Берлин. Рейхстаг
В 14:25 30.4.45г. лейтенант КОШКАРБАЕВ и разведчик БУЛАТОВ 674сп по-пластунски подползли к центральной части здания и на лестнице главного входа поставили красный флаг.
Журнал боевых действий 150сд в апреле 1945г.
Берлинде болған бір аптаны тақырып бойынша бөліп жазу ойымда болған-ды, соған енді отырып жатырмын. Мазмұнына қызыққан адаммен жақсы әңгіме-дүкен құрармыз деген үміттемін. Берлин туралы бісміллә жазбаны Рейхстаг туралы суреттермен һәм сөзбенен жалғастырсам деймін.
Алдағы жазбалардың және осы постың суреттерінің сапасы үшін мың қайтара кешірім сұраймын, жөні дұрыс аппараттың ыңғайы келмей, ұялы телефонның бетіне қарап қалған едім.
Алдымен аз-мұз ақпарат.
1884 жылы кайзер Вильгельм I-нің құзырымен франкфурт архитекторы Пауль Валлот атақты ғимаратты тұрғызады. 1933 жылы нацистердің қолайына жаққан өрт болады. Апат үшін коммунистерді айыптаған олар билік үшін күресте жолдарына кесе-көлденең тұрған біраз жұрттың көзін жояды.
1945 жылы 1 мамырда Рейхстагта Алексей Берест, Михаил Егоров және Мелитон Кантария Жеңіс туын тігеді. Алайда, ресми мәліметтер бойынша, Жеңіс туына дейін Рейхстагқа кеңес туын 30 сәуір күні 150-ші атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен барлаушысы Григорий Булатов орнатқан.
90-шы жылдардың басында Рейхстагты қайта жөндеу жұмыстары ағылшын архитекторы Норман Фостерға тапсырылады. Ескі мен жаңаны барынша үйлестіруге тырысқан маманның еңбегі — қазір әлемдегі ең көп адам келетін парламенттердің бірі. 1995 жылы мамырда қабылданған шешім бойынша салынған әйнек күмбез ғимараттың шатырынан қаланы көруге мүмкіндік береді.
Неміс парламенті, Бундестаг отыратын жерді көру мүмкіндігі бар, ол үшін Бундестагтың сайтында тіркелу керек.
Бізге көрсетілген алғашқы бөлме. Бұл жерде парламентарийлер отырып дем алады екен.
Мына сурет қызық. Ортадағы қара жолақ — рентген арқылы түсірілген адам омыртқасы. Отқа оранған.
Сол жақ бөлікте бірінші қатарда оң жақтан екінші болып тұрған адам Қазақ ССР-ын бейнелейді.
«Семіз тауық» атанған неміс символдарының бірінің Норман Фостер ұсынған нұсқасы. Архитектор арықтатуға тырысыпты. Металы — аллюминий.
Жаңағы «семіз тауықтың» арғы жағы. Бұл жерде неміс депутаттары отырады.
Мына үстелде бір күннің ішінде қаралатын заң жобалары жатады. Осы жерден алдыңғы суреттегі бөлмеге кіргізіліп, депуттарға таратылады.
Мынау — Рейхстагты басқа сараймен жалғастырған ескі тоннельдің қалдығы. Қазір ол тоннель былай салынған:
Енді Рейхстаг қабырғаларында кеңес әскері қалдырған жазуларға келсек.
2002 жылы жазуларды алып тастау туралы мәселе парламентте көтерілген екен. Алайда, көпшілік дауыс ұсынысты қолдамапты. Тек боқауыз сөздері бар жазуларды көзден таса қалып, қалғандарының үстінен лак жағып, қалдырып қойған.
Мұндай жазулар тіпті отырыс залында да кездеседі.
Оң жақта «Так им и надо сукиным сынам» деген жазуды оқуға болады.
Афанасьева «Мечта сбылась» деп жазу қалдырыпты…
Аты-жөнін, қайдан келгенін, қай әскер қатарында соғысқанын жеткізген жазбалар жетерлік.
«За Ленина расплатились полностью...»
Мына коридорда фашистік Германия жылдарында қызмет еткен депутаттардың аты-жөні жазылған. Нацистік режимнің құрбандарының аты-жөні жазылған қорапшалар қарамен боялған.
Рейхстаг бойынша осы. Керегелері шұрық-тесік ғимаратта отырған депутаттар да басқаша шешімдер қабылдайтын секілді маған…
Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988 жж) Ақмола облысында туған.
Анау Қазақ ССР-ы бейнеленген тақта туралы… Не үшін жасалған?
Мaғaн қaтты әсер еткен ескеткiш:
Бундестaгтың шaтырындa.
Судaн түсiрiлген.
Соғыс уaқытындa бомбaлaнғaн шiркеу.
Кiр жуғыш мaшинaсы aтaлғaн: Кaнцлерaмт.
Бiздiң президенттi қошеметтеуге 9.02 қaтыстың бa?