Енді мына бір жаңа телехикаяны көрейік. Әуе. Жер. Ғашық




Бұл Жер мен Көк секілді бір—біріне мүлде ұқсамайтын апалы-сіңлілі Хавва мен Топырақ туралы хикая. Тағдырдың жазуымен екі қыз да бір жігітке ғашық болады.
Фильм желісі бойынша Топырақтың сәбиі шетінеп кетеді. Ал, Хавва өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Ол екеуі бір-біріне мүлде ұқсамайды: біреуі мұңға батып, торығып жүр. Ал, Хавва тәкаппар да еркін қыз, ол қашанда діттегеніне жетпей қоймайды. Олардың өмірінде Юсуф атты жігіт пайда болады. Оның таяуда ғана сүйіктісі қайтыс болып, жас сәбиімен қалған еді. Бұл үшеуінің де алдында тағдырдың қатал сынағы тұр. Тек әзірге оның қандай қиын боларын ешқайсысы да білмейді.

Атауы: Yer Gök Ask
Бөлісу:

82 пікір

vebred
Халайық кешірім өтінем!!! Пікір жазуға баршаңызға рұқсат!!! Керісінше, сіздердің пікірлеріңізге зәру екенімді баса айтқым келеді!!!
Abilakim
Нұрғиса мен Аршат не дер екен?
satibaldi
Мен бұл құсық киноға қатысы жоқ пікір айтсам деп едім.
Очм, өз тасым дүйсенбі күні коммерциялық телеканалдардың демалғанын құп көрмеймін. Епті, тек қаззақта ма деймін осындай жәйт. Айтып бар ана бастығыңа. Дүрдараздың бешпетін тігем деп жатыр де.
vebred
Сонымен сіздің жауакбыңыз «жоқ» қой)))… Онда өзге керектіктер қандай пікір айтар екен.....??
saken
Қателеспесем, дүйсенбі күні демалыс жариялайтын телеарналар емес, таратушы мекемелер ғой деймін.
Gulistan
Маған ұнады. Соңғы сериясындағы Хавваның құлығына аздап ренжігенім рас. Адамды да солай өзіне қарата ма екен?
Махаббатта өтірікке, жасандылыққа жол жоқ.
Вебред, егер мүмкіндік болып жатса, сериалда ойнвйтын актерлердің суреттері мен өмірбаяндарын келтірсең.
Abilakim
құлық деген құлақтағы қоймалжың зат па?
salta
байқаймын 31 арнаның жарнама бөлімі джынды жұмыс істейтін секілді… қыртқан сериалдарыңды тықпалай бермеңдерші… жұрттың ойына зәру емессіңдер, көрсетіп жатқандарыңа қарағанда, тақ шо бұл жер сериал талқылап, актерлердің жеке өміріне қызғушылық танытатын сары самаурын мен қара қазанның басы емес…
satibaldi
Ааа, бәсекелес контораның қыстыққан үні шықты…
salta
біздің контораға жету қайдааааа Нұр Отан если шо 80пайыздан жоғары жинады… аққұлақтарда шаруамыз жоқ...
asaubota
нашар сериал: нашар сценарий, нашар актерлік.
satibaldi
Шынымен бірақ. Киношолушы боғіреем! Осы сайттың админіне қардысын төле де, жарнама баннер орналастырып қойсайш. сендерге не тұрад 10-20 мың айына. Халявщиктер епті.
sammita
админнің жақсы танысы деп ойлаппын
asaubota
ол жерге тек қараналмен алынады  және қазір бос емес.

ноутбук аламыз, ноутбук!
sammita
саған ноутты әзірге алмай тұрғаны пайдалы ғой админ-ау
sammita
ее ұқтым, жарнама бір айға төленеді ғо))
dark_nazgul
өткендегі айпадты мен сатып жіберіп едім))) мына ноутбугыңды да жарнамалап көрейін
Nurgisa
Сериалдағы сценалардың көмескілігінен түсірушілер күрдтер ме деймін. Сосын, жалпы ана бір жігіттің шеткеріректегі үйі сопылардың стилін еске сала ма деймін. Бұл тұрғыда Нұржанбай не дейтінін…
salta
сіз де сериал көресіз бе?!
sammita
үйібай, таң қалып менен сұрасаң бәр сәрі
Nurgisa
Мынаусын қарамаймын, елітпеді. Фатмагүл дегенін қарап жүрмін, түрік тіліндегі түпнұсқасынан. Кезінде "Қыналы қар" (Әли мұғалім келді, Әли мұғалім келді, Жаббар төрем, Жаббар төрем), Саваш туралы сериалдарды бастан аяқ қарағаным рас.
vebred
Дегенмен, Нұреке сіз бен Аршаттың саясине дегенім ғой, сериалға жасаған қызықты сараптамалары ерекше. Сондықтан, сіздердің, не былай, сериалды аздап көріп тұрғандарыңыз, біз секілді түрік өркениетін етене түсіне бермейтін жандар үшін, қажет еді… шын айтам))!!!
Nurgisa
Енді 31 арналықтар үшін арнайы қарар болсам, оныма бірінші кезекте өздеріңіз қарқылдап күлетін шығарсыздар  Ал түрік өркениетін түсіну үшін мен тіпті бұл сериалдарды қарауға, қаратуға үзілді-кесілді қарсы болар едім, мысалы  Мен білетін Түркияда кілең игі ниетті абзал жандар, тізеден төменгісін жалаңаштамайтын қыз-қырқын, ракы ішпейтін адамдар тұрады. Сендердікі өтірік  Ана, әкесі төсек жаңартатын кинодағы кісінің қашан көрсең қабағы бір ашыла қоймайтын қызы бар ғой. Соныкі не мысалы, өзі топ-толық, онысына қарамай қысқа көйлек киіп алады. Эстетикалық жарасым жоқ, мәселен ки. Қыз баласын үй шаруашылығынан ары аспайтын бес минутсыз күң кейпінде сомдайтындарын қабылдай алмаймын. Ал сен түрік өркениеті дейсің, вебред…
asaubota
Мен білетін Түркияда кілең игі ниетті абзал жандар, тізеден төменгісін жалаңаштамайтын қыз-қырқын, ракы ішпейтін адамдар тұрады. Сендердікі өтірік

