Казахские имена немесе современный аттар...

Көбіміз жеке куәлігімізді қарап отырсақ аты жөнімізден ең аз дегенде бір қате табатынымыз шындыққой, мұны ауылда өскендер немесе қазақша білім алған, жанымен тәні қазақтар қате екенін байқаймыз. Ал өздерін сөвременнимыз деп атайтындар, өз аттарындағы сөвременни болып жазылып кеткен қателерді байқамақ түгілі содан кайф алатындары бар екен, әсіресе қыздарымызға қатты ұнаса керек мысалы: бұрын Алмагүл, Айшагүл, Айнагүл деп аталып келген қыздарымыздың аттары Алмакул, Айшакуль, Айнакул болып кеткен, қазақта "гүл болғың келмесе күл бол"-дейтін мақал осыдан шығуы мүмкін. Олардан сұрасаңыз біразы өздерін осылай атаған ұнайтындықтарын немесе дөкументтерінде алғашында орыстар солай жазып жібергенін айтады.
Ия айтпақша орыстар демекші, орыстар солай жазса оны қате деп есептемейді екенбізғой. Олар Жамбыл атамыздың атын — Джамбул деп өзгерткенде оған да үйреніп қалғанбыз. Ал орыстардың атасы Иван Грозный аттас Ивандарды — Диван деп атап көріңіз, олар сізді қайтер екен, "безграмотный баран" атансаңыз жеңіл құтылғаныңыз.

Ал дөкументтерінде дұрыс жазылсада, аттарын бұрып айтатын қарындастарымызда жеткілікті. Аттарына Италия, Германия, Франция деген сияқты «Я»-сы бар аттардыда біздің қыздарымыздан естуге болады екен , Әсел деген қызға таныса қалсаңыз — Аселья, Қамар деген қыздан аты жөнін сұрасаңыз — Камарья. Осыған қарап-ақ аттарымыздың заманауйланып бара жатқанын білуге болатын сияқты.
Бөлісу:

39 пікір

Milzhyng
Сонда қыздарға есімдерінің орысшлаланғанына бәрібір ме.
Aldeken
«Мөлдір» деген есімнің құжаттарда жазылуының 19 нұсқасы бар еді…
Aizhantabyn
бір апай (орыска) Малдир дейтін)))
Zhan
Менің төлқұжатымда Жансая Айтукызы Сыдыкбаева деп "қ" әрпін «к» қылып қате жазған. Еһ, бір кездері Сыдықбай бабам өзінің есімінің соңына «ева», «ова» деген жалғаулардың жалғанатынын білді ме екен? Хорошо что осы күнге жетпей кетіп қалды олар. Шымкентте газетте жүрген жылдары жазған мақалаларымның астына Сыдықбаева деп қоятынмын. Астанаға келген соң газет басылым беттеріне фамилиямды Сыдықбай деп беретін болдым.
Сосын Анар деген қыздардың көпшілігі танысар кезде Анара деп айтады. Айгуля деп танысатындар да бар.
konvict
Анара деген әдемі істілетін секілді, сосын кішкене сыпайылау…
Gulistan
Білмеймін, жасанды сияқты. Дұрысы — «а»сыз айтқан.
a63a1
Айтқұл деген еркек бар паспортында Айткул деп тұр, оны қазақшаға аударсақ Айткүл болад
TERISKEY
қазақта «гүл болғың келмесе күл бол»-дейтін мақал
Janasil
Көп қыздарымыз күл болып жүр екен ғой.

