***
8 сынып оқушыларына дегенмен табиғаттың бұлжымас заңдары мен гормондар әсер ете бастаған. Шүкір, махаббат жөнінен азды-көпті әдеби обрыздар бар: әдебиет пен хрестоматия мұғаілімі Нұржанбай ішпесе — ақысын оқушылардан алатын қатал да қатігез мұғалім. Жалпы Нұржанбай ағай дүниедегі ең субъективті субъект, ол оқушылардан ахаңнан басқа: телефон стансасында, электриктерде, ауласын опырып кеткен К-700 иесінде, су бермей қалған бұранда, бермей қойған Күләндада кеткен кектерін де ала береді. Ендеше сыныптағы ең топас, рухани су қараңғы, потенциалды СПТУ студенті Арманжанға дейін, Төлеген мен Жібектің кімдер екенін ең болмаса естіген.
Ең қызығы, бұл жолы Майя жасап жүрген альбомды бастап толтырған Арманжан екен. «Махаббат деген қыз Жібек пен Төлегеннің махаббаты» деп қойыпты. Арманжан әрине, ғылым бойынша, анықтама беру кезінде — анықтама берілетін түсінікті пайдалануға болмайтынын білмейді. Бірақ. Бірақ орфо-пунктуация жағынан тырысқаны көрініп тұр. Ал жазбасының оң жағына қаншалықты құбыжық болса, соншалықты пәк сезіммен салып қойған жүре(гінің)ктің суреті кәдімгідей елжіретеді. Ептіге де сезімдер келе бастаған. Лібә, дым жараспайд шынымды айтсам ше.
Ал Саягүл… Саягүл өзіне тиесілі бетті асқан тиянақтылықпен, жиіркенішті деуге келерлік дәлдікпен, өте-мөте ұқыпты екшей отырып (қаріпаралық интервал салуда Корел мен Ворд демалад нақ!), былай деп қойыпты: «Білмейді екем, Майя. Махаббаттың түрлері көп қой, қайсысын жаза береміз». Әйтеуір 7 сыныпқа дейінгі, кез-келген нәрсені теорема сияқты лақылдатып айтып тастайтын өзіне деген сенімділік жоқ. Рас, өзінің үлгілі оқушы обрызын да сақтап қалуға тырысқан.
Очм, махаббат мәселесінде либерализм желі ескен альбомның басы осы болды. Тіпті Қарлығаш:«Біздің Заматқа ғашықпын, бірақ оның аквариумы бар ғой» деп қойыпты. Білем: Қарлығаш — аквариумде балық асырау ісінде алжуға қараған Заматты кекетіп жазған; бірақ махаббат мәселесіндегі ең болмаса осындай сөз біз үшін үлкен ерлік болатын, ұяттан аттағандай сезінетінбіз.

***
9 сыныптағы күндердің бірі. Ләйлә бүгін қасіретті, Ләйлә бүгін жылаңқы. Әлгі, сұмырайлықтың тәжін кигізіп, шетке шығарып қойған Арманжан кластас-құрдасымыздың ақыры тағылық болмысы оянып, махаббат туралы білгенін айтып бүлдіріпті.
Ләйлә үйіне барыпты ғой, СПТУ-ға кетіп қалсаң да бәрібір кластассың деп. Сағындық деп. Альбомға қолтаңба таста деп. Қаншалықты сағынып барғанын пуделім біліпті, бірақ Арманжан мауқын баспағанға ұқсайды. «Біләәә, әлі жүрсіңдер ме кішкентай бала құсап, махаббат-сахабат деп, тігесіңдер нақ!» депті Арманжан. Бадырақкөз Ләйлә одан сайын бақырайып, не дерін білмей тұрғанда, «махаббат деген секс қой кәдімгі, секс ше, ммуах-ха-ха-ха-хаа» деп, құлақтан кетіпті. Айналада жүрген, бетіңді әншейін тыжырайтсаң да шегі қатып күле беретін шибұт бала-шаға «секс» деген сөзді естіп қалып, құдайлары беріп және жамырасыпты. «Уа-қа-қа-қа, Арманжан бір қызға „секс“ деп айтты!» деп, сүйінші сұрап жүгіріп, шат-шадыман болыпты тіпті бір кішкентай көргенсіздер. Нәтиже: боз-боз жылаған Ләйлә; оны жұбатқан Жұбатқан мен бір топ қыздар.
Саягүл сол альбомға ләм демепті…

