Фотосессиядан кейін өзіңізді фотомодель сезініңіз
Думан Қасымов. Ол:
«SULUART» фотостудиясының негізін қалаушы;
Туған күні: 1 маусым 1990 ж.
E-mail: suluart@mail.ru
Тел.нөмері: +77011527053, 87058894807;
Қалғанын төменде оқып алыңыздар!
Farhat Uzbekuly:
Ассалаумағалейкум!
Duman Photographer:
Уағалейкум ассалам!
Farhat Uzbekuly:
Қалыңыз қалай?
Duman Photographer:
Жақсы. Ақырындап.) Өзіңіз қалайсыз?
Farhat Uzbekuly:
Аллаға шүкір! Уақытыңыз болса, бір қарапайым ойын ойнайық. «Тергеуші» деп аталады. Мен сұрақтар қоямын, сіз соған жауап беру керексіз. Қалай келісесіз бе?
Duman Photographer:
Жақсы. Әзірше уақытым бар. Тек қиын сұрақтар туындап жатса, қорғаушының көмегіне жүгіне аламын ба? )))
Farhat Uzbekuly:
Жоқ). Біз «Әркім өз қотырын өзі қаситын» уақытта өмір сүріп жатырмыз деп елестетіңіз.))) Қандай мамандықты бітірдіңіз?
Duman Photographer:
)))Мен ЖОО-на түскен жоқпын.
Farhat Uzbekuly:
Не себепті?
Duman Photographer:
Ешкімім жоқ. Анам қайтыс болған. Әжемнің зейнетақысы мені оқытуға жетпес еді. Бар-жоғы 5 ай шаштаразға оқыдым.
Farhat Uzbekuly:
Ынғайсыз сұрақ қойғанымды кешірерсіз! Қай жасыңыздан әжеңіздің қолында өстіңіз?
Duman Photographer:
Ештеңе етпейді. 17 жасымнан.
Farhat Uzbekuly:
Балалық шағың қай жерде өтті?
Duman Photographer:
7 жасыма дейін Есіл ауданында тұрдым. Сосын қалаға көшіп келдік.
Farhat Uzbekuly:
Қай мектепті бітірдің?
Duman Photographer:
Қаладағы №21 орта мектепті.
Farhat Uzbekuly:
Орысша оқыған екенсіз ғой?
Duman Photographer:
Иә.
Farhat Uzbekuly:
Дегенмен қазақшаңыз жақсы екен!
Duman Photographer:
Әжемнің қолында өстім ғой =)
Farhat Uzbekuly:
Мектеп бітіріп, әрі қарай оқу жалғастырмайтыныңызды білгеннен соң қандай шешім қабылдадыңыз?
Duman Photographer:
Өнерімді дамытуға тырыстым.
Farhat Uzbekuly:
Ол қандай өнер?
Duman Photographer:
Сурет салу.
Farhat Uzbekuly:
Ооо менің де мектептегі сүйікті ісім болатын. Әбілхан Қастеевтің суреттер жинағы бар кітапті әлі сақтап келемін. Қай кезден сурет сала бастадыңыз?
Duman Photographer:
Жай өзім үшін салатынмын. Дәптерге.
Farhat Uzbekuly:
Мектепте сурет пәнінің мұғалімі бұл қабілетіңізді байқады ма?
Duman Photographer:
Білмеймін, әйтеуір мұғалімім ешқашан «4» деген баға қойып көрген жоқ.
Farhat Uzbekuly:
Сонда қандай баға қоюшы еді?
Duman Photographer:
«5»)))
Farhat Uzbekuly:
Бойыңыздағы өнеріңізге байланысты қандай да бір байқауларға қатысып көрдіңіз бе?
Duman Photographer:
Жоқ. Перспектива болмағасын қатыспадым.
Farhat Uzbekuly:
Неліктен болашағы жоқ деп ойладыңыз?
Duman Photographer:
Жеке басыма қатысты айтып отырғаным ғой. Мысалы мен бұл өнерімді дамыту үшін ешқандай жоғары оқу орынына түсе алмас едім.