Қыз дегенің Күл емес пе…
Жігіт оның
Janasil
бұның бәрі қалпына келу үшін сәл ғана НАМЫС керек. Әйтпесе бәрі бекершілік.
jambo
Ия дұрыс айтылған,
1. Намыс керек
2. Ерінбей барып құжаттарын дұрыстату керек
Janasil
Құжаты мейлі солай ақ болсын. Бірақ басқа жерде дұрыс атауға, жазуға болады ғой заңды тұрғыда кедергі келмейтін жерлерде.
Delhi
Кеше бір адамнын документің көрдім "«Сембайевич» деп жазыпты)) Сауатты адамды отырғызу керек қой ондай жерлерге. "Қуанышқызы" дегенді Қуанқызы деп жазып жіберіп, дұрыстай алмай жүргендер барғой.
jambo
Осындай қыздардың ішінде Дельфинада бар
Delhi
Менің нигімде тұрған не бар. Мен бұл никті ойдан таппадым, сондай бір сахналық қойылым болды сол кезде Дельфина ролін сомдағанмын. Содан қалған
konvict
Толеранттылық сақтауымыз керек. Егер бірден бәрін дұрыстап жібере болсақ орыстар ренжіп қалады
satibaldi
Ол қойня, Мой Мирде Жулдыза деген бір қыз бар. Аты да, суреті де айтып тұр: сөзсіз беред.
Delhi
Аяулым деген сіңлім бар. Мектепте оқиды, алған дипломдарында аттары әртүрлі, Мұғалімдердің өздері жазған «Айаулым, Айяулым»  тіптен түсінбедім.
Marco
Тілеуқабылды Телекабель қылғандардан не сұраймыз…
Aldeken
Не ғо, өткенде КВН-да бір әзіл болған. «Осы КВН-да қыз туралы әзіл болса, қыздың аты міндетті түрде Айгүл болып келеді. Сонда Айгүлдің жазығы не?» деген сұраққа Атыраудың командасы "Әке-шешесінен көрсін, фантазиялары дұрыс дамымаған" деп ед.
Жалып құжатта аттарың дұрыс жазылмаса, оны паспортный стол немесе ЗАГС қызметкерлерінен емес, негізі ата-аналарыңнан көрулерің керек. Былтыр осы мәселе бойынша Оразкүл Асанғазымен біраз сөзге келіп қалғанбыз бір жиында.
Мәселе мынада, опшым. Сенбесеңдер, Нұрғисадан сұраңдар, балаға туу туралы куәлік алуға барғанда оның аты-жөнін қызметкер емес, өтініш беруші баланың әкесі немесе шешесі толтырады. Ал, қандай да бір жағдайға байланысты ол баласының атын дұрыс жазбай тұрса, (мысалы Әйгерім деген керемет есімді ата-анасы баланың алғашқы құжатына Айгерима деп жазып тұрса) қызметкер оны өзгертуге құқы жоқ, себебі баланың атын қалай жазу, ең алдымен ата-ананың құқығы. (Жаңағы Айгерима деп жазып бергенді қызметкерлер Әйгерім деп жазып көрсінші, ана гламурный ата-ана соттатып жіберсін, нақ). Ал, ондай ата-аналарға мемлекеттік орган өкілі ретінде «балаңыздың есімі, қазақ тілінің емлесі бойынша былай жазылуы керек» деп кесертпе жасайын десе, ол байғұстарда ең болмаса бір қазақ есімінің дұрыс жазу емлесі бекітілмеген, тілкомитетінссс… Оразкүл апамызбен де басты хай-вай осы мәселе бойынша болып еді, ол кісінің айтуынша, ана ЗАГС пен паспортный столдағылар тез арада, барлық қазақ азаматтарының аттарын қазақша дұрыстап шығуы тиіс екен, «Ау, апа, дұрыстап шығуға дайынмын, тек маған менің Алдан деген атымның осы бес әріптен ғана тұруы керек есім екенін растайтын бір құжат берші» десем, «сен патриот емессің, халықтың қамын жемейсің» дегенге келтірді.
Опшым, солай, қазақ есімдерінің жазылуын біріздендіріп, жүйелемей тұрып, жоғарыдағы сорақылықтың әлі түрін көреміз.
Aldeken
лібәәә, пікірім пост боолып кетіпті ғо…
Zhan
Көрініп тұр, қатты қызып кетіпсің. Дегенмен, паспорт столдағылар ғана емес, ата-ана да кінәлі де. Мен білмейтін ақпар екен.
Aldeken
енді 20 минут күтсең, үйіңе өзім апарывстаймын…
asaubota
үлкен ұлдың құжатын роддомнан шығарда берді. сонда әйеліме алдын ала қағазға анық қылып жазып бердім, кейін қате болмасын, орысша жазылып кетпесін деп. кіші ұлдыкін ЦОНға өзім барып, онда да дұрыс қылып жазып бердім.

ата-анасының кінәсі дегенге келісемін.
Ottegin
Алып-қосары жоқ, қызымның құжаттарын дайындауға барғанда өз қолыммен ГауҺар деп жазып берген болатынмын, ал сол туу туралы куәліктің электрондық нұсқасында дұрыс жазылғанын монитордан көрсеткен ЦОН қызметкері
Adiletshu
Менің көршім бар. Аты — Айнура. Иә, иә. Дәл солай. Айнұр десең, менің атым Айнұр емес Айнура дейді.
Aizhantabyn
Әдемі дегеннен ұялған біреу Адема, Эдема, немесе Эдем боп жүр ғой)) Жалпы маған көп адам Айжана, Айжанчик, Айжаночка дейді де тура бір «малютка» көргендей)))
Gastarbaiter

Ләбіттер-ай,
Бірде менің досым Өзбекстаннан бір енді куколка сұлу қыз ұстап алыпты. Солармен жастархандас боп отырып, таныстырып жатқанда, атың кім десек, Уринкуля, дейді.
— Қойнақ, Орынкүл шығар десем,
-Да, по паспорту так, но все меня зовут Урина дейді.
 Білә-білә, бұт кеппеген кештердің бірі болды-ау сол кеш маған.
Очм, әлгі қызды көрсем «уринотерапия» есіме түсе береді.
Aizhantabyn
)))))))))))))))))))) hahahahahhahahhaha, biwara dese D Urina DD
VKM
Мәлике дегендерге жыным келеді)))
Milzhyng
Дұрысы сол ма?
VKM
Малика ғой
Milzhyng
Мәлике деген ше?
VKM
Құжатта Маликамын)
Milzhyng
Дұрыс емес болса, паспорттағыні өзгертуге болады.
Gastarbaiter
Негізі Мәлик -деген патша дегенді білдіреді ғой деймін.