***
… Сауда Үйінде ұшырастық. Қызық: шамалы мейірім кірген бе жүзіне. Әлде менің міскінімді көріп күліп тұр ма?
-Сая, міне, ақыры кездестік…
-Иә. Мен де білгем бір күні кездесетінімізді.
-Тіпті солай ма?
-Иә. Маған бір сөз айтпасаң да, бірі-бірімізге байлаулы екенімізді мектептен білем.
-Мен де, хы-хы, жаңағы мектеп кезінде ше, ық-ық, саған… сені… Қызық, сол кезде маған не кедергі болды деймін де…
-Үндемей-ақ қойш. Қайда барамыз, соны айтшы?..
Бір-түрлі енді: әлде еш қайғысыз, оп-оңай қолым жеткеніне қорқам ба? Жұрт махаббатына қалай қолы жеткенін дастан қылып айтад әйтеуір… Ал мен… Ал мен құдай атқан күндердің бірінде сауда үйіне бардым да, сол сымбатымен, сол қалпымен кездестіре салдым. Ық-ық…
Бөлісу:

31 пікір

sammita

14 ақпан хабар күт)
Daniar-Alan
-Үндемей-ақ қойш. Қайда барамыз, соны айтшы?..

таныс жағдай…
Gastarbaiter
))) мектеп есіме түсті.
dark_nazgul
сауда үйіне бардым да
бағана бір әредікте автобуста сияқты еді…

көшіп-қонып жүрген неғылған махаббат ол?
satibaldi
Түсініктеме: автобустағы нақсйүер туралы әңгімені кешкісін оқисың. Екеуін қатар жазғасын араласып кетті, әкімтаразисстің.
Abilakim
Әкім Тарази бір шығармасында кейіпкерлерді қайта кездестіргенде жігіттің көзін қыз кеудесіндегі ВЛКСМ деген значокқа түсіруші еді.Соның көзі значокқа түскеніне сенбеймін қазір
satibaldi
соцреализмнің шарттылығы
konvict
ВлКсМ-ге түспегеніне Чүкір
a63a1
Меніңде есіме қай қойдағы жоқ түсіп жатыр
Daniar-Alan
деп айтқан Абзал жәйләәәәп бұтының арасына қолын сала берді
asaubota
білә, бұл да әдебиет қой! бір аты болуы керек бірақ бұл әдебиеттің.

авторы Сатыбалды болмаса екен деп оқып едім, болмады
e_zhalgas
жиіркенішті деуге келерлік дәлдікпен

Нәтиже: боз-боз жылаған Ләйлә; оны жұбатқан Жұбатқан мен бір топ қыздар.
оңбаған Жұбатқан, ақырына дейін жұбатқан бекен!?
Әдемі!
satvaldo
өзімді марстан келгендей сезініп отырмын. жоғарыдағылардың біреуі де менің өмірімде орын алмаған жайттар…
AL-ASTER
 дегеннен басқа жазар жоқ
kokbori
… Арманжан екен. «Махаббат деген қыз Жібек пен Төлегеннің махаббаты» деп қойыпты
Мектеп кезінде анкетаға «Көже» дегенді қалай түсінесің деген сұрақ болушы еді. Шешуі «Күтемін өзіңді, жүрмеймін ешкіммен» екен. Ал оған кейбіреулер «Су, күріш, тұз, т.б.» деп жауап беріпті
Abilakim
бірінші рет естідім
Delhi
«Көже» дегенін қызық екен.  Ондай болмады бізде.
Aldeken
Интернатта өскен біздерге «ЖОПА» деген сөз маңыздырақ ед. шешімі: Желаю Общего Приятного Аппетита
Rafaello
Менің
Алғашқы
Махаббатым
Анам

Я
Люблю
Тебя
Айнура
Rafaello
потенциалды СПТУ студенті Арманжан



Қазір статус тең. Бәрі колледж студенттері, 9 бітіріп аяқ астынан есейіп шыға келеді.
konvict
Жазба кейіпкерлерінің кейбірі осында жүргендей ме…
ickep
Кета-кета открывается анкета.
Гүлді салған себебім, гүлдей жайна дегенім.
Armanjan
8 сынып оқушыларына дегенмен табиғаттың бұлжымас заңдары мен гормондар әсер ете бастаған.
мектептегі балалық күндерімізді көз алдымызға елестетті ғой, бойға симай сыртқа теуіп тұрған гормондар-ай…
aikarakoz
вааай! қандай күчті  мен ұнатқан жігіттің бас әрпін жазушы ем кез келген жерге
zholantai
үнді киннжұлдыздарының суреттерімен толтырылған альбомдарына бірдеңке жазып беруін өтінетін ед