Көрінбей кеттің сен неге?

VKM көрінбей кетті! Пікір де жазбайды, жекеде де жауап жоқ.
Жалпы, ол кісіні көргендер бар ма? Әлде, құдайы көрші болған менен бастап, барлығымыз арманда кетеміз бе? Шын сөзім, виртуалда ғана әңгімелескен адамнан мұндай позитивті әсер аламын деп ойламаппын. Титтей нәрсені көріп (оқып) балаша қуанатын адамдар сирек. Кір іздеу міндет емес.

Жұмысқа жаяу барамын. Қашық емес, жиырма-ақ минутта жетуге болады. Дөңгелек алаңның үстіндегі көпірмен жүрем. Мына қызды бәріңіз білетін шығарсыз.

Бұл қызбен, Астанаға келген күннен дос болдым. Өткен сайын сәлемдесіп кететінмін. «Сәлем! Қал қалай?» Қазір, «Сәлем ВКМ! Қал қалай?!» дейтін болдым. Бірақ, бәрібір жауап жоқ!
Енді, «Не дейсің бізге аптыр» деген ой келіп отырған шығар бәріңе. Не дейін… Мүмкін ВКМ керекшілердің келесі кездесуіне келетін шығар. ))) (Анреал емес шығар әйтеуір)
Пы.Сы. Менің келіншегім қызғанбайды!)))
bk
Бөлісу:

68 пікір

asaubota
иә, ВКМ мен Айжанның позитивтері жетіспей жүр…
balzaminka
оһ, Марко, жақсы көтердіңіз тақырыпты. Венерджон керек бізге
a63a1
Ия ВКМ-сыз құлазып жүрмін, агентте де жоқ
neoman
Аппақ көңілді кішкентай қарындасымыздың шынайы және сонысымен тәп-тәтті келетін пікірлерін мен де аңсап жүрмін
asaubota
сен өзің де көрінбейсің ғой
AKY
инерциямен жазып кеткен шығар
neoman
Анда-санда қарап қоям ғой. Жұмыстан қол босамай кетті соңғы кездері. Жазып тұрам ғой міндетті түрде
VKM
 рахмети, Марко.Айттым ғой, келіп жаңалықтар оқып жүремін деп,өзіме установка бердім: тек таңертең не түнде ғана кіремін деп.Енді мынандай постқа өзімше болмай-ақ жауап жазайын дедім.Әрине,1 жыл отырған сайтты 1 күнде жауып кете алмайсың және маған жалпы халықпен отырған ұнайды. Ювижнді оқып, мүмкін сонда «көшемін» деп ойлағанмын, бірақ мен орыстармен, шалақазақтармен күнде қырыламын деп ойладым. Кейбіреулерінің пікірімен 100 пайыз келіспейді екенмін.Ал мұнда көбіне бірдей ойлайтын адамдар отырады ғой.
Рахмет постыңа Марко, саған да үлкен сәлем.Ана ескерткіштегі қызбен сәлемдескенде, саған сәлем айт дегенмін, айтты ма?
Бальзамин,қайттың ба Үндияға?
Абзал, прицеплять еттің бе? Жақсы хабар екени)))
Неоман, спс)))
АКУ, сенің әніңді тыңдап жүрм, келді ме саған «шынайысы»:)
Блогкэмпке келемін дедім, келемін! Танысамыз, иншАллаһ.
Сонымен мен қайтып келдім бе,өзім де түсінбей қалдым… хехе
TERISKEY
Қош келдің
VKM
уәде, уәде, тек 1 рет қана кірем)))
TERISKEY
Бірақ өз аккаунтыңмен кірівотрии, сығаламай, біліп отырайық хотя бы кірівотқаныңды
Marco
Еее, бәсе! Осылай бір сәлеміңді жеткізіп кетсей, ара-тұра)))
Aldeken
Не ғо, өткенде ВКМ сені көрдім деп ед, содан кейін-ақ, былай сырғақсып, көп келмейтін болып еді…
соған қарағанда түріңнен түңіліп кеткендей ма, қалай өзі…
Marco
Ойларыңның қараңғы тұстарына тарта бермеш-әй!!! Сенің мына коментіңнен кейін, тіпті менің жампозым да қызғанып қалуы мүмкін!!!
Aldeken
Ойларыңның қараңғы тұстарына тарта бермеш-әй!!!
көлеңкесінен шыға алмай қалам деп қорқывотсың ба?
VKM
Алдекен, керісінше
Неге осы норм жігіттердің бәрі «женатик»?
Daniar-Alan
Неге осы норм жігіттердің бәрі «женатик»

