Қытайлық вебмастердің сұхбаты

«Сен қазақ» деген сайтты ашқан Ақытбек және Қалиәкбар деген екі жігіт «Жас алаш» газетінің тілшісіне сұхбат беріпті. оқып отырып мынадай ойға қалады екенсің: күнініе жүз мың адам кіретін Қазақша сайт бар ма өзі? кейбір сөздері шындыққа жанаспайтындай екен. сонымен сілтемесін қоймай -ақ жариалай салдым осында.

«Арманымыз – Қазақ елiнiң дербес порталын жасау»
Ақытбек пен Қалиәкбар

Қытайда қазақ тiлiнде хабар тарататын қырықтан астам интернет сайты бар. Олардың iшiндегi ең танымалдары – “Күлтегiн”, “Сен қазақ”, “Бозбала”. Қытайдағы қазақтiлдi сайттар үкiмет тарапынан қаржыландырылмайды. Торапты ұйымдастырушы қандастарымыз сайт шығындарын өз қалтасынан өтейдi. Үрiмшiге жолымыз түскенде “Сен қазақ” сайтын ашқан жiгiттермен танысудың сәтi түстi. Ақытбек Шеризатұлы мен Қалиәкбар Үсемқанұлы Қытайдағы қандастардың ұлттық рухани байлығын дамыту керек болғандықтан, осы сайтты ұйымдастырдық дейдi. Қалиәкбар Үрiмшiде шығатын “Шыңжаң” газетiнiң тiлшiсi. Ал Ақытбек – кәсiпкер. Бiздi осы екi қандасымыздың ұлтжандылығы мен рухының биiктiгi ерекше тамсандырды. Екеуi Қазақстанда әлi күнге дейiн ұлттық символға айналған, күллi қазақтың басын қосатын iрi әмбебап порталдың жоқтығына қынжылады. “Қазақстанға қайтып оралғанда, қазақ үкiметi ақша бөлiп берсе, осы iстi мықтап қолға алар едiм”, – дейдi Ақытбек.

“СЕН ҚАЗАҚ” ПОРТАЛЫН ӨЗ КҮШIМIЗБЕН АШТЫҚ”

– Ең алдымен “Сен қазақ” порталы жайлы айтып берсеңiздер. Оның бағыты қандай?

Ақытбек: – Портал 2005 жылы ашылды. Бастапқыда “Жұңғо қазақтар сайты” деп ашылған болатын. Ол кезде Қытайда қазақтiлдi сайттар жоқтың қасы едi. Қытай қазақтары үшiн қазақ тiлiнде сөйлесетiн, бiлiм алатын орта керек болды. Сайт атауы ұзақ болғандықтан, кейiннен оның атауын қысқа әрi есте сақталатындай етiп “Сен қазақ” деп өзгерттiк. Бұл – танымдық портал. Онда форум арқылы пiкiр алмасамыз. Жаңалықтар, елдегi хабар-ошарларды берiп отырамыз. Қытайлық сайттан ғана емес, Қазақстандағы сайттардан да мақала алып жариялаймыз. Порталда жиырмадан астам айдар бар. Жаңалықтар, қазақ тарихы, спорт, қыз-келiншектерге, балаларға арналған, медициналық және жастар мәселесiн талқылайтын айдарлар жетерлiк.
Ал ендi сайтты қалай мағлұматқа толтырамыз дегенге келсек, оған қолқабыс беретiн ерiктiлер бар. Жылт еткен жаңалық, қазаққа қатысты деректер болса, оның бәрi бiздiң ерiктiлердiң назарынан тыс қалмайды.
Қалиәкбар: – Негiзiнен, “Сен қазақ” сайтының бастапқы құрушысы – Уатқан Ырысұлы мен Ақытбек. Қалғандары ерiктiлер.
Уатқанның кейiнгi кездерi жұмысбасты болып кеткендiктен, 3-4 жылдан берi сайттың барлық жұмысы Ақытбектiң мойнында. Иелiк құқығы да Ақытбектiң атына тiркеулi.
Ақытбек: – Бiзге қол ұшын созатын ерiктiлердi танымаймын. Бiреуi Бейжiң немесе Үрiмшiде, ендi бiрi Алтай не Құлжада болуы мүмкiн. Сол тораптың басқарушылығымен отызға тарта адам айналысады. Бұлардың iшiнде заңгер, дәрiгер, жазушы, т.б. кәсiп иелерi бар. Ешқайсысы бұл үшiн ақша алмайды. Әркiм қолынан келгенше торапқа үлес қосады. Неге десеңiз, ұлтымыздың рухани байлығын дамыту қажеттiлiгiнен ашылғандықтан, қаны бiр қазақтың еңбегiн бұлдамайды, керiсiнше әркiм шамасының жеткенiнше қаржылай көмек көрсетедi. Сайттың шығындары жылына екi мың долларға жетедi. Оны өз қалтамыздан шығарамыз. Рас, кей-кейде қолдаушылар табылып, қолынан келгенше қаржылай көмек көрсетедi. Жарнама берушiлер де баршылық. Сайтқа күнiне жүз мың адам кiредi.
Сайтымызда әдебиет мәселесi де кеңiнен қамтылады. Отызға тарта повестi бердiк. Кейбiреулерiнiң аудиожазбалары бар. Оны айтасыз, сайтымыздан Габриэль Гарсиа Маркестiң “Жүз жылдық жалғыздығын” да табасыз. Оны қандасымыздың бiрi ерiнбей төте жазуға көшiрiп басып шыққан. Бiздi осындағы қазақ жастарының идеялық бiрлiгi қуантады. Қазақстан сайттарында, басылымдарында жарық көрген тамаша шығармалар бүгiн жарияланса, бұл жақта ертесi төте жазу үлгiсiндегi нұсқасы жарық көредi.
Қалиәкбар: – Жалпы, қай кезде де алдымыздан осы жазу мәселесi кесекөлдеңдеп шыға бередi. Дүниежүзiндегi қазақтар мен Қазақстандағы қазақтардың бiр орталыққа ұйыса алмауының себебi де осы. Бiзде кириллицаны төте жазуға аударатын бағдарламалар бар. Бiрақ қотарудың дұрыстық нәтижесi жетпiс пайыз ғана. Автоматты түрде аударылғанда, кейбiр әрiптердiң сәйкеспей қалатыны бар. Техникалық мәселенi шешудiң жолