Жас жұбайлар немесе менің атам!
Отасқандарына 62 жыл! Гауһар тойдан көрініс! 2009 ж. 5 желтоқсан.
Сүйікті кемпірі Әнипамен Шымқаладағы Шәмші аллеясында жүр (Махаббат екеуі)
Атамның бір кез ойға кететін сәттері
Қаладан келген күйеу балдары шөп орылымы кезінде
Атам Пердебек, апам Әнипа және мен!
Адам қартайған сайын бала сияқты болып кететіні рас екен. Атам мен апамды сағынып кеттім. Былтыр Жаңа жылды солармен бірге қарсы алып едім. Биыл бара алмадым.
Атам Пердебек жасы 85-те. Апам 80-де. 6 қыз, 1 ұлы бар. Сол жалғыз ұлдың тұңғышымын. Негізі, біздің әулетте еркек кіндік аз. Содан ба, біздің семьяда ер адамдардың авторитеті басым. Қыздан көп нәрсе жоқ. Апамның үлкен қызы Ажар әпше де тура апам сияқты 6 қыз, 1 ұл туса, екінші әпшем Фариданың 4 қызы бар, ұлы кішкентай кезінде шетінеп кеткен. Қалған әпшелерімде де бір-екі баладан ғана бар. Қалғаны қыздар Ал, менің құдайға шүкір үш інім бар.
Айтпақшы, мен ес білгелі атам билемейтін. Қандай тойға барсақ та, билегенін көрмеппін. Былтыр Шымкентке барсам немересі Мөлдір атамды Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздарына» билетіп, соткасына түсіріп алыпты. Соны осында қалай қосуды білмей отырмын.
Атам мен апам қысқа күнде қырық рет ұрсып, қырық рет достасады. Атамның кейбір қылықтарын апам әлі күнге дейін жөндеп отырады. Негізі журналист болуыма атам әсер етті. Үзбей газетке жазылады, кешкісін міндетті түрде теледидардан жаңалықтарды қарайды. Елбасыны құрметтейді, амандығын тілеп отырады. Маған бала кезімнен ертегі, түрлі аңыздар айтып берген де атам. Бұрын ауылда жүрген кезінде атам жұма сайын мешітке баратын. Жас ұлғайған соң бара алмай қалды. Қазір екеуі де Шымқалада қыздарының қолында. Ауылда өзімен қатарлас шалдардың көбісі қайтыс болып кетті. Шыны керек, ауылда 1-ақ штук боп менің атам қалды Содан ба, қалған кемпірлердің бәрі "Әй, Әнипа, сен бақыттысың, шалың қасыңда" деп қағыта қалжыңдайтын. Сосын менің апам жаман қызғаншақ, әлі күнге дейін шалын абысыны Хатша ападан, марқұм көршісі Мінәй ападан қызғанатын. Шалын қалаға алып кетіп, көңілі енді ғана тыныш тапқан шығар. Махаббат деген жасқа қарамайды екен. Сосын немерелері қаладан тау ата, тау апаға барамыз дейді. Майбұлақтың жолдарын «Пердебек тас жолы» деп әзілдейді. Қыздары әке-шешесін Аня Петровна деп еркелетеді. Ромео-Джульетта, Жібек пен Төлеген, Қозы-Баян деп мәз қып қояды екеуін. Осы жерде мақтана кетейін, немерелерінің ішінде менің орным ерекше! Соған басқа қыздары аздап қызғанып та қалады. Күйеу балдары мен қыздары атам пен апама жарыса сыйлық жасайды. Ұзын-сөздің қысқасы менің атам красавчик!
атаны неге ата дейсіңдер айтпақшы?
апамды ғана білемін. оның өзі кеткеніне он үш жыл болыпты.
қызығамын.
Ал нағашы әжем да ерте кеткен, атам болса қыздың балаларына онша қарамаушы ед, ол да кетті өткен жылы.
Жамаааааан қызығып отырмын, тіл-көзден аман, дендері сау болып, бір-бірлерін қызғанып жүре берсін
Менің әкем атамнан бес жасында қалған, мамам (әжем) 17 жасымда қайтыс болып кетті. Сондықтан да оларға іште деген сағынышым орасан, бейітіне барғанда қайта қауышқандай боламын.
Ата апаңыз аман болсын!
Әжең модница ғо әжеңе ұқсайсың демей ме?
Соңғы суретпен жазылған мақалаңызды бұрын оқығанмын, осы жерден сізді көргенде тез-ақ таныдым.
Атамның көзін көрмегеніммен, әжемнің айтуымен ол кісі жайында білемін. Тіпті, жақында бір газет бетінен қызықты оқиғаларын оқыдық.
Мына ан қарт жубайларга арналады
Бізде ұқсастық бар екен, Жансая:-)
1.Бізде де 7 бала — 5 қыз, 2 ұл (Құдай көптің етпесін)
2.Жиен немере болсам да, немерелер арасында кәдімгідй аптаритетім болатын (әлі де бар, Құдайға шүкір)
3.Мен де атамның билегенін көрген емеспін. Тек сол алтын тойда бір құдағиы билеткені бар.
4.Атам барда «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерін жаздырып алатын.Қазір жоқ.
5.Елбасын жақтап, тілеуін тілеп отыратын.
6. Әпке, тәтелерім Анна Ажибаевна, Петр Устинович дейтін қалжыңдап.
Атамды сағынып кеттім. Фото, видео болғандығы қандай жақсы. Бүгінде қаншама естеліктер бар. Бірақ сол естеліктер көңілді босатып жібереді.
Ата-апалар аман болсын! Жүз жасасын!!!
Мамаңа көрсетпей бір, папаңа көрсетпей бір зейнатақысын беріп тұратын ата-әжелер ващще ұнайды )