Қала өмірі

Қазір Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының журналистика мамандығы бойынша дәріс алып жатырмын.Биыл 2-ші жыл.7 жыл бойы ауылда оқыдым.Кей-кездері ауылды сағынып, кейде жылап та алатынмын.Қаланың өміріне бойымды үйретіп келемін.Зуылдаған машиналар, самасаған дүкендер айта берсең көп.Ауыл мен қаланың айырмашылықтары бар.Ауылда әрқашан қайнаған тіршілік.Бір көшеде тұратын көршілер туыс болып кеткен.Ал, бұнда олай емес.Көп ешкімге сене де алмайсың.Қалада оқып жүрген жасөспірім балалар қаншама? Ия,қалаға барып өмірді көресің.Адамдармен араласасың.Жаңа достар табасың.Әрине,қала өмірі осындай.Оған бойымды үйретіп келемін.
Бөлісу:

18 пікір

Marco
мадес! басқа не дейін… (дым эмоция білдірмейтін смайл)
nurbergen_makym
Қой, олай айтпа! Ұят болады…
Ия, қалада көшенің ана басында тұрып: «Кілт кілемшенің астында!» деп айқайламайтын болар, ойында жүрген баласына. Бірақ, мұнда да ақжарқын иманжүзді адамдар бар, айналайын. Олай асылық айтпа. Сірә, ата-анаңды сағынып жүргесін осындай ойлар мазалайтын шығар.
sabalak
бұл да бір синдром ау сірә!
araika
Маған екі өмірде ұнайды. Екі ортаны жол етіп жүруімнің өзі, қалада туып ауылдың иісі мұрнына бармайтын балалармен салыстырғанда бақытымды еселеп жібереді.
satibaldi
Маған екі өмірде ұнайды.
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
araika
Тақырыптан ауытқыған жоқпын. Яғни қала және ауыл өмірі.
monti
Қазір Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясы// бұл ЖОО қай қалада орналасқан?
satibaldi
Сіз созылмалы амнезиядан тұрған жоқсыз ба?
Zhan
Менде аздап бір өкініш бар. 11 сыныпқа дейін ауылда жүре бермей хотя бы 9-10 класта қалаға келіп оқуым керек еді. Қала балаларының психологиясы мен олардың ауылдағы жастардан айырмашылығын білу үшін. Дегенмен, ауылда өскеннен де жаман болған жоқпыз.
satibaldi
Дегенмен, ауылда өскеннен де жаман болған жоқпыз.
Демек, өкініш жоқ қой?
Zhan
Жоқ.  Сізді сағынып кеттім.
satibaldi
Онда, сөйлемнің басындағы:
Менде аздап бір өкініш бар.
сөйлемін қайда тығамыз?
Zhan
 Қазір бірдеңе десем екі сөйлеген боп шығады екем ғо. Тағы қайталайыншы, ауылда өскеннен жаман болған жоқпын. Бірақ, аздап өкінішім бары рас.
satibaldi
Барзақ очм. Таныс сезім.
Gulzhanat
Өз аялдамаңыздан өтіп кету қорқынышы басылған шығар?
Gulistan
Назым, Атыраулық керекшілермен араласасың ба?