20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Үшінші бөлім

Бұл постта қылмыскер әйелдер мен мафияға қызмет еткен әйелдер жайында айтылады.

Жалғасы. Басы бірінші және екінші постта.


Мына келіншек көшеде еркектермен танысып, оларды үйіне «шай ішуге» шақырады. Қонағын шарапқа немесе шайға күшәла қосып улап өлтіреді. Еркектерді тонап, олжаларын сатып күн кешкен. Тіпті құрбан еткен адамының аяқкиім бауына дейін сатады екен.


Нью-Йорк түбіндегі бір бардың иесі, Тернер ханым. Соңғы клиент қалғанша жұмыс істеп, көмекшісімен бірге клиентті ет шабатын бөлмеде өлтіріп, тонауды қалыпты тірлігіне айналдырады. Қылмыстық істе былай делінген: Егер қалтаңызда ақша бар екенін білетін болса, сіз өліксіз.

Енді мафияға қызмет еткен жезөкшелер:





Бұлар көбінесе тонаумен айналысқан. Клиенттерін мас қылғаннан кейін, қалталарын тазалап шығады. Мафияға қызмет еткен, соның ішінде құнды және аузында сөз тұрмайтын клиенттерді солардың қолдарына тапсырады.

Қылмыскер әйелдер тақырыбы жалғасады…
bk
Бөлісу:

19 пікір

patick
Қылмыскер әйелдер бір постқа сыймай қалды. Тағы бар.
Abilakim
жалғыз басты келіншектердің үйінен шай іше қалсақ бәтеңкеміздің бауын қалтамызға салып алу керек шығар
patick
Ең бастысы қолынан ештеңе ішпе, ішетініңді өзіңмен алып келіп, өз қолыңмен құй
Abilakim
«Оразамның қазасын ұстап жүр едім» дей салсам болатын шығар
Aldeken

«Оразамның қазасын ұстап жүр едім» дей салсам болатын шығар
жарасың нақ, десертсіз қайтарып жібермесін,,,
omarbirat
Калош киіп жүруге кеңес беріледі. Бауы жоқ, қатты қымбат та тұрмайды
patick
Бірінші суреттегі қылымсыған келіншекті кісі өлтіреді деп айтад?!
Abilakim
Екінші суреттегі әйелмен біреулер шай ішеді деп кім айтад?
sammita
бардың иесі дейді.
omarbirat
Ұқсайтын сияқты.
Gulistan
Әр заманның өз қызығы деген. Қазіргі заманмен өлшеп көрсек, жоғарыда көрсетілген келіншектер деревняда катошка қазып, еңбек ететін жандардай елестейді.
Шын айтайын, Мэрилин Монро тәріздес образдар күтііп ем
Aldeken
Шын айтайын, Мэрилин Монро тәріздес образдар күтііп ем
Не ғо, ондай образдарды "ішпиен әйелдер" тақырыбынан күткен дұрыс шығар…
monti
3 суреттегі қызы ұқсамайд, тым жас. 4-сурет мұғалимаға ұқсайд үстіндегі киімдер қазір бізге модада кейбір элементтері бар.
очм маған ұнады, тек Аидқа адамдарды жібергендері болмаса
Baisaldy
Адам бет-бейнесі неткен алдамшы, адамды көзінен тану деген тағы да бір жалғандықтың қатарына қосып ескере салу керек.
Erkekyz
Ужас.Қысмыскер болғаннан кейін бе маған керісіншінде түрлері суық көрініп кетті.
VKM
Шынымен осы 3 тақырыпта мен оқымаған, білмеген ақпараттар жазылды. Авторға рахмет
konvict
Пәке, ЦРУ-дың базасын бұзып кіргеннен саусың ба?
Инфо үшін рахмет
Gastarbaiter
«Другие» фильміндегі өліктердің суреті есіме түсті. Жатқан жерлері жайсыз, топырағы торфтан болсын.
izbasar
Амрика биткен соң жапон ганстерлері жайлы боларма екен ааптыр!