Емшінің “шипасы”

Ауылдан нағашы ағамыз хабарласып, Гүлжиян тәтеміздің соңғы кезде сырқаты сыр беріп жүргенін, сол үшін қалаға барып дәрігерге көрінуге бел байлап отырғандарын жеткізді. Тәтемізді күтіп алу, баратын жеріне апару, қайтадан шығарып салу сияқты шаруалар маған қадалып тұрып міндеттелді. Сонымен уәделі күні тәтеміз де аһылап-үһілеп жетті-ау қалаға. Қай ауруханаға, қандай дәрігерге апарайын десем, ешқандай ауруханаға бармайтынын, халық емшісіне көрінетінін, тіпті оның мекенжайын тілдей қағазға жазып алып келіпті. Ауру адам тырысқақ дейді, бәлін жылда бір келгенде, сөзді көбейтпей ана емшіге апарсаңшы деп төтесінен қойды. Хош, сонымен қағазға жазылған адрес бойынша халық емшісінің үйіне де келдік. Алдымызда алты адам бар екен. Күте-күте біздің де кезек жетті. Тәтем ішке енгесін, тілеуін тілеп мен қалдым. 25 минуттан соң шықты. Бір сеанс алған екен. Емшінің айтуынша өті толған, бүйректе тас бар, жүрек тамырларының бірі қысып қалатын көрінед, бауыры біраз үлкейген. Шөптен жасалған бірнеше дәрінің түрін беріпті және ауылға қайта беруіне болатынын айтып, қалада отырып ауылдағы науқасқа сеансты жалғастыра беретінін айтыпты. Бір жарым айдың ішінде құлан-таза жазыласың депті. Не болса да қалаға келіп тұрғасын диагностикалық орталықтан өтіп, анализіңізді біліп қайтсаңыз қалай деген сөзіме тәтем жақтырмай қарады. Сонымен таңертең емшіге қаралған тәтеміз, түс ауа ауылына қайтты…
Арада үш күн өткесін нағашымыз қоңырау шалып жатыр, тәтелеріңді скорыймен алып кетті, областнойға апарады екен хабарласыңдар деді. Сөйтіп тәтемізге операция жасап жаны қалды. Диагнозы асқазандағы жара екен.
Бөлісу:

7 пікір

araika
Уот! Осылай қателесіп жүрген адамдар қаншама? Тіпті, қазіргі уақытта емшілер деген өріп жүр ғой, оның үстіне ескіліктен арылмаған қазақ…
Abilakim
емшілердің кесірінен қаншама адам мүгедек болып,қаншама жан жақындарынан айрылды десеңізші… Бұлар жалпы ауруларды айта береді, бүйрек,өт дегендей...әйелдерге «женский» ауруларды айтып… Тісің ауырады деген емшіні әлі көргенім жоқ
asaubota
сынықшы, шөпші болмаса былай емші-домшыға сенбеймін.
salta
2001 жылы бел омыртқамды ұрып алып, жүруден қалдым. 2 ай жүріп дәрігерлерден бір тілім қағазды алып, ауылға қайттым, оқуымды тастап. дәрігерлер екі айда неше түрлі диагноз қойды. енді олардың есігінен сығаламаймын деп әке-шешеме жылап, көрші аудандағы емшіге апарыңыздар деп отырып алдым. сал болып қалған мені 2 айда аяғыма тұрғызып берді. түрлі шөптер мен жануарлардың майын қосып дәрі жасап, массажбен тұрғызды. емшілердің бәрі бірдей емес…
Janasil
Саған көмек ьерген «Халық емшісі» секілді. оларға сәл сенуге болады.
Janasil
Емшіліктің нағыз етек жайған жері Жетісай өңірі секілді. Әр көше сайын емші., тәуіп. Біріне бірі адамдарды лақтырып отырады. /типа анаған барып кел сосын мен қараймын деген секілді/. Тазалау деген бірдеңе бар екен. Типа аузыңнан қара бірдеңелерді шығарады. Оларға бір бас сұққан адамдардың қайта басын алып шығуы қиындау.
Armanjan
Менің әкемнің ағасы бірнеше жыл өті ауырып мазасы кетіп жүрді. Дәрігерлік тексеріс бойынша өтінде тасы бар деген. Операцияға баруға жүрегі дауаламай қашқақтап жүрді. Павлодарда Мариям деген халық емшісі болды. Жергілікті газетте жарнамасы өте күшті. Не болса да соның алдынан өткісі келді ма, бір ай әуре болды емін қабылдап, әр қабылдауы ақылы. Бірақ содан еш нәтиже болмады ғой. Бәрібір операция жасатып тынды.