Farhat Uzbekuly:
Сонда бастауыш сынып оқып жүргенде «Мен өскенде кім болам?» деген шығармаға не деп жазып едіңіз?
Duman Photographer:
Суретші боламын деп. Қазір де ол арманым өзгерген жоқ.
Farhat Uzbekuly:
Түсінуімше болашағы жоқ деп есептесеңіз де суретшілікпен әлі күнге айналысып жүрсіз бе?
Duman Photographer:
Иә. Бірақ бұрынғыдай қыл қаламмен дәптерге емес, компьютерде тышқанмен саламын. Яғни фотоға түсіріп, фотомонтаж жасаймын.
Farhat Uzbekuly:
Қыл қаламды тастап, компьютерге көшуіңізге не түрткі болды?
Duman Photographer:
21 ғасыр әсер етті. Техниканың дамуы. Компьтермен фотосуреттерді өңдеу де өнер екенін түсіндім.
Farhat Uzbekuly:
Алдағы өміріңізді тек осы өнер үшін арнайсыз ба?
Duman Photographer:
Иә.
Farhat Uzbekuly:
Дегенмен бала кезіңіздегі арманыңыз еді ғой, қыл қаламды мүлдем тастап кетесіз бе?
Duman Photographer:
Маған сурет салған ұнайды. Бірақ мен оны дамыта алмаймын. Мықты суретші болу үшін өнерлі болу аздық етеді. Ол үшін тынымсыз оқу керек. Ал фотоөңдеу туралы мен білімімді интернет арқылы жетілдіріп жүрмін. Және ол мен үшін құр өнер емес, нәпақамды да сол арқылы тауып жүрмін.
Farhat Uzbekuly:
Сонда қалай сізге интернет арқылы екінші бір адам сабақ беріп жүр ме?
Duman Photographer:
Олай да істеуге болады ғой. Бірақ оған да ақша керек. Мені «яндекс» пен «гугл» оқытып жатыр.)) Яғни yandex.kz пен google.kz іздеу порталы арқылы мен өзіме қажетті мәліметті тауып ала аламын. Шынын айтқанда орысша ақпараттарды іздеймін. Өйткені интернетте әзірше қазақша мәліметтер аз. Бір жақсысы біздің елімізде интернет жақсы дамып келе жатыр. Сондықтан кез-келген адам өзінің ынтасы болса интернеттен де біраз білім жинап алуына болады.
Farhat Uzbekuly:
Қалай ойлайсыз, болашақта компьютермен сурет салу дамып кетіп, қыл қалам музейде экспонатқа айналуы мүмкін бе?
Duman Photographer:
Бәрі де мүмкін. Нақты айта алмаймын.
Farhat Uzbekuly:
Фотоөңдеу шеберлерінен кімдерді білесің?
Duman Photographer:
Ресейліктерді ғана.
Farhat Uzbekuly:
Қазіргі өнерің фотоапаратпен тікелей байланысты, онымен қалай достастың?
Duman Photographer:
2000 жылы ең алғашқы фотоапаратымды Анам әперген болатын.
Farhat Uzbekuly:
Фотоөңдеумен айналысу туралы ой сол кезде туды ма?
Duman Photographer:
Жоқ. Анам бұл дүниеден өткеннен кейін. Фотосуреттерімді достарым ұнатып, олар «сен профессионалсың» деп айтқаннан кейін ойлана бастадым.
Farhat Uzbekuly:
Алғашқы фотоқұралыңызбен қандай суреттер түсірдіңіз?
Duman Photographer:
Портрет. Қазір де портреттер түсіремін.
Farhat Uzbekuly:
Фотосуретші ретінде тойларға шығып жүрсіз бе?
Duman Photographer:
Иә.
Farhat Uzbekuly:
Тойда түсірілген суреттерді де өңдейсіз бе?
