Қаззақ журиктен тығылвотрым...

Ия, солай, тығылып отырмын. Бүгін телефон көтермейм…
… Свято-Нұркен шіркеуінен өткен аптада ішіп кетуім себепті қаза болған дұғаларымды өтеп, көңілім жайланып келе жатқам. Базар маңына бұрыла бергенімде журик танысым әзірейілдей тап берді.
— Лібәәә, мына диктофонға сөйлеш! – дейд!
— Нені нақ?
— Очм, Еуразиялық Одаққа кіруіміз пайдалы ма, зиян ба – айта салш – дейд!
«Экономист емеспін ғой мен...» деп күмілжігенім де қақпайд ептіні: «а кім қазірде экономист?» деген сұрақпен өзімді отырғызып тастады. Консерві-тіскебасар қоюға жаятын газеттердің қиығынан шатып-бұтып оқып қалған бірдемелерді есіме түсіріп, міңгірлеп бердім. Кешке радиодан естіп, құлақтан кеттім нақ! «О, жарымағырлар-ай!» деп мүсіркей күліп, жүз елу грамм жұқалатпақ ниетпен плитаның артындағы ахаңа қолымды соза бергенім сол еді, ана байғұс телефон соқты тағы. «Көрдің бе, ештеңең кеткен жоқ, жақсы шықты!» деп қояд! «Көргенде… естідім иә… Ұнаса болды да..» деймін мен, ойымда ештеңе жоқ. Бәсе, бұ журик бекер қоңырау соғатын ба еді: тағы жармасты. « Ертеңгі эфирге – дейд епті, — мешітке пітірді терминалмен төлеу туралы материал жасаватырмыз. Әу деп жіберсең?»… «Әу» дедім… Кешке радиодан деген «әуімнің» алдына «мешіт қызметкері Құрман Макиавели былай дейді:...» деген қосылыпты нақ! Қызық — дым ызаланбадым!
Бұдан кейін мен көңілжықпастықпен: Гульельмо Паолоның атынан қазақ қалаларындағы необарокколық стильдерге пікір білдірдім; палестиндік Мәлік Сайфардың атынан жөйіттерді жамандадым; контр-адмирал Ямамотоның атынан Окинавадағы әскери базаны мақтадым; жойылып бара жатқан турруру тайпасының көсемі ретінде бяқбық атты аспапта ойнап, ұлтымыздың жойылып бара жатқанына қам жеп, тура тікелей эфирде таусылып жльадЪм. Астапырбудда, бір тыңдарман да «Сіз қазақшаны қайдан білесіз?» деп те сұрамады-ау…
Бөлісу:

22 пікір

Gastarbaiter
Радионы тыңдама, олар сені алда-а-а-айд
balzaminka
«Сіз қазақшаны қайдан білесіз?» деп те сұрамады-ау…

ее, сондаймыз енді, дауысыңызға елітіп алғансыз ғо
asaubota
Марсель Көшімхан да сондай
omarbirat
Бар, болып тұрады мұндай жағдайлар
asaubota
мен бүгін Алашайнасына мемсайттардағы қазақша туралы пікірімді айттым, ертең шығатын шығар. жалпы Алашайнасының эксперті болып алдым соңғы кездері
balzaminka
оған арнайы қаламақы төлене ме? Негізі, редакциядан тұрақты эксперттерге ақша бөлінеді ме екен, а?
asaubota
ол жағын білмедім. менікі тек анда санда пікір айту ғой, интернет тақырыбында.
Bakitoral
қай сайт жақсы, пікірлеріңді айтып жіберіңдер сол сайтты кіріп карайын,
a63a1
бұ қа ақ ақ ақ қа қа ра)))))
FaraOn1
Егер менен жақсы журналист шықпаса, басымды кесіп беремін!)
tolagai
иоптікінікі, сендер журиктерге тиісе бермеңдер нақ!
KILYZAMAN
Журиктерді сынауға әбден құштармыз… Өзім(ң) жаза алмасам тырысып баққанның алдын неге тосуым(ң) керек?
Gastarbaiter
Өзім(ң) жаза алмасам тырысып баққанның алдын неге тосуым(ң) керек?

MrQ
«Сіз қазақшаны қайдан білесіз?»
Өзге ұлт ретінде жұмысқа кір, радиодан жүзіңді көрмейді, қазір мода қылып қойды арналар мен радиолар қазақша сөйлейтін Веронскаяларды