Жауынгер бейнесі

Осыдан бірнеше күн бұрын Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» кітабын оқыдым. Ол кітапты ұнатқаным соншалық тіпті көз алдыма сонда жазылған әрбір көріністер есімнен кетпей жүр.Бұл кітапта Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы мен автордың диологы берілген. ]Бауыржандай қолбасшының қол астында болған жауынгерлер қандай бақытты болған десеңізші.Ойы ұшқыр, білімді,қайсар кісінің қол астында болсаң жау қолында қалмассың! Әсіресе оның соғыс тактикасы туралы айтқанда Кастроның өзі мойындағаны қуантады. Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар,өр мінезді кісі болған. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған. Бұныда бұл кітаптан көре аласыздар. Сырт көзге қатал қолбасшы болып көрінгенмен, бастан кешкен қиындықарын оқысаң оны басқа жағынан тани аласың. Оның өз командирлері Панфилов, Чистяков, Срябриковты айтсаңшы! Бауыржан батырды тәрбиелеген тамаша орыс командирлері болғанына таңданасыңда,қуанасың.Қазақ халқының бойындағы барлық асыл қасиеттерді Бауржаннан таба аласың. Қазақ елінің осындай батыр ұлдары болғанына мақтанасың да,қуанасын.">
Бөлісу:

13 пікір

Janasil
Атам соғыс кітаптарына құмар еді. Бұл кітап қолынан түспейтін. Оқушы кезімде бұл кітапты атаммен жағаласып жүріп оқыған едім. Жақсы кітап.
asaubota
атаң соғысқа барған ба?
Abilakim
Жоқ, соғыс атасына келіпті десең,ә
Janasil
жоқ. Ол кезде 13 терде болған. Соғыс кезінде аң-құс атып етін өткізген екен.
Abilakim
Тазымен түскен суреті бар сенің атаң емес пе еді?
Janasil
Image Hosted by pixs.ru
Сол жақтағы. Ортадағы кісі соғысқа қатысқан.
Onlasyn
бір қолы жоқ па?
Janasil
Бар. Тазының қарғысын ұстап отыр.
asaubota
соғысқа қатысқандар аса жақтыра бермейді да соғыс туралы кітап, киноларды. өтірік жерлері көп деп.
salta
иә, менің бір нағашы аталарымның бірі моряк болған, соғыс киноларды көрмейтін, соғыс туралы айтса қатты шошитын, жылауға дейін барып…
Abilakim
Қасым Қайсеновтың «Партизан Соқпақтары» атты шығармасы да жақсы кітап.
Janasil
Қасым Қайсеніпте болса керек аштықтан қайыңның қабығын күйсейтін кездері бар.
salta
керемет шығарма… күліп те, жылап та аласың… қайыңды құшақтап ұйықтап кеткен кезінде аяйсың…
lunara
жақсы жазыпсың осы жолдан тайма