Оқу ақысы арзан немесе тегін Алмания

Алмания, орысшалап айтсақ, Германия. Фашистер, Гитлер, жауыздық, соғыс… сөздерімен астарласып жатушы еді осы бір ел, мектеп оқып жүрген кезде. Алманияға барсақ, немістер ұстап алып, екінші дүниежүзілік соғыста кеткен кектерін қайтаратындай елестейтін еді  Франция ұнай ма, Германия ұнай ма? деген сауалға білмесек те, көрмесек те Франция дейтінбіз бәріміз. Немістердің елі сол күнге дейін фашистер мекендейтін елдей елестейтін.

Тақырыпқа келсем, Алмания деген елдің бар екенін жоғарыда айтқан, сонау мектеп қабырғансында жүрген шақтан бері білеміз бәріміз, мүмкін ес білгелі білетіндер де аз емес болар… Германия – федеративті мемлекет. Әр бундесландының (біздіңше, облыс) өзіне тән заңы бар. Білім беруі жүйесіндегі заңдары мен оқу ақылары да әр түрлі. Көптеген бундесландтарда ЖОО оқу ақылары алынып тасталған. Оқу тегін деуге болады. Ал ақылы ЖОО-лардағы ең жоғарғы оқу ақысы жылына 1 мың еуро. Бірақ жатақханасы ақылы, кей жерлерде семестр сайын төленетін жол жүру билеттерінің ақысы мен әлеуметтік төлемдер бар (тым көп емес).

Егер оқу тегін болса, білім беру жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болса, неге біздің қазекем Германияға барып оқымайды? Қазақстанда жүріп, жүзмыңдаған теңгесін атына заты сай емес қанашама университеттерге сарп етіп отыр деуге болады. Қызық сұрақ, қызық жағдай екен дерсіз. Бірақ әркімнің олай ете бермейтініне мынадай себептер бар:
1) неміс тілін үйренудің мүмкіндігі жоқ (курстар жоқ, сапасыз курстар, т.б.);
2) Германия жайлы ақпарат аз;
3) жалқаулық немесе сылтау;
4) қаржы мәселесі (өмір сүру үшін кемінде жыл сайын 7-8 мың еуро қажет).

Жалқаулық дегеніміз неміс тілін үйренуге деген ынта мен еңбектің болмауы. Ал сылтау дегеніміз неміс тілі қиын ғой, мектепте оқымағанмын оны деген сөздер. Сөз жоқ, қиын тіл. Бірақ одан да қиын деген орыс тілін де үйреніп жатқан алыс шетелдің адамдары бар емес пе?!

Қаржы мәселесі қарапайым халықтан шыққан жастар үшін ғана үлкен мәселе болмаса, байлардың балалары үшін түкке тұрмайтын сомма ғана. Бірақ ол байекелерім үшін Берлинге қарағанда, АҚШ пен Британияның университеттері мен сол жақтың өмірі – престиж. АҚШ пен Британияның ЖОО-ларында оқу қарапайым халықтың ғұмыр бойына жинаған табыстарын қоссаң да, оқу ақысына жете бермейді.

7-8 мың еуро көп, бірақ ...
Тунистен келген екі таныс студент бар. Ешқандай стипендия алмайды. Бірақ Германияға өз қаржыларына барып, неміс тілін үйреніп, университетке түсіп, оқу мен бірге қосымша жұмыс жасап, нәпақасын тауып жатыр. Қиын, әрине. Бірақ амал нешік… Жұмыстың табылғанына да шүкірлік ету керек. Өйткені бір студент қосымша жұмыс жасау арқылы айына 80-140 мың теңгедей жалақы таба алады. Ол ақша өмір сүруіне жетіп жатыр. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы: бай болмасаң да немістердің білімін тегін алып қайтуға болады екен. Ол үшін ынта мен еңбек ету керек екен.

4 жыл мемлекеттік үлгідегі диплом беретін қаншама мемлекеттік ЖОО-ларды бітіріп, соңында төрт жылдық уақыты мен қалтасындағы ақшасынан (жылына 600-700 мың теңге) қағылып, істейтін жұмыс таппай жүргенше, аз да болса қиналып, ел көріп, жер көріп Еуропада тегін білім алып қайту қарапайым халықтан шыққан жастар үшін тақияға тар келмейтін мүмкіндік деуге болады.

Магистранттарға
Германияда (мен білетін оқу орындарында) магистратура дәрежесіндегі мамандықтардың 90-95 пайызы (мүмкін одан да жоғары болар) ағылшын тілінде жүреді. Неміс тілін білместен Немісстанға бара беруге болады. Екі немесе 1,5 жылдық оқуды бітіргенше немісше нан сұрап жейтіндей деңгейде неміс тілін меңгеріп алу керексіз. Бар болғаны сол ғана.
Магистратура да бакалавр секілді бірдей шығынды қажет етеді. егер оқу ақылы болса, екеуінің де ақысы бірдей болады.

