Нигер Үкіметі Ақпарат және байланыс министрін қызметінен босатты



Екінші Дүниежүзілік Соғысқа дайындықтарын енді ғана тамамдаған Нигер өз әскери күштерін Ливия шекарасына жақындатқан кезінде елде жаңа жанжал пайда болды. Ливиядағы әскери белсенділікті байқаған нигерліктер мұны Муссолини әскерлері деп ойлаған екен, соғыстың 1945 жылы аяқталғанын енді білген Нигер үкіметі Ақпарат және Байланыс министрі Оболеме Матиуды өз қызметінен босатты.

Бір жағынан соғыстың біткеніне қуанған және бір жағынан кеш естулеріне қайғырған ел президенті Маси Лоева «Соғыстың аяқталғаны әрине қуанышты жәйт, бірақ басқа елдер неге бізге бұл туралы айтпаған?» деп өз ренішін білдірді.

1939 жылы Африкада басталған бұл соғыстың лебі Нигер мемлекетінде әлі де сезілуде еді. 2008 жылы бұл соғыс туралы ақпарат алып, бүкіл елге жеткізген бұрынғы Ақпарат және Байланыс министрі еді. Сол уақыттан бері азғана уақыт ішінде Нигер кейбіреулері қару-жарақты 1840 әскер жинап үлгерген еді.

Осы уақыт ішінде өздеріне дос ел Францияға қолдау мазмұнындағы бірнеше хат та жіберген екен. Франциядан «Нақты не туралы айтқаныңызды түсінбедік. Бірақ, сонда да рахмет» деген жауаптар алынған.

Президент Лоева «Ақпарат және Байланыс министрі Матиу соңғы айларда „Ливия шекараларында өте қатты әскери белсенділік бар. Муссолиниге бағынышты Италия күштері болуы мүмкін. Бізге жақындап қалды“ дегесін біз де соғысқа дайын отыр едік. Алайда соғыс аяқталған екен. Муссолини, Гитлерлер де өлген екен. Бұған да шүкір. Министрді өз қызметінен босаттық. Тек бір түсінбегенім ел президенті ретінде шетелдерге шығып жүрмін. Бізге де келіп жатқандар бар. Неге бізге ешкім бұл туралы айтпаған, соны түсінбедім» деп сөздерін аяқтады.

Нан, керосин сияқты басты тұрмысқа қажетті заттарды табельмен алып жүрген Нигер халқы соғыстың бітуін үлкен қуанышпен, елорданың басты көшелерінде бимен тойлады. Алайда Үкіметтен жеткен хабар олардың қуаныштарын көпге созбады. «Азық-түлік және тұрмыстық заттарды табель және купонмен беру жалғаса береді, мұның соғыспен байланысы жоқ, еліміздің кедейлігінен осылай бола береді» деп хабарлады Үкіметтің баспасөз хатшысы.

Ақпарат көзі: azattyk.org.ia
Бөлісу:

6 пікір

shimaibek
Қиыннан қиыстырып соғады екенсіз.
Rafaello
Өтпей қалды ма?
Abilakim
пікір саны солай деп тұрғандай
omarbirat
Сол уақыттан бері азғана уақыт ішінде Нигер кейбіреулері қару-арақты 1840 әскер жинап үлгерген еді.