“Мәңгілік ел”

Қаламыздағы (Павлодар) орталық көшелердің бірінде мынадай жазуы бар билборд тұр: “Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап өткен азаттығымыздың жиырма жылдық мерекесі бар қазақтың есінде мәңгіге сақталатыны айқын”. Сонда мәселе “бар” қазақтың есінде қалай сақталатынында. Өткенде бір ағай айтады, 20 жылдықты әупірімдеп жүріп тойладық, енді отыз жылдықты тойлай аламыз ба деп. Неге деп сұрадым. Өйткені кедендік одаққа өттік, ол дегенің тәуелсіздіктен айрылудың бірден-бір алғы шарты, сол себепті 30 жылдықты елестету қорқынышты дейді. Отандық баспалардың басым көбі 20 жылда жеткен “жетістігімізді” жарыса жырлауда. Расында жете алдық па жетістікке? Әбден құлдырап, қираған ауылдың жағдайы анау. 20 жылда тек бір адамға ғана табынып, сыбайлас жемқорлық шырқау шегіне жеткені жасырын ба. Айта берсең түбіне жету мүмкін емес. Жаңағы билбордтан 100 метр жерде тағы біреуі тұр. Онда: “Дүниеде қазақ деген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай береді”. Тәуелсіздік алғаннан бері не тіл, не дін дұрыс қалыптаса алды ма? “20 жылдың ішіндегі жетістігіміздің ескерткіші ретінде “Мәңгілік ел” қақпасын ашып отырмыз” депті елбасы ашылу салтанатында. Жалпы осы “Мәңгілік елді” ашпас бұрын соған лайық болып алу керек пе еді, әлде ашып алып сосын әрекет жасау керек па? Ооооо, біз енді мәңгілік елміз!
“Мәңгілік ел”… “Мәңгілік ел”… “Мәңгілік ел”…
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
Баспа түріндегі материал болғанда, үстіне мундир мен селедкі турап жейтін едік.
Abilakim
махорка орамағаныңа шүкірлік айтып жатқан болар?
Zhan
Шетелдік археологтың жазбасынан:
«Орта Азияның кіндік тұсынан „Мәңгілік ел“ деп аталатын, кезінде аузын айға білеген ұлы мемлекеттің ең мықты символикалық ескерткішін тауып алдық. 07.07.2777 жыл».
patick
Материалының басым бөлігі қарапайым арматура мен цементтен тұратынын ескерсек сен көрсеткен кезеңге жету көңілге күмән ұялатады
Armanjan
Соған жұмсаған қаражатқа бірнеше ауылға газ тартса жететін шығар ә.
araika
Ал жоғарыда айтылғандарға кінәлі кім? Осы сұрақты төңіректеу керек пе еді…