Пианист алғысы - журналист қуанышы

«Айжан рахмет, ата-анаммен көріп, мәз болдық!» — осындай сөздерді естігенде, қалайша мәз болмайсың?!) Иә, журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой… (әрине бұл жерде менің асыра сілтеушілігім байқалады). Өмірде барлық қызмет түрлеріне тек осындай алғыстармен төлесең ғой, шіркін! Бүкіл әлем қызғылт (розовый) түске боялып кететін шығар, ондайда.

Алайда менің айтайын дегенім ол емес. Сіздерді пианист, белсенді қоғам мүшесі және де жай ғана көркімен айналасын жарқыратып жүрген жас қыз Алма Мұқанмен таныстыру. Музыканы, оның ішінде гүрс-гүрс еткен рок емес, әсем де әсерлі классикалық музыканы өмірінің ажырамас бөлігі ретінде көретін Алманың бойында жігер де, қайсар да бар. Әрине, күн сайынғы 5-6 сағат бойғы фортепиано жаттығулары мен сансыз ноталарды жаттау әркімнің-ақ мінезін қатайтатын шығар… Сондай-ақ белсенді түрде түрлі шараларға қатысуы, жастар ұйымында жұмыс істеуі оның жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетеді.

Екеуіміздің таныстығымыз, сонааауу модельдік өткенімізден басталған. Содан бері қаншама жерлерде бірге болып, талай қызықтарды бастан кешіргенбіз. Бір байқағаным, Алманың бойында, мүмкін өзі байқай бермейтін, әйелдік мінездің ең қуаттысы жиналған. Өзімнің адамдарды кітап не кино кейіпкерлеріне ұқсататын әдетім бойынша, мен оны кейде сыған қызы Карменге, кейде Толстойдың Анна Каренинасына ұқсатамын.

Кейде өзінің бар қаруын іске қосып, жанып кетердей болса, кейде жұмсақ мақтадан жаралған мамықтай монтия қалатын әдеті бар. Не де болса, өмірде кез келген адамда бола бермейтін, алайда қуаты күшті «харизма» деген Алмада бар нәрсе. Тек оны керек кезде іске қосу не қоспау барлық әйел затына сай оның көңіл-күйіне байланысты.

Бұл жазбаны Алмамен танысудың кіріспесі деп біліңіздер) Пианист қызбен толықтай танысу үшін, «Екпіндегі» сұхбатты оқи отырыңыздар.

P.S айтпақшы, Алма пианино бойынша сабақтар да жүргізеді, қызыққандарыңыз болса, толық мәліметті сұхбаттан таба аласыздар
Бөлісу:

8 пікір

Esmeralda
сіз модельсіз бе?
aizhan
негізі болғанмын
Esmeralda
қандай күшті, суреттерінізбен пост салыңызшы
asaubota
осындай қаракөз қазақ қыздары болмаса бұл іс болмайды!
VKM
aizhan,ұнады, пианистка қыз да әдемі екен.
Шынымен, жаман қыздар туралы оқығаннан жалықтық, жақсы,үлгі болар қыздар туралы оқыған қызығырақ.
Жаңа сұбхаттар күтемін
FaraOn1
журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой
Журналисттердің де түр түрі болатынын ұмытпау керек) Яғни журналюги, журнашлюхи, журналохи, журнализы
FaraOn1
Журнашлюхилар өзінің дұшпандарын ақшаға айналдыратын нақырұстардың бірі