Ертеңіңді бүгін ойла (тәжірибе алмасу)
Алдын «Керекинфо» сорпасы. Арнайы бойдақтарға және уақытша әйелсіздерге тақырыбында түшпара дайындап қатырып алу жайлы жазған едім, бүгін соны аздап суретпен әрлеп түсіндіруге сәт түсіп тұр. Тақырыбымды Арайдың тәжірибе алмасу таяқшалар тақырыбының жалғасы деп ұғыңыздар.
Алдымен шашты буып не өріп, басқа орамал тартамыз. Сосын қамыр илеп аламыз, суға тұз салып (жұмыртқасыз да болады) қамыр ауқаттыкіндей илейміз. Иленген қамырды иі қанған соң, жақсылап жаямыз, жайылған қамырды "қасиетті" шынымен кесіп аламыз.
Бүгілген түшпараны тоңазтқышқа салып, қатырамыз.
Қатырылған түшпараны пакетке салып, көп уақыт сақтауға болады.
Ас дәмді болсын!

Тұшпарадан гөрі, өзің 1-пыланға шығып кетіпсің
Қарап жүргенше жарнама, олигархтарға арналған, осы сайтқа адасып кіріп кетіп жатса көз қырын салып кетсін деееп
Ағасы, қатырасыз ващще ))
Құрамы неге жазылмаған? Және қамырдың ішіне не салғаныңызды өзіңіз ғана білесіз Қалжың ғой, осы тұстары қалып кетіпті. Оған қоса, фарштың қай түрін рекомендейсіз? Мен мысалға, дүкенде сатылатынын қорқа-қорқа қолданамын.
Бұл жерде полиэтилен пакеттің зияндылығы ма, жоқ әлде басқа да кінәрат бола ма?
Сақтауға болады, кінәрат жоқ )
Осы тамақ неге есіме келмеген дим де, бүгін-ертең жасамасам нандри
"Құдайдың берген қамыры мен етін осылай ұқсатып жеуге болады ғой, қайдағы қытайдың сорпасымен асқазанды қиратып, капе жағалап ақша құртқанша? Үй атаңа ға нәлеттер кілең, енді қалғаны мұны да мен істеп беруім керек! Вахтадан тағы екі күн кешіккенде аштан қатайын деп отыр екенсіңдер! Құдайдың берген тамағын істеп жей алмаған деген көргенсіздік қой қарап тұрсақ. Жей бер ал енді пісіріп!"
деп қалыпсыз ғой…
Шашты өріп, басқа орамал тағыпсың.Бірақ қолыңды жууды ұмытып кетіпсің