Берлин, Берлин....



Керекинфоның қолданушылары мен қонақтарына сәлем!

Бір отырғанда жазбаны «Бүйірі көз шағылыстырар ақ лайнер ақша бұлттарды тілгілеп аспанда қалқып келеді. Бір табан болса да бізге, жоқ, керісінше, біз оған жақындаған күн сәулесін ұшақ қанатының ұшына іліп қойыпты. Алда „Ай, Ыстамбұлдан Азаулының несі кем“ деп Доспамбет жырлаған түріктердің бүйір толыртар, қарын тойғызар қаласы, одан соң Берлин. Рейхстагқа ту тіккен қазаққа қатысы бар қала… Қайран, қазақ, басың қайда қалмаған...» деп бастайын дегем 

Екі күн болды Берлиндемін. Алла жазса, келесі сенбіге дейін осы жердің дәмін тату бұйырып тұр.

Конрад Аденауэр атындағы қор деген ұйым бар. Бұл жақта осы қордың жас саясаткерлер мен журналистерге арналған бағдарламасы арқылы жүрміз. Мақсат — германиялық жастар және саяси ұйымдардың қызметімен танысу. Ертеңнен бастап күн сайын кездесу болады. Ол туралы сіздерге толық мәлімет беріп отырамын деген үміт бар.

Кеше жолдан қалжырап келіп бір-екі көшені кезген соң құлай кеткен едік, бүгін таңертең тұрып атақты Мұражайлар аралына тарттық. Өкінішке орай (арнайы эстетика93-Назира үшін: қарай), тек Ескі мұражай мен Жаңа мұражайда ғана болдық, қалғандарына уақыт жетпеді.

Шыны керек, әсер осындай мықты болады деп ойлаған жоқпын. Он тоғызыншы ғасырдың басында салынған ескі мұражайдың ғимаратының өзі қарауға тұрарлық дүние. Үлкен-үлкен колонналары шұрық-тесік, жамау-жамау, тесілген оқтың ізі, қара күйе басып қалған. Екінші дүниежүзілік соғыстың «естеліктері». «Неміспісің» деп біздің халықтың айтатыны бар ғой, сол келді ойыма — өзім ескі мен жаңаны осылайша шебер үйлестіруді алғаш рет көрдім (елден шықпасаң қайдан көресің).

Ескі мұражайда не бар дейсің ғой. Бәрі бар. Антикалық дәуірге қатысты дүниенің бәрі бар. Егер сіз мен сияқты кішкентай кезіңізден «Ежелгі грек мифтері мен аңыздары» деген кітапты жата-жастана оқып өссеңіз, онда Ескі мұражайға бармай қоюыңызға болмайды (тура түсінетіндерге: болады, әрине, әсірелегенім ғой). Немей арыстанымен алысқан Геракл бейнеленген қыш құмыра, ежелгі грек колонналарының қалдықтары, қару-жарақтар және ең бастысы мүсіндер. Жалшы баланың мүсіні, Афинаның басы, Герместің тасы дегендей… Ғимараттың дәл ортасында "Құдайлар залы" (өзім осылай атадым) деген бөлме бар екен. Қабырғасына жағалай Олимп билеушілерінің мүсіндері қойылған. Көшірме деген күдігім болды, бірақ шеберлік теңдессіз.

Жаңа мұражай айтарлықтай қызық болған жоқ (сірә, алдыңғысының әсерінен шыға алмасам керек. «Смаковать» етіп, бір-бір күннен арнау қажет екен). "Ғашық" болған экспонатым — қырынан қарағандағы бейнесімен танымал атақты Нефертитидің бюсты болды.



Мысыр перғауындарына табыт болған саркофагтар мен грек һәм рим ойшылдары ойланып жазған папирустар секілді ежелгі тарих мұраларын осы мұражайдан табасыз.

Түстен кейін қала араладық. Берлин қабырғасынан бастап Бранденбург қақпасына дейінгі біраз жер шарланды, суретке түсірілді, ц-ц деп таңдай қаққызды.

Берлин — Еуропадағы мен ғашық болған алғашқы қала. Сезім тұрақсыздық танытуы мүмкін, бірақ, алғашқы махаббат ұмытылмайды.

Бұл жақта жаңбыр, жел, қара суық.

Суреттер алда салармын, қазір техникалық себептерге байланысты шығара алмай отырмын.

Бөлісу:

56 пікір

patick
Қызықтырып қойдың. Пиві алып келш, басқасы басқа
qisyq
Пиво жақсы екен. Біздің сыраға енді қарай аламын ба, жоқ па, белгісіз, бетім бері қарамайтын сияқты:*)
Abilakim
Анау, жауын жауғанда даңғырлайтын үйге кіріп көрдің бе?
VKM
Қисық,. Тағы репортаждар жазшы)
Берлин — Еуропадағы мен ғашық болған алғашқы қала. Сезім тұрақсыздық танытуы мүмкін, бірақ, алғашқы махаббат ұмытылмайды.
Байқа, жүрме сосын 100 рет ғашық болып.Басқа қалалар да бар ғой, Берлиннен әдемі
Nurgisa
Берлин — Еуропадағы мен ғашық болған алғашқы қала.
Бұл жақта жаңбыр
Сендегі романтизм мен лирикаға әуеспіз…
asaubota
футболға да барып қайт
konvict
Уот, осыған толық қосыламын
qisyq
Уақыт болса, Аршат. Кестеміз тым тығыз. Бірақ, барын салып жатырмын енді.
patick
Сендер әлі ұйықтап жатқан шығарсыңдар ә, Қисық
Бізде сағат 11.
Abilakim
Сендер…
Aldeken
Олар?
Nurgisa
Патик киномандас сырласының қайда, қанша екенін мүдірмей дөп баса айта алатындай хабардар болуына алғышарттардың түгелі бар болуына петропавл қарағанда…
AKY
ЖынД репортаждар күтеміз!
asaubota
сауна-мауна, пибі-сибі жағы қалай екен Димаш? жігіттер әлі апарған жоқ па ондай мәдени орындарға?
qisyq
Пибі-сибіні көрдік, саунасына әлі шықпадық. Сыра тамаша. Тамызда Сыра фестивалі болыпты…
Simona
 Becks? Radeberger? Warschteiner? König Pilsener?
asaubota
айтпақшы ноутбук-соутбугыңды байқаш көкем
Aldeken
жалпы алған әсерлеріңді келгесін бөліссең де ешкім ренжімейтін болар…
Gulzhanat
«Шиндлердің тізімін» көріп алып, артынан Ремаркті оқуды бастап кетсең, ол жақта әлі гестапо ойран салып жатқандай әсерде жүреді екенсің )
Тағы жазыңызшы, до мелочей.
qisyq
Рахмет) Жазамын ғой. Шиндлердің тізімін көргелі отырмын қазір) Айтпақшы, жаңа кеште Берлин қабырғасының мұражайында болдық.
monti
уай қандай күчт сенің жұмсың
кеше мет? сабаққа шақырып атқандай боп едің, уже еуропта жүрсің
Zilola
менi неге алып кетпедiн?
жаксы кыдырып кел!
TERISKEY
(арнайы эстетика93-Назира үшін: қарай)
ол 91ғо дейм
AKY
ғо дейм деп өтірік нетпей, айтшиш нақты 91! деп
Simona
Мiнжерде болдың бa?
Simona
 Мынa сұреттi қaлaй кiшiрейтем?
asaubota
файл аты dsc деп басталатын суреттер кішірейтілмейді
satibaldi
Ол кісі холокостты отрицает, қазір полицияға звондауыңа болад
qisyq
Болмадым. Бұл қай жер?
Simona
Берлинде өңшей хиппилер  Бiр жолы шaшы ұзын бiр еркек үстiне aқ қойдың терiсiн жaмылып aп жaлaң aяқ кетiп бaрa жaтыр. Ешкiмдi қaтты тaңқaлдырмaйды сондaй көрiнiстер. Мен уaқытты керi келтiрсем, бiрден Берлинге бaрaр едiм оқуғa! Ол жaстaр қaлaсы. Тұрaр жер де aрзaн бaсқa aстaнaлaрғa қaрaғaндa, тaмaғы дa aрзaн, студенттердiң aрмaнындaғы қaлa
boztorgai
мюнхенде болдың ба, шоқайға мінажат қылдың ба дегенде, бетімді орып алған осы симонқыз ба еді, мұтып тұрғаным
Simona
 есiмде жоқ екен. Мiнәжәт еткенi несi? Қойыңыз ондaй күфiрлiк жaсaмaйм
boztorgai
есіңізге салуға тура келеді онда:
ескі орхон-solai.de жазбаларынан: 15.02.2009 ж.

make: мюнхенге жол түсіп бармадыңыз ба, алаш арысы мұстафа шоқай
басында болдыңыз ба дегенімде

• Simona: мен неге онда баруым керек екен. екі туып бір қалғаным ба
meirzhan
SimoLeaks — шындық түбінде ашылады ғой.

Бұл архивті сақтап алғансыз ба?
Simona

солaй.денi aрхивтегенсiз бе?
Мұстaфa Шоқaйдың өмiрде бaр болғaнын Гермaнияғa келгенде бiрaқ бiлдiм. Мюнхенге бaрып қaлуым дa мүмкiн, бiрaқ aрнaйы Шоқaйдың қaбiрiне соғaм деп aйтa aлмaйм. Өйткенi бұл әрекеттен өзiм үшiн ешқaндaй руһaни ляззaт көрiп тұрғaм жоқ.
patick
ешқaндaй руһaни ляззaт көрiп тұрғaм жоқ

Мастұр батырға мінәжат ету құрлы ләззат ала алмайсыз ба тіпті?
boztorgai
менің мектеп қабырғасындағы ныспым штирлиц болатын
boztorgai
мұстафаның құнын даулап отыр деп қалдың ба
Zako
Гейр Қисық деді ме немістер?