Мұңды мылқау

Қайсар ағай азық-түлік дүкенінде біраз жылдан бері грузчик болып жұмыс істейді. Мемлекеттен алатын жәрдемақысы аздық ете ме, әлде қол-аяғы сау болғасын үйде отыра беруді жөн санамай ма, дүкенде жұмыс жасап қосымша нәпақа табады. Жәрдемақы демекші, Қайсар ағай мылқау. Оны айналасындағылар күнде көріп жүргесін бе ымдасып, саусақтарын қимылдатып түсінісіп жатады. Ол жұмыс істейтін дүкен Ертіс өзеніне жақын болғандықтан бос уақыты бола қалса және демалыс күндері өзен жағасында отырып, алысқа көз тастап ой тұңғиығына батып отырады. Осы ағаймен бір сырласып көрейінші деген ой келді маған. Мылқаулардың саусақты қимылдату арқылы сөйлесетін тілін білмейтіндіктен, қағаз-қаламымды ала бардым. Жағдай қалай, тыныштық па, бәрі ойдағыдай ма деген қалыпты амандасуды қол алысып, бас изесумен түсіністік. Қайсар аға, сіздің арманыңыз бар ма, не айтасыз деп қағазға жазып көрсеттім. Егер сырласатын адам болса, сыр шертуге оның дайын екені жанарынан байқалады.
Оның жазғаны: мен жастайымнан жетім өстім, балалар үйінде тәрбиелендім, ананың жылы алақаны дегенді сезу бақыты маған бұйырмады, тек Алла тағала менің қол-аяғымды балғадай қылып жаратты, сол қара күштің арқасында қосымша жұмыс істеп жүрмін. Балалар үйінен көрген бір жақсылығым әріптерді оқып-үйренуге сауатымды ашты. Дегенмен, мылқау болғасын ешкімге керек емессің, ешкімнің сенде шаруасы жоқ. Менің бір ғана арманым бар. Ол айналаңдағы адамдардың, мынау өзенде жүзетін теплоходтың, ұшып жүрген құстардың, қаладағы сансыз көліктердің дауысын есту. Түбі бәріміз де өлеміз ғой. Сонда мына жалғанда бірде бір дыбыс естімей кете берем бе деп егілемін. Қағаз-қаламды қолыма алдым да, ағай бір жерден оқығаным бар еді не болса да жазайын, уайымдамай түсінуге тырысып көріңіз дедім. Басын изеді. Менің жазғаным: Адам өлер сәтінде, жаны кеудеден шығар кезде көзі, құлағы, тыныс алу жолдары бәрі ашылып, (яғни бұл дүниеде адам көріп, естіп, сезіне алмайтынның бәрін көре алады екен) екі дүниенің де адамзатқа құпия сәттерін сезе алады екен. Менің жазғанымды оқыған ағай мырс етіп бетіме бір қарады да орнынан тұрып жүре берді.
Арманына қол жеткізер жолды көрсете алдым ба, әлде күпті көңіліне онан әрмен қайғы жамадым ба білмей мен қиналдым.
Бөлісу:

16 пікір

balenti
мүмкін, әбден өлерде оның маған керегі қанша дегені шығар?!

Біздің офиста «дворник» болып мылқау жігіт жұмыс жасайды, тек осы офиста емес тағы да "Құлагер Жайық" деген орталықта дворник екен… Еңбекақым 45 мың шығады дейді телефоннын смс арқылы хат алмасып екеуміз… езуінен күлкі кетпейді, анадайдан күтіп тұрып амандасады, приколға жақын өзі… атын білмедім…
Abilakim
бізде де бір мылқау жігіт бар жұмысшылар бригадасында, келіншегі де бізде еден жуады.Ол бірақ қысқа-қысқа сөйлейдіЕкіге толар-толмас жастағы балалары бірдеңе деп былдырлап жүреді әйтеуір.
Abilakim
арманжан, ана сөздеріңнен кейін ол жігіт өлуге ұмтылған жоқ па?
Aldeken
Жалпы Арманжанмен кездескен адамдарың екінші рет кездеспей кететін тенденция жоқ па өміріңде?
Armanjan
кеше көрдім, бұрынғыдай тірлігін жасап жүр, бірақ не шешімге келдіңіз, қандай ойыңыз бар деп сұрау біртүрлі сияқты, соны айтуын айтып ап өзімде біртүрлі боп жүрмін ғо
Abilakim
не шешімге келдіңіз не сенің? Өлімге итермелегің кеп тұр ма?
Armanjan
жоға енді, өткендегідекейін көңіл-күйіңіз қалай деуге бата алмай жүрмын ғой
Nurgisa
Арман, өткендегі келіншек не болды, со бойы көрінбей кетті ме?
Abilakim
Арманжан, Қайсар ағаң қағазға «Мен сенің ана келіншекке не істегеніңді білемін» деп жазып берген жоқ па?
Armanjan
жет жұтқандай, зым-зия.
Nurgisa
«Ботақаным, сәседінен аумай қалған»…
Әйтеуір, арты қайырлы болсын, Арманжан.
Өзіңді кім ретінде сезінесің? құтқарушы?!
Armanjan
30 пайыз құтқарушы, 70 пайыз сатқын ретінде сезініп жүрмін.
Nurgisa
Аха, түсіндім, басыңнан беліңе дейін құтқарушы…
Armanjan
Жалпы осы мылқаулық қалай пайда болады екен. Біреулер айтады тұқым қуалайтын ауру түрі деп. Бізде ауылда мектепте жылыту қазанына от жағатын, ал әйелі техничка бос істейтін ерлі-зайыпты мылқаулар болды. Бірақ балалары ұлы мен қызы еш кемдігі жоқ, сөздері дұп-дұрыс болды. Сонда тұқым қуалайтын деуге де келмейтін сияқты.
Abilakim
тұқымды тек бір-ақ ұрпақпен өлшемейді ғой