мен көрген Түркия олай емес еді  негізі сериалдағы көріністер рас, өмірден алынған. ауылдағы өмір де қаладағы да.
saken
Бұл сериалда Әуе деп отырғандары Хавва, Жер деп отырғандары Топырақ па?
vebred
дәл солай!!!
saken
адамға есімді де өлтіріп қояды екен түрекеңдер. Топырағы несі?
araika
Топырақ есімі осыған дейін де бір сериалда, оппа есіме түсті Сертте болған-ды. Соған қарағанда біздегі Әйгерім сияқты ма деймін…
dark_nazgul
Астана арнасынан боватқан бір сериалда бар ондай есімді жігіт.
Унисекс екен, соған қарағанда біздің Бағлан сияқты ма деймін
dark_nazgul
Япрак, Ямур, Дамла, Уфук, Пынар  бәрінен Нафиле деген ("Қыналы қардағы" қызметші апа бар еді ғой) ұнады. менің білуімше, ол «бекер» деген сөз.
dark_nazgul
Бәрінен Дефне кұЧт. Дефнені естіген сайын бір скечте (Тамашада ғой дейм) Гүлжапырақ есімді келіншегін «ЛАвровый лист» деп атайтын жігіт есіме түсіп кетеді.
asaubota
маған бір кездері Дэрия, Элиф, Гүлчин, Нихаль деген аттар ұнап еді
Simona
Бұл Жер мен Көк секілді бір—біріне мүлде ұқсамайтын апалы-сіңлілі Хавва мен Топырақ туралы хикая.
сериялы сияқты естiледi екен. тек бұл жерде ойнaйтындaр әйелдер.
a63a1
КТК дан Құнсыз уақытты көріңдер одан да Жақсы сериал
dark_nazgul
Lale devri деген сериалдың приквелы болды ма сонымен бұл?
asaubota
Риза, сен мен танып тұрған Ризасың ғой, иә?
Nurgisa
Сол, сол…
vebred
))) Асаубота сен мен танып тұрған Аршатсың ғой)))… қатырасың!!
Nurgisa
Меніңше, Бағдатқа жай-жапсарды жеткізіп, осында жарнаманы ресми түрде орналастырар болсаңдар осыншама килікпес те ме еді осындағы көзі қарақтылар…  Қазір бәрі нервный, әсіресе түрік/кәріс сериалдары дегенде. Шын, ұсынысты менеджментке жолдап, оң ұйғарымын алып, солай неткен не болмас па екен, жаңағы…
vebred
Нұреке, бұл мәселеден Аршекең де хабардар, талқыланып, шешіліп жатыр… Алла бұйыртса жақын уақытта, ол келіссөздердің де нәтижесін көріп қаламыз деген үлкен сенімде отырған жайымыз бар!!!
Nurgisa
Ой, бәрекелді! Әкел отыз бірді бесті!!!
asaubota
бәсе деймін ау. мен танитын 2 Риза бар еді, оның біреуінің мында кіре алу потенциалы жоқ сияқты еді. сонда сен сол мен ойлаған Риза болғаның ғой. Фейстегі профиліңді қарадым, сол баяғы өзіміздің Риза екен ғой дедім.
Gulistan
"Әр қазақ-менің жалғызым" дейтін Риза ма?
asaubota
ондай сөзін білмедім. бірақ, 2004-тегі Риза.
meirzhan
«Сабыр Адай» емес пе деп
деп ойлап қалыппын
Gulistan
жалпы, Сабырдыкі ғой. Бірақ соны 2004те Риза бір форумда тақырып етіп ашқан. Аршат екеуміздің айтып отырғанымыз бір Риза сияқты.
vebred
Аршеке, "өзіміздің сол баяғы" деген қандай әдемі сөздер!!! Шын айтам, бір туысымды көргендей, қыз кезімді еске алып дегендей...)))) бір марқайып қалдым ғой))
Nurgisa
«сол баяғы» дей отырып Аршат басқа бір нәрсені меңзеп қоймады ма екен деп дірілдеп тұрғаным…
vebred
ха ха ха ха, қорқатындай қылмысымыз жоқ сияқты еді ғой....))) Әлде, болып па еді....))))
asaubota
мен де Риза, мен де.

