"Әпке"

Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасында ата-аналарынан ерте айырылған жетімдер туралы айтылады.Бірақ оларды жетімдер деуге келмес .Себебі, бауырларына ата-ана да,әпке де бола білген үйдің үлкені Қамажай атты әпкелері бар.Қанша бастарынан қиындық өткедерімен әке шешесінің орнын жоқтатпай бауырларының аяқтарынан тік тұрғызып,қатарынан қалдырмауға тырысты.Олардың бәрін оқытып, тоқытып тіпті кіші інісін үйлендіріп бөлек үйге шығарып берді.
Бұл шығармадан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады.Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты қамқорлығы туралы айтылады.Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама.
Менде Қамажай секілді үйдің үлкенімін. Артымда еріп келе жатқан үш бауырым бар. Оларға өз бойымдағы бар жақсы қасиетімді көрсетіп, дұрыс тәлім-тәрбие беру менің әпкелік парызым деп білемін.
Бөлісу:

27 пікір

araika
Бұл пьеса қатты ұнайтын, оқулық түсе қалса, іздеп отырып соны оқушы едім. Жазылу тілі қабылдауға өте оңай. Соңында мұң жағалап кететінің болмаса…
Енді спектакльді көргім келіп жүр.
omarbirat
Соңында бір бокал шампанды қағып салатын жері жынды, енді
satibaldi
Medet , әділ бағаңды беріп жібер мынау тырнақалды, шашөсірді һәм мұртқиды шығармаға.
Aldeken
Бұл түрімізбен мектептегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясындағы барлық шығармаларға шолу жасап шығамыз әлі…
Esdaulet
Оқушылар прозасы деген қауымдастық ашып беру керек. не әдебиет пәнінен бақылау жұмысы
satibaldi
Оларға өз бойымдағы бар жақсы қасиетімді көрсетіп, дұрыс тәлім-тәрбие беру менің әпкелік парызым деп білемін.
жльадЪм.
Abilakim
Исабеков бұл шығармасын жазбаса не болар едік.Кетер едік қой бет-бетімізбен
dark_nazgul
"Әпкені" сегізінші кластың программасына енгізгенде білім беру саласының мамандары жасөспірімдер психикасына өмір бойы түспейтін салмақ артып отырғандарын ұқты ма екен?
сосын, аффтыр, Қамажай кіші інісін үйлендіріп, бөлек үй қылып шығарып бермейді ғой. бір кештің ішінде оған қалай үлгере қойсын? Жол арасынан оқығанды қою керек.
gunner
Қазақ жазушыларының негізгі тақырыптары қайғы, мұң,әділетсіздік, вообщым трагедия туралы жазады. Жақсы жазылған болса өмірден түңіліп, жылап, осы заманда өмір сүріп отырғаныңа шүкіршілік айтып кітапты су су қылып бітіресің ))
Gastarbaiter
Жалпы негатив көп құйылады оқушыларға. Байқасаң театралды көріністердің бәрі қайғы-трагедиялар. Ал Британдықтар соңында жеңімпаз, қахарман боп атойлап шығатын көріністерді бала кезден қояды. «Король Артур» жарқын мысал.
Оны бала бақшадан бастап қояды шетелдік балалар.
meirzhan
Жалпы мектептегі қазақ әдебиеті мен қазақ тарихын оқу жүрекке қиын түседі. Тақырыптары — аштық, жалаңаштық, қайғы, мұң, трагедиядан аяқ алып жүре алмайды. Сол үшін жек көретінмін осы пәндерді.
dark_nazgul
жалпы, сегізінші кластың әдебиеті ауыр оқылады. «Аққулар ұйықтағанда», "Әпке"… таңдап кіргізген шығармаларының түрі.
кезінде өзім сегізінші класта болғанда оған мән бермеп едім, кейін практикада жүргенде ойландым біраз
KILYZAMAN
@Gastarbaiter Гастекесі қайдасың? Мына жердегі сыншылыр(мнеушілер) мен сынаушыларға(мін таққаыштар) не айтар едің?
dark_nazgul
о, аға. көрінбей кеттіңіз ғой. күйлі қуатты барсыз ба?
KILYZAMAN
Капремонттан келдім… Тірі сияқтымын
meirzhan
Денсаулығыңыз жақсы болсын!
KILYZAMAN
"Әпкені" сегізінші кластың программасына енгізгенде білім беру саласының мамандары жасөспірімдер психикасына өмір бойы түспейтін салмақ артып отырғандарын ұқты ма екен?
— малбауырлық емес бауырмалдылықтың иісі бар нәрсеге несіне шүйліктіңдер?
dark_nazgul
ауыр шығарма ғой. оның үстіне оқулыққа қысқартып берген.
KILYZAMAN
Балық ұсынғанна гөрі қармақ бер қолына дегенді бабаларымыз айтпапты десем, бабамыздың Жапон жерінде жоқ екеніне күмәнім бар(Синдром)
Gastarbaiter
Құрметті Администрация,
Жазалау жағы бір бөлек.
Егер әмбебап ресурс жасау мақсат болса, онда тым болмаса балаларға/оқушыларға арналған қауымдастық ашып, сәйкес жазбаларды сонда салған дұрыс шығар,
Біріншіден, балалар да осындағы сыншылардың еттартқышына түсіп зардап шекпейді, ешкім оларды қумайды, есесіне сайтта адам саны да азайып қалмайды.
Құда да тыныш, құдағи да. Бірақ оны қадағалап, пионерияға қатысты жазбаларды тиісті жерге жариялап отыратын кісі керек.

Қайткенмен де осы сайттың піссімілла деп жүріп кетуіне негіз болған қолданушылар легі бар ғой. Соларға да жасаған жеңілдігің болар еді, айналайын әкімжан. Пікірім сол. Өзің араласпай шешілмейтін дүние бұл. Үмітіміз сізде.
meirzhan
Еттартқыштың нақ өзі ))
dark_nazgul
Оларға жеке қауымдастық ашып берген күннің өзінде, ішіміз пысқанда сол жаққа барып, еттартқыш бұрап қайтпасымызға кім кепіл?
Gastarbaiter
Админнен берілген 7-күндік щелБАН кепіл.