Ақшаң жоқ па? Алаңдама, немістер – жомарт
Германияның DAAD деген ұйымы дүниежүзі бойынша білім алғысы келетін ынталы жастарға оқу грантын (стипендия) береді. Көбінесе магистранттар мен PhD дәрежесін алушы докторанттар үшін береді. Барлық шығынды Германия үкіметі өтейді, ай сайын өмір сүруге қажетті соммада шәкіртақы төлейді. «Болашақ» бағдарламасымен салыстарсақ:
ешқандай кепілдік қажет емес;
оқуды бітірген соң елге қайту міндетті емес.
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
сен қалай күн көріп жатырсың? стипендия, жұмыс?
Aizhantabyn
хочу хочу! АЛЛА жазса, 2013)))))
Daniar-Alan
өййй сырт ел дисің… ол албандар ғо кәдімгі… баяғыда көшіп барып тұрақтап қалған…
Daniar-Alan
ағайынымыз ғо
Simona
Сiз Aлбaния мен Aлмaнияны шaтaстырып отырсыз. Aлбaниядa мұсылмaн aлбaндaр тұрaды.
neoman
Пайдалы жазба. Мені соңғы кезде Еуропа елдерінде білім алып қайту мүмкіндіктері қызықтырып жүр еді.

Сен қандай бағдарлама бойынша оқып жүрсің? Бакалавриат не магистратура? Мамандығың қай саладан? Немісше білесің бе?
Aikona
Меніңде оқығым келеді, тағы да ақпараттармен бөлісе отырсаң. Маған геология мамандығының
магистратурасы болса жақсы болар ед. Бірақ мен орыс пен қазақшадан басқа тіл білмейм ((
Simona
ДAAД жaқсы көмек. 90 пaйыз aғылшыншa дегенге сенбейм. Ол белiгiлi бiр фaкультеттерге бaйлaнысты. Көбiнше жaрaтылыс ғылымдaрын (Естественные науки) aғылшыншa оқу мүмкiндiгi кеңiнен тaрaғaн.
Шетелдiктер үшiн немiсше TestDaF немесе DSH тестiнен жaқсы өту керек. Aл aғылшыншa оқу үшiн IELTS не TOEFL тестiнен өту мiндет. Мaгистер деген aз, қaзiр бәрi мaстер.
Егер стипендия жоқ болсa: қaлтaңыздa шaмaмен кемiнде 10 мың евроңыз болғaны жөн. Визa қоярдa Гермaниядaғы студенттiк өмiрдi, оқуды қaлaй қaржылaндырaтыныңызды дәлелдеуiңiз керек. Стипендия жоқ болғaн жaғдaйдa шотыңыздa 8040 Евро болу керек. (блокировaнный счет) Ол шоттaғы aқшaны бaнкомaттaн aй сaйын тек 670 € ғaнa aлa aлaсыз.
Zako
Мaгистер деген aз, қaзiр бәрi мaстер.
Сол мастер біздегі магистрі ғой.
Marco
Жарайсың Зако, өте пайдалы жазба. Шетелде жүргенде африкандықтарға таңқалатын едім, оқуға құштар, толып жүреді қай универде де. Бәрі ерінбегендіктің арқасы ғой. Көпшілігі сол халықаралық стипендиялармен оқиды, бірақ ебін тауып жұмыс та істеп жүреді.
satibaldi
Меніңше айтылған жеңілдік-пеңілдіктерге осы жылдан бастап үлкен еменнің бұтағы қойылатын түрі бар. Неміс қоғамында национал-социализмнің температурасы қызғындап келе жатыр.
«Мультимәдениетті қоғам жасамақ болған ойымыздық күлі көкке ұшты: түріктер әлі немісше сөйлемейд нақ!» ©Анджела Меркель.
satibaldi
«Менің бабаларым мекендеген елдің мұсылман мемлекеті болып кетуін қаламаймын, нақ әкесс!!!» © Тило Сараззин, бұрынғы қаржы Министрі.
Осы амигоға қосылам: барлығын елдеріне қуып тығып, негірлер мен қаңғы арабтарды, басқа да қаззақ сияқты күдікті элементтерді жаптыру керек нақ.
meirzhan
Қара жұмысты кім істейді?
AL-ASTER
Сонда тұрып мекендеуге де жақсы мүмкіндіктер бар. Кепілдікке құнды заттар, көлік қызық емес, жер телімі боса, болад. Косяк шықса сол жеріңді беріп құтыласың.
MINbala
күшті тақырып жақсы ақпарат бердің… тіпті ойланып қалдым әнтек…
monti
ДААДтан басқа қандай бағдарлама бар?
Simona
Бaсқa Болaшaқ бaр  Содaн немiстердiң өздерiнiң неше-түрлi стипендиялaры бaр. Олaрдың қоятын бiр шaрты бaр: оқу бiткеннен соң aлғaн бiлiмнiң өз елiңе, не бaсқa бiр «дaмымaғaн мемлекетке» пaйдaсын тигiз; яғни оқу бiткеннен кейiн қaйту мiндет.