сағындым сендерді, сол кездерді.

қайта оралуыңмен!
vebred
О не дегеніңіз, Аршеке, мен ешқайда кеткен жоқпын, оралатындай!))
Aizhantabyn
мда, Топырақ деп ат қойса енді капец екен… Балшық, Саз, Лай деген туған-туыстары бар шығар…
meirzhan
Саз деген аспабы бар әйтеуір
vebred


Қулығына құрық бойламайтын Хавва…
satibaldi
Алжып кетпесең нетті…
vebred
«Әуе. Жер. Ғашық.» телетоптамасы. Бұл Жер мен Көк секілді бір—біріне мүлде ұқсамайтын апалы-сіңлілі Хавва мен Топырақ туралы хикая. Тағдырдың жазуымен екі қыз да бір жігітке ғашық болады. Фильм желісі бойынша Топырақтың сәбиі шетінеп кетеді. Ал, Хавва өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Ол екеуі бір-біріне мүлде ұқсамайды: біреуі мұңға батып, торығып жүр. Ал, Хавва тәкаппар да еркін қыз, ол қашанда діттегеніне жетпей қоймайды. Олардың өмірінде Юсуф атты жігіт пайда болады. Оның таяуда ғана сүйіктісі қайтыс болып, жас сәбиімен қалған еді. Бұл үшеуінің де алдында тағдырдың қатал сынағы тұр. Тек әзірге оның қандай қиын боларын ешқайсысы да білмейді.
Фильм режиссері Атилнанштың пікірінше, телехикаяның табысты болуы ең алдымен актерлар құрамымен байланысты. Селен Сойдер «Түркия Аруы 2007» атағының иегері. Ал, Бирче Аклай «Еуропа Аруы 2004» байқауының жеңімпазы. Сондықтан да, тұтас бір елдің ең сұлу арулары сомдаған рөлдерде қызықты болары сөзсіз.
Gulistan
Олардың өмірінде Юсуф атты жігіт пайда болады. Оның таяуда ғана сүйіктісі қайтыс болып, жас сәбиімен қалған еді
Сүйіктісінен гөрі, ашынасына жақын ғой.Өле-өлгенше Юсуф оны мойындамай кетті. Маған Хаввадан гөрі Топырақ ұнайды.
vebred
Оның рас, бұл нағыз «казанова» жігіт болып тұр, бірақ ол да ғашықтықтың азабын тартады…
vebred
Бирче Ақалай мен Мурат Уналмыш осы фильмнің түсірілімі барысында танысқан, ал, өткен жылы мамыр айында олардың үйлену тойы болды
asaubota
соңғы сериясының видеосын қояйын ба осында?
Gulistan
қоя бер, одан ештеңе бұзылмайды
Gulistan
Ах, ақыры дегеніне жеткен екен екен ғой Хавва!
manfan
Қауіпті махаббат уже бітіп қалды ма?! кім біледі
Gulistan
Махамббаттың түр-түрі болады екен, қайсысын айтып отырсың? Бас кейіпкерлерінің аты бойынша тарқатсаң…
Gulistan
Вебред, «Фатмагүлді» қайталап жатқаны несі?
vebred
Аз уақыт тоссаңыз екінші маусымы да басталып қалып, біздің арнада…
Gulistan
Махаббат үшбұрышы…
Zilola
Маған алдын Еларнадағы Чинар мен Ишиманың телехикаясы ұнаған, сол телехикаяда соңына таман Топырак деген қыз пайда болған. Тап сенің жарнамалаған хикаяңдағы қыз Топырақ, соған қарағанда осы сериалдар өзара жақын. Бәлкім бір романнің желісімен түсірілген. Өйткені ол хикаяда да қыздың баласы шетінеп, күйеуден ажырасып келетін. Ал Ишима мен Чинардың махаббатының машақатын Еларнадан қайталап жатыр. Көруге рекомендеймін!!!
vebred
ия оның рас бұл екі телехикая өзара туыстас)) Өйткені, бұл хикаяда да Топырақ Юсуфтың Шнар атты бөлесіне тұрысқа шығып кетеді… Осылайша Топрықатыңғ өмірінің логикалық жалғасын келесі сериалмен толықтырған секілді… бұл да режиссарлардың айласы болуы керек, көрермен тартудағы. айтпақшы Сеелен Сойдер — Топырақтың рөлін ойнаған қыздың осы "Әуе Жер Ғашықтан" кейін бағы жанып, киноның режиссері Улаш Инашқа тұрмысқа шықты деген ұзын құлақтан жеткен ақпар бар))
Gulistan
Сонымен Юсуф соңында кіммен қалады?
monti
осы сериал барлығы 67 серия ма?