бойдақтар ушівөлңдер
Aldeken
не ғо, Даник, қатты қуанба
Неге осы норм жігіттердің бәрі «женатик»?
деген сөз женатиктердің бәрі норм жігіттер дегенді білдірмейді…
Daniar-Alan
Сіздің нандай кеніңізді білмеппін…
meirzhan
өзіме установка бердім: тек таңертең не түнде ғана кіремін деп
Ең бастысы уақытыңды тиімді пайдалануыңа сеп болар.
VKM
шыни… дипломды бастап кеттім)))
Daniar-Alan
Блогкэмпке келемін дедім, келемін! Танысамыз, иншАллаһ.

деп лақтрып кетПт дид ел аузындағы аңыЗ…
Zilola
Бұл қызбен, Астанаға келген күннен дос болдым. Өткен сайын сәлемдесіп кететінмін. «Сәлем! Қал қалай?» Қазір, «Сәлем ВКМ! Қал қалай?!» дейтін болдым. Бірақ, бәрібір жауап жоқ!
© «Я Легенда», Уил Смит )))
Marco
 Көрмеппін ол киноні! Көру керек болды ғой)))
Aldeken
Бір ЖК-да екі пәтер ұстауыңа қарағанда, сюжеті келіңкірейд, инфинитиіңдіссс…
VKM
мен пәтер іздеп жүрмін,1 бөлмелік, Инфинитида болса тіпті жақсы болар еді.Жарнама қарап, таппай отырмын(
Zilola
Уил улкен калада жалгыз озi калып, дукендегi манекен кызбен сойлесiп журедi )))
Gastarbaiter
Wilton, W-i-i-i-ilto-o-o-on! © «Изгой» Том Хэнкс
Daniar-Alan
© «Я Легенда», Уил Смит )))</blockquot
шім ай шім
bazuka
Бұл қызбен, Астанаға келген күннен дос болдым. Өткен сайын сәлемдесіп кететінмін. «Сәлем! Қал қалай?» Қазір, «Сәлем ВКМ! Қал қалай?!» дейтін болдым. Бірақ, бәрібір жауап жоқ!

© «Я Легенда», Уил Смит )))
Зи қатырасын)))))
Aldeken
Бұл қызбен, Астанаға келген күннен дос болдым. Өткен сайын сәлемдесіп кететінмін. «Сәлем! Қал қалай?» Қазір, «Сәлем ВКМ! Қал қалай?!» дейтін болдым.

Әйтеуір гүл апарып, кездесуге шақырмаған шығарсың деп үміттенем, сәттіизумикишлагыңдысссс… (ал, енді жампозыңа түсіндіріп көр бұл комментті)
Marco
Сауысқан, лібә!
KILYZAMAN
Қайсысың, Керектің сүйкімдісін ренжіткен?
Gastarbaiter
Бұл жолы мен емес
VKM
ооййй сссен де…
VKM
Ешкімге ренжімедім аға,өзімнен болды қателік.Бірақ… бір өзгеріс болды. «Все что не делается к лучшему»
Janasil
Marco мынадан кейін керектегі қыздардың бәрі еркелеп жүрмесін, бір-екі минусты көтере алмай.
VKM
Janasil, иә, дұрыс емес бәрі.Тек дәл сол кезде солай ойладым. Қазір басқаша.Болады ғой,«крокодил не ловится, не растет кокос» деген жағдай. Менде қазір дәл солай: сессияға жверми қойды, кісі жоқ, диплом тақырыбын сессиясыз бермей, кеше әзер алдым. Қасымдағы қызбен келіспей қалдық, темекі шегеді,1-ақ комната болғасын, киімнің бәрінен темекі иісі шығады, ешқандай парфюм шығара алмайды.Ыңғайсыз екен(Сосын, мына керектегі жағдай.Ееее, мұткетіппін ғой, жалпы махаббат тақырыбында да проблема.
Ана жылы осы уақытта,үйде, папам мен мамамның қасында, еш уайымсыз жүрген едім.Респект ата-анаға! Оларға жететін адам жоқ өмірде. Бірақ… қиыншылық көру де дұрыс шығар, теплицада өскен өсімдік сияқты болмай.
balzaminka
бәрі де жақсы болады Еш мұңайма
VKM
Рахмет, Бальзамин
satibaldi
Иә, темекі тартатындардың құқығы осылайша шектелуде((((
VKM
свободу попугаям курящим
satibaldi
Даже ночнушкаларыңа да сіңіп қалды ма темекінің иісі?
satibaldi
Лібә, еще қаныңды қайнатып, штучный «Прима» шегетін шығар, а?
VKM
Аты есімде жоқ, облегченный, дизайны әдемі, дамский бірдеме.Ренжісу, мен дүкенге барарда алып келшіден басталды.Мендей болтушкаға 2 күн сөйлеспеу деген енді рекорд)За то подъезде тартып жүр((((
Daniar-Alan
сессияға жверми қойды, кісі жоқ, диплом тақырыбын сессиясыз бермей, кеше әзер алдым.

