"Мәдениет" кітапханасы жабылғалы жатыр
Бүгін Алматыда Байтұрсынов-Қарасай батыр көшесінде орналасқан «Мәдениет» кітапханасы жабылғалы жатыр, кітаптары сатылымға шығыпты дегенді естіп кітапханаға бардық. Шынымен, ішінде адам көп. Алғашқы күні-ақ, қазақша кітаптарды талап алып кетіпті. Кітапхана 40-шы жылдардан бері қарай істеп келеді екен. Сондағылардың айтуынша, бұл жерге Есімов колбаса сатылатын дүкен ашады екен. Екі айдан астам уақыт болған кітаптың сатылып жатқанына. Қаншама газет, журнал тігінділері, жалғыз данадан қалған қазақ әдебиетінің алтын жауһарлары кетті… Қазақша кітаптарды табу қиын, дегенмен әлем, орыс әдебиеттерін алуға болады. Жекеменшік университеттер тіпті, кітап сөрелерін де сатып алып жатыр екен. Тв-дан көрсетсе де, мұнда шенеуніктерден ешкім келмеген. Сағат он бірден төртке дейін асыл уақытынызды қиып барсаңыз, қаншама жауһар арқалап қайтасыз. Жүз теңгеден кітаптар. Тек шашылып жатқан кітаптардан өзіңізге керекті дүниені іздеп табу қиын. Қайран қор болған кітаптар ай…
жергілікті керекшілерден түсіндірме берер жан бар ма
Умберто эко болса satibalar едім
www.youtube.com/watch?v=sAA2OIrYzYo
кітап десе кесесін үстелдің үстіне қоятынның бірі едім
сонда көп дүние бар
бірақ онда да кітапхананы қимайсың, андай* нәрсеге...