Duman Photographer:
Иә. Мысалы толықтарды арық қыламын. Беттегі безеулерді алып тастаймын.
Farhat Uzbekuly:
Бұл қыметіңіз қанша тұрады?
Duman Photographer:
20 мың теңгеден басталады. Ол енді тапсырыстарына байланысты. Мысалы альбом керек па, жоқ па. Студиялық фото жасау керек па деген сияқты.
Farhat Uzbekuly:
Бұл сіздің кәсіби дамуыңызға кері әсер етпей ме?
Duman Photographer:
Жоқ. Керісінше екеуін үйлестіріп, бірі арқылы бірін дамытуға тырысамын.
Farhat Uzbekuly:
Ал енді кәсіби суреттер түсіретін фотостудияңызға келетін болсақ, ол жерде келушілерге қандай қызмет түрлерін ұсынасыздар?
Duman Photographer:
Фотосессиялар. Яғни біз келген адамды фотоға түсіреміз, сосын оны өңдеп, журнал бетіндегі эстрада жұлдыздарының суреті сияқты қылып әдемілеп береміз.
Farhat Uzbekuly:
Фотостудияны ашу үшін қаражатты қайдан алдыңыз?
Duman Photographer:
Студия болмаған да, тұтынушыларды суретке үйдің ішінде түсірдім. Сөйтіп жинадым.
Farhat Uzbekuly:
Студияны қанша адам бірігіп аштыңыздар?
Duman Photographer:
Өзім жалғыз.
Farhat Uzbekuly:
Атын өзіңіз ойлап таптыңыз ба?
Duman Photographer:
SULU – қазақша «сұлу», ал Art – «өнер» деп аударылады. Совет үкіметі кезінде Петропавлда «Силуэт» деген фотосалон болған. Оны жасы үлкен қызылжарлықтар жақсы білуі керек. Өйткені сол кезде қала тұрғындарының бәрі суретке түсу үшін сол жерге баратын. Сол «Силуэт» пен «SULUART» деген екі сөз үндесетін сияты. Бірақ мен фотостудияға ат ойлап табарда ол туралы мүлдем білген жоқпын. Дегенмен біздің студия «Силуэт» сияқты жоғары сапалы, әрі әдемі суреттер түсіретін болады.
Farhat Uzbekuly:
Қаламызда сенікі сияқты тағы да басқа фотостудиялар бар ма?
Duman Photographer:
«Рахмет» сауда үйінде бар сияқты. Бірақ бұл өнер біздің жақта енді ғана дамып келеді. Астана мен Алматыда жақсы дамып жатыр. Бізде құр суретке түсіретін фотосалондар жетіп артылады. Бірақ біздің ерекшелігіміз сапасы жоғарыға суретке түсіріп, оны журналдардағы суреттер сияқты қылып өңдейміз.
Farhat Uzbekuly:
Енді-енді ғана еніп келе жатқан болса, тиісінше халық та ол туралы көп біле бермейтін шығар?
Duman Photographer:
Әрине. Әлі білмейді. Бірақ ол өте әдемі өнер. Бізде жасалған фотосуретті интернеттегі достарыңызға көрсетуге болады. Ең бастысы жастық шақты, немесе кадрға түсіп қалған мезетті еске алып отыруға, естелік ретінде керек.
Farhat Uzbekuly:
Достарымен бөлісіп немесе ертең еске алып отыру үшін қалтафонға немесе қарапайым фотоапаратқа да түссе жетіп жатыр емес пе? Журналдағыдай әдемі суретті қайтеді?
Duman Photographer:
Оны үлкен форматта шығарып, үйдің интерьерін өзгерту үшін, қабырға немесе басқа жерге іліп қоюға болады. Қазір ол сәнге айналып келеді. Бұрынғыдай қабырғаға кілем іліп, абойлап қойғаннан гөрі үйдегі адамдардың әдемі суреті ілініп тұрған әлде қайда жақсы.
Farhat Uzbekuly:
Студияда қанша адам істейсіздер?
