Махаббат пен достық
Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” — деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады. Ал осы екеуі бір-біріне кедергі бола алады ма? Әрине, өмірде махаббаттың достыққа кедергі болатын жағдай жиі кездеседі. Өкінішке орай, өмірде достықтың да махаббатқа кедергі болатын жағдайын кездестіруге болады. Яғни, махаббат жылатқан жерде тек күлкі сыйламай, сол жасқа себепші өзі болып жылатып та кетеді…
18 пікір