Меломен тобын бағалаймын

Маған Меломен тобы қатты ұнайды. Бұл топ 2008 жылдың күз айында құрылған. Меломен "әнге ғашық жігіттер" деген мағынаны білдіреді.Бұл топта Мырзаханов Қайрат, Жігер Ауыпбаев, Ғабит Абилдаев және Қазретов Ролан деген жігіттерден кұралған.Мінездері ақ көңіл жандар. Қазақстандағы жарыстарға қатысып орындарды қанжығалыларына байлаған. Сонымен қатар, жақында ғана болып өткен Саз алемі музыкалық шоу бағдарламасынан ең үздік жыл тобы номенациясын ұтып алды. Алда наурыз айында Ресейде Новая волна жарысына Қазақстан атынын шықпақшы. Меломенге тек жеңіспен оралуын және Қазақстан атын әлемге танытуларыңызға тілектеспін. Жаңа әндеріңіз көп болсын.
Бөлісу:

70 пікір

madlen
Мінездері ақ көңіл жандар.

сен олады танисың ба?
Argyn
Сұхбат мына жерде… www.on.kz/u23888/blogpost/11469/
madlen
Ааа, он.кз ма? Ммм, енді түсінікті болды, рахмееееет сағааааан!
Argyn
 қолдан келген көмекті аяп қалсам, адамгершілігімнің таяздығы…
Nurgisa
Барекелдi! Мiне, нагыз азаммат! Оркенiн оссiн, алга казактын уландары!
Gastarbaiter
«Білә буду» дегенге саяды екен.
Argyn
сөздерің мақтадай болсын… Абайша айтқанда: теп тегіс жұмыр келсін айналасы… Бос сөздер ақылды да бос қылады деп атам ақыл айтушы еді…
Gastarbaiter
Галстугыңды шеш, бауырым, сахнадан түс. Жұрт онсыз да саған шапалақ ұрып жатыр.
karakat
Салем! Иә танимын
Argyn
Төртеуі де намаз оқитын жандар менің білуімше…
Abilakim
Мен білетін 9 намаз оқитын жан түрмеде еді…
Abilakim
Нұржанбайдың айтуы бойынша білемін әрине
karakat
салем. Әрине, бес уақыт намаз окиды.
Nurgisa
О, махаббат
Косу-алу
Бiр коргеннен шошып калу…
madlen
Не болса да, ұйқыдан алдын керемет көңіл көтерілді )))
Argyn
Анда-санда бұл да керек шығар....)))))
Aiko-j
Қарақат енді 1-у қалды давай))))
madlen
неш пост жазу керексіңдер?
meirzhan
madlen
Саған деген потребительское отношение сезінген жоқсың ба? Или мен ғана…
meirzhan
Подопытный қоян болдық біз )
karakat
салем. Білбимін.
karakat
Салем! Ал оны білмиді екенмін.
a63a1
1 «у» қалды деп отсам нақ
Argyn
біреуден соң 5 коя ма ағайларың)))
Aiko-j
жоқ аа одан 5ті қалай күтесің посттың жаман -жақсысына қарайдығой
Argyn
Пост пен мақаланың айырмасы жер мен көктей екенін ұмытпағайсың…
Aiko-j
білемін)) осында бір сыныптасым бұл менің бірінші мақалам деп… ұят болды
araika
Сыныпта нешеуі қалды тіркелмеген?
saken
сынып-сынып болып тіркеліп жатса жақсы екен сайтымызға.
Abilakim
Журналистерді әзірлеу курсы болып кетпейік)))))
немсе повышения квалификации
karakat
Салем! Мен бірінші рет жазып отырғандықтан аздап қорқыныш болды.
Gastarbaiter
Журиктер жасбоздардың армиясын жіберіп, ақысын алып жатыр бізден
meirzhan
 сырттан бұттан кетіп жатқан шығар
Gitarist
Шақыр, шақыр бәрін… Ертең сыныпқа Жарнама жасайтың ой бар… Бунтовать ету керек жалпы, жаңа толқын типа....))))))))))
TERISKEY
«Бұл топта… деген жігіттерден кұралған»
Құралған етістігі болса, "-та" жалғауын алып таста. Ал, «бұл топта...» деп бастапсың, "өнер көрсетеді"(немесе басқа етістікпен) аяқтауыңа не кедергі? Ағайларың мұндайға көңіл аудармай ма?
TERISKEY
"қанжығалыларына байлаған", «номенациясын»
қанжығалыларына байлаған, номинациясын.
meirzhan
Қанжығалы руы туралы емес пе )))
omarbirat
Сол ғой, сол. Қанжыға деген сөздің өзін тарих сабағынан өткен бір тақырыптан ғана естірткен қу дүния-ай десеңші
Gulistan
Бәрі жақсы, әрине. Бәрақ «Ресей», «Новая Волна» деген жеріне келгенде
Онсыз болмай ма?
karakat
Барлықтарыңа көп-көп рахмет!
Medet
Құрметті сыншылар, жазган ойларыңызға Алла риза болсын!
Енді шамам жеткенше мен де өз ойымды айтып көрейін.