ол күндер де өтті десеңЧ
VKM
Қазір бәрі норм))))Қайдағы тақырыпты қайдан тауып аласыз. Сізге «Керектің археологы» атағын без обсуждения беру керек))))
Daniar-Alan
Сізге «Керектің археологы» атағын без обсуждения беру керек))))

Гаста да осыны айтып ед кеше
Marco
Мда, содан бері әлі көрінген жоқ бұл жан )))
Gulistan
Неге? Жүр ғой осы маңда. Жақында диплом алып, қуанышы қойнына сыймауда
Daniar-Alan
кеше ғана өттік осының астынан Аза екеуміз… Аза айтты «ВКМ ғой» деп…
Aldeken
кеше ғана өттік осының астынан Аза екеуміз… Аза айтты «ВКМ ғой» деп…
Аза уже адамды астынан танитын қасиетке ие болған ба, не?
aza
Алдеке, алдында мерекеңізге барғанда сіздің үйдегі жеңгейді де бір көргеннен, айтқызбай таныдым…
Daniar-Alan
aza
«Кәусар» халал кешенінің екінші қабатына көтеріліп келе жатқам. Жеңешем екінші этажда тұр екен со…
Aldeken
Бәсе, Азаның мойнының размерін қайдан білесің деп сұрасам, ееее, ол қайнымның мойны да сенікінің мойнынан кішірек келгені есімде деп ед, бір терлеп отырып, сырын ашып қалғанда, жеңгең…
VKM
ужс, Алдекен.Папама айтам ғой дим
Abilakim
кеңк-кеңк)))
«Түйеңіздің құйрығы шолақ, бір көзі соқыр ма еді» дейтін білгіштер далада қалды десеңізші)))
Tyulpan
не ғой, VKM-ды сонау солайдан білетін едім. сол күндер жақсы еді зүүүүүүүгіріп ойнайтын… одан кин жастарда болдық… содан бері бірталай уақыт өтіпті… адамдар да өзгеріпті, олардың өмірлері де өзгерген сияқты… виртуал болса да арасында қыз-жігіттермен төбелесқап жылайтын едік, оған біздің жігіттер күлетін еді… ренжіткенді де, ренжітпегенді сағынкеттім… эххх ностальжи бокетті ғой өзі  

так ышто жоғала көрмеңіз VKM-ка  йахуууу
VKM
tylpan, иә, осы казнетте отырып ,әжептәуір жасқа жетіп қалдық. Келегенің қандай жақсы болды.Сен де енді кетпеші.Зүгіретінде кім еді? Сакен аға, сен, мен, Мадина)))Иә, настальжи.
Tyulpan
аха, мен дажы кімдер нақты зүгіргенін мұтқаппын. әйту стройға тұрып алп зааааааааарысатын едік. жаман көңілді болатын шы... 

соңгин қазнетке кіруге уақыт та болмай кетті ғой өзі. жүрегің қазақ деп соққаннан кин, бәрібір сағынат кенсің.