Болған жағдайды есіме алсам....

Бұл жағдай әлі де есімнен кетпейді. Қап, неге келістім екен? жә, болар іс болды…
2011 жыл.Тамыз айының 31 жұлдызы еді. Әдеттегідей ерте тұрып,әкеме шай беріп жүр едім. Кенеттен құрбым хабарласып, ертен білім күніне байланысты өлең шумағын айтасың деді. Бұл- жаңа сынып жетекшіміздің өтініші екен. Мен ұстазымның көңілін қалдырмайын деп келісе салдым, алайда бұл өлең шумағы мен ойлағандай оңай болмаған-ды.Дегенменен бұл өлең шумағына көп көңіл бөлмеген едім, бір-екі рет оқығаным болмаса.
Міне, көптен күткен 1 қыркүйек.Жанымды қорқыныш билеп,ұмытпасам болғаны деумен болдым.Мектеп алдында оқушылар көп екен. Үш ай бойы көрмеген сыныптастарыммен жүздесіп,қорқынышымды ұмытып та кеттім. Мұғалімдер бәрімізге қош келдің деп айтып, жаңадан қосылған сыныптарды таныстырды. Содан кейін бәріміз амфитеатрға кірдік.Сіздерге айтпаған сияқтымын, менің мектебімнің ішінде амфитеатр бар.Барлық оқушылар жиналып, білім күніне байланысты шағын концерт өткізілді.Мың бұралған бишілер би билеп, бұлбұл дауысты әншілер ән айтты. Ең соңында бізді шақырып,өлең шумағын айтуға дайындала беріндер деді. Сол кезде-ақ аяқ-қолым дірілдеп, не істерімді білмей қалдым. Амал жоқ шықтым. Басын жақсы бастап келе жатып,ұмытып қалдым.Сол кезде айналама қарап, есіме түсірмекшімін.Уақыт тұрып қалғандай, ал барлық мұғалімдер, оқушылар маған қарап отыр. Тығырыққа тіреліп, сөзімді қасымдағы құрбыма бердім.Концерт мәресіне жеткенде оқушыларға қарауға бет жоқ. Сірә,<<мынау өзі журналист болам деп, сөзін ұмытып қалғанын қарашы>> дейтін болар, ия, мен онысын өте жақсы білемін, біле тұра еш нәрсе жасай алмайсың ғой! Осы жағдайдан соң ұстаздарымнан қатты ұялдым.Кей кездері сол оқиға қыр соңымнан қалмай, бетіме басады. Сол жағдайды ұмыта алмай бір жұма жұрт көзіне қарай алмай,өзіме ренжіп сөйлеп қоямын.
Сол оқиғаны бастан кешкенім, маған үлкен сабақ болды. Енді берілген тапсырмаға көңіл бөліп, тастай қылып орындаймын.
Бөлісу:

16 пікір

araika
Болған оқиғадан сабақ алып жатқаның жақсы екен. Негізі көпшіліктің алдына шығып сөйлеу білу батылдықты талап етеді ғой. Міне, осы жағынан ақсап жатамыз.
Сонда биыл мектептегі соңғы жылдарың екен ғой, «болашақ журналист» емес, соған үміткер екенсің. Үмітің ақталсын! Сәттілік!
manshukn
не ғой, суретіңізде неге Мұхат Шахановтың суреті тұр? Әлде ол кісінің фанатсыз ба?
manshukn
Мұхтар Шаханов деп оқуыңызды сұраймын, қате кетіп қалыпты
boztorgai
бірдеме боп қалған екен деп қалсам
direct
Концерт мәресіне жеткенде оқушыларға қарауға бет жоқ… Сол жағдайды ұмыта алмай бір жұма жұрт көзіне қарай алмай,өзіме ренжіп сөйлеп қоямын.
М'м'Еей, жаман бопты! © Салсері, Тука
берілген тапсырмаға көңіл бөліп, тастай қылып орындаймын
Ал мынаны резюмеге қосып қою керек екен
satibaldi
Осы көпшіліктің алдына шығарда 12 кабинеттің есігін кілттеп алып, киімдеріңізді кидіңіз ғой мысалы. Неге осы жері ұмыт қалад үнемі Сізде?
Erlan
да ондай болады, самоторможение Диплом жұмысымды қорғағанда қобалжып, бетім ыссылап, ар бур создерімді арен айттым
AKY
диплом қорғағанда мен де аздап қобалжығам, ал магистрлікте былқ етпедім
Erlan
содан 5 алғаныма аздап ұялдым, ондай бағаға жауап бермеген сияқты едім, димпломға саттіллік тілеген туні бойгы тосттардың арқасы болар )
AKY
ал мен 5 алғаныма иялған жоқпын
nurbergen_makym
Диплом қорғағанда Оралдан келген комиссия төрағасы пақанның группаласы болып шықТ. Көңіл айтты, әуелі. Сосын, арақ іштік. Дипломымның да тақырыбы, құрыған тақырып ед, өзі: «Жаһандану идеясының БАҚ-тағы казуализмі»