1, Сөйлемдердегі құрылымдық қателерді ескертулеріңіз өте орынды, құптарлық-ақ.
2,Өз жас шамаларыңызға қарап ой айтқанымен, өзгелердің де жас шамасына қарауларыңызды сұраймын. Сіздер 14-15 жастарыңызда қай сайтта немесе қай журнал- газеттерде мақала жарияладыңыз? Осы сұрақтың жауабы қалай Сіздерде?
3, Аталмыш топтың адамгершілігіне шек келтіруіңізге жол болсын. Қарақаттың осы топ туралы айтқандарына мен куәлік бере аламын, құрметті Сыншылар!
3, «Боламын деген баланын бетінен қақпа, белін бу» дегенді ұмытпасаңыздар екен…
Ракмет.
Abilakim
Біздің 14-15 жасымызда елімізде «корветтер» ғана бар болатын. адамгершіліктеріне шек келтіргеніміз жоқ.Жақсы танисың ба деген сұрақ қойдық.Қарақаттың оларды білетіні секілді біздің арамызда да оларды білетін бірек болып шығуы мүмкін нәрсе ғой, қымбатты Миләтжан Медетжан
Medet
Мен де Сіздер сияқты Адам баласымын. Тек Сіздерден айырмашылығым сөздің парқын түсінемін, алға қадам басып, үйренемін деген адамды аяғынан шалып құлатып, келеке етпеймін, қолдау көрсетіп, қолымнан келгенді үйретуге тырысамын, ешкімнен өзімді артық санамаймын, ешкім де мене кем емес деп ойлаймын, Алладан қорқамын, құрметті «сыншылар»!
Abilakim
Айырмашылығымыз көп екен-ау…
nurbergen_makym
Ішіп алғанда мен де, осындай әңгіме айтатын боп барам...
balenti
еее… Меломеннің жігіттері мүмкін жақсы адамдар болар, вокалдары да мүмкін жақсы болар, живая музыкамен айтпағасын айта алмаймын, ал студиялық өлеңдеріне нанбаймын, үлкен концерттерде және теледидардағы «Жанды дауыс» деген логотипке де сенбеймін…
Енді айтарым олардын бірінші Хитовый өлеңі «О, Махаббат!» еее… не деген өлең А?! Ұяттын Ұяты, кімді алдағысы келеді?! жақсы халықты алдар, өз өздерін қалай алдайды екен?!
Меломен — о, Махаббат-ты тыңда да Britney Spears — Sometimes -ты тыңда...Ұят ай ұятай, сондай құсық оранжировка, бет ауызы қызармай, қисаймай сондай өлеңмен Республика дәрәжесінде шығып жүрген «халтурщик, башмачок» топтарды мақтайтын сағанда Ұят ай ұят… сөзім жоқ…
balenti
оранжировканы қойшы… еееЙ бір музыкант шығып ортасынан "қой жігіттер хотя бы екі тактты өзгертейік басқа тонда ойнайық десеу ғой ау" өздерінін бірдемесін қосыпты айтеуір, тура ұрламапты дейсін… жеңілдетіп…
Medet
Қасқа қазақ, біріңді бірің жамандап, күндеп, өзгені емес, өзіңді қор қылудан қашан арыласын?,,,
balenti
реально ғо Митька, мен түсінер едімс Батырхан Шукенов, Болат Боранов, ВИА К7, Р.Гайсин т.с.с қаншама музкыканттар бар, біз танымайтын! кеше өз өзіме Jazz Voda деген Қазақстандық рок группа аштым, Тенгри ФМ аман болсын… керемет тамаша… таза затты таза айту керек… Аллелуя…
Medet
Бәке, соңғы сөзің біздікі емес қой. Анығына келсек, менің ол группада шаруам жоқ, танитыным, аздап араласатыным рас болар, өлеңдерін тыңдайтыным да рас. Өйткені Бәке, Сенін музыкалық біліміңдей білім менде жоқ. Менің тілімді қышытқан «сыншылардың» сөздің парқын түсінбейтіндігі болып отыр!
balenti
не болсада «Халтурщиктер» деп айта аласын ба Меломенді?!
nurbergen_makym
 әркім өзінікін айдаватыр, әйтеуір.
Е, фандебат болғанның өзінде не по формату ғо, ептібайымайдттар
Medet
Жігіттердің қатын ұрысқа салып, сөз түсінбей тупойланып отырғаны қарныңды аштырады. Әйтеуір, Алашағың кетсе де айташағың кетпессіннің кебі. Қарғам- ау, сөздің де қолданысы бар деп айтатын, мына жазғысымақтарға. Немесе, жинап алып дебаттың не екенін көрсету керек сияқты…
a63a1
Жігіттердің қатын ұрысқа салып, сөз түсінбей тупойланып отырғаны қарныңды аштырады
неге?
a63a1
бала шаға өріп кетіпті. Сендерге айтар ақылым мына жақ сендерді асыға күтеді
Medet
Мынауыңыз шыныменде бала-шағадан алыстау екен. Ракмет, мен осы жаққ кеттім