Duman Photographer:
Әзірше өзім жалғыз.
Farhat Uzbekuly:
Фотостудия ашылғаннан бері қанша фотосессия өткізіп үлгердіңіз?
Duman Photographer:
Көп.
Farhat Uzbekuly:
Яғни тұтынушылар көп келеді екен ғой я?
Duman Photographer:
Онша емес, бірақ жеткілікті. Одан да көбірек болса, күшті болар еді.)))
Farhat Uzbekuly:
Фотостудияда түскен суретті қайда шығарасыздар?
Duman Photographer:
Типографиядан.
Farhat Uzbekuly:
Бір фотосессия қанша тұрады?
Duman Photographer:
10 мың теңге. Оның ішіне 120 сурет+альбом+диск кіреді.
Farhat Uzbekuly:
Көбіне қай жастағы адамдар келеді?
Duman Photographer:
Жастар жағы. Бірақ тұтынушыларымның арсында 5 айлық сәби де болды.)
Farhat Uzbekuly:
Суреттеріңізге қарап отырсам адамдар әртүрлі киімдермен түседі екен. Оларға киімдерді қайдан аласыз?
Duman Photographer:
Өздерімен әкеледі.
Farhat Uzbekuly:
Тұтынушы бір фотоға тапсырыс бере ала ма?
Duman Photographer:
Жоқ. Тек фотосесиссия.
Farhat Uzbekuly:
Бір фотосессиядан кейін суреттерді өңдеуге қанша уақыт кетеді?
Оятқыш:
Сіз әңгімелесушіңізді оятпақшы болдыңыз
Duman Photographer:
3 күн.
Farhat Uzbekuly:
«Фотогеничный» емес тұтынушылармен жұмыс жасау қиын шығар?
Duman Photographer:
«Нет некрасивых людей -есть неудачные кадры...» Менің ұстанған ұраным осы. Тұтынушы қандай болмасын мен олармен күліп сөйлесемін. Көңілдерін көтеруге тырысамын. Обектив алдында өздерін еркін ұстауына көмектесемін. Сол кезде «тірі» суреттер пайда болады. Жарық пен адамның қалпын, артындағы фонын да үйлестіріп қоя білу керек.
Farhat Uzbekuly:
«Журналдағыдай әдемі сурет жасаймын» дедіңіз. Жалпы қандай да бір журналда суреттеріңіз шықты ма?
Duman Photographer:
Жергілікті «Бірге» газетіне жарық көріп ьұрады. Егер Петропавлда журнал шығаратын болса, онда менің суреттерім сол журналда міндетті түрде жүрер еді деп ойлаймын.
Farhat Uzbekuly:
Фотосессия мен тойдан басқа тағы қандай жағдайларда фотоапаратыңызды іске қосасыз?)
Duman Photographer:
Жарнамалар үшін сурет түсіремін. Қандай да бір өнеркәсіп, компанияларға тапсырыс бойынша каталогтар жасаймын. Одан басқа өткен жылы «Гүлдер» ансамбілімен бірге Қостанай, Көкшетау қалаларына бірге гастрольге бардым. Қайрат Нұртас, «Азия» тобы, Жазира мен Жанболат сияқты эстрада жұлдыздарын суретке түсірдім.
Farhat Uzbekuly:
Бұл бақытқа қалайша ие болдыңыз?
Duman Photographer:
Әнші, продюсер Ержан Кабдуллин ұсыныс білдірді. Ол да солармен бірге өнер көрсетіп жүр екен. Мен онымен интернет арқылы танысқан болатынмын.
Farhat Uzbekuly:
Болашаққа қандай жоспарлар мен мақсаттарыңыз бар?
Duman Photographer:
Студияны дамыту. Бүкіл Қазақстан бойынша «SULUART» фотостудияларын ашқым келеді. Айтпақшы 30 қаңтарға дейін студиядағы көрмемді келіп көруіңе болады. Жақсы жұмыстарымды сол жерден тамашалай аласың.
Farhat Uzbekuly:
Жақсы. Міндетті түрде барып көремін. Қанша суретіңізді ілдіңіз?
Duman Photographer:
50-70 шақты.
Farhat Uzbekuly:
Үйленгенсіз бе?
Duman Photographer:
Иә.
Farhat Uzbekuly:
Жан жарыңыздың аты кім?
Duman Photographer:
Ғалия.
Farhat Uzbekuly:
Сіз оны қатты сүйесіз бе?
Duman Photographer:
Иә. Олсыз маған өмір жоқ. Ол менің шабытымның асқары.
Farhat Uzbekuly:
Ол сіздің бұл өнеріңізге қалай қарайды?
Duman Photographer:
Тек қана құптайды.
Farhat Uzbekuly:
Сүйіктіңізді аптасына неше рет фотосессиядан өткізесіз?)))
Duman Photographer:
: Улыбка до ушей: кей кезде ғана!
Балаларыңыз бар ма?
Duman Photographer:
Жақ әзірше. Күтудеміз!
Farhat Uzbekuly:
Алтын уақытыңызды қиып, менімен әңгіме дүкен құрғаныңыз үшін мың да бір алғыстан басқа айтарым жоқ. Еңбегіңіз жанып, өнеріңіз өрлей берсін. Шаңырағыңыз биік болсын!
Duman Photographer:
Рахмет, айтқаның келсін!

(Типі мынау сияқты)

(Суретте Ғалия)
Farhat Uzbekuly:Балаларыңыз бар ма?
Duman Photographer:
Жақ әзірше. Күтудеміз!
Farhat Uzbekuly:
Алтын уақытыңызды қиып, менімен әңгіме дүкен құрғаныңыз үшін мың да бір алғыстан басқа айтарым жоқ. Еңбегіңіз жанып, өнеріңіз өрлей берсін. Шаңырағыңыз биік болсын!
Duman Photographer:
Рахмет, айтқаның келсін!
ПыСы: Фотоға түсіре білу өнерін білікті маманнан үйреніп көргісі келетіндерге. Бұл эл. жәшіктен қопарып тауып алған фотограф Вагнерден алған хат: «Здравствуйте, Нуржол.
Уроки фотографии я даю и только индивидуально.
Курс — 7 дней. Его начало — по договорённости. Занятия — 2 часа каждый день в договорное между нами время.
Теория — 2 занятия. Остальные 5 — практика: 1 занятие в студии и 4 в помещениях и на природе.
Аппаратура моя. По желанию и ваша тоже.
Во время практики фотографируем всё. От мух до небоскрёбов. ))
Моделей (девушек) я предоставляю. По желанию могут фотографироваться и ваши модели (друзья, знакомые и тд).
Далее Вы один-два раза работаете со мной на ближайшей съёмке и смотрите на весь процесс изнутри.
Стоимость этого курса — 30 тыс. руб., если Вы в России.
150 тыс. тенге, если Вы в Казахстане.
Возможен экспресс-курс. 3 дня по 2 часа в день. Входит почти всё то же самое, только очень сжато. Стоимость 15 тыс. руб. или 75 тыс. тенге.»
«Екеуінің де жетісіп тұрғаны шамалы» деп қалады деп қорықтың ба?
Жазбаңның маңдайшасы құсық, яғни тақырыбы.
Негіздеме:
Агенттегі әңгіме — деген не ол? Агентті жалғыз сен бе қолданатын? Тақырып аты жазбаның шамамен болса да не туралы екенін айшықтап тұруы керек.
Думан Қасенов: "Қыл қалам шеберлері, компьютердің тасасында қалуы мүмкін"
деееееп мақалаға айналдырғым келмеді
он мың теңгеге жүз жиырма сурет, альбом, диск беретіні жақсы екен. Мен ертең барайын деп отырған студиям он екі мыңға отыз суретті дискке салып қана береді. Шығарсаң, ақшасын бөлек төлейсің.
Иншалла сіздерге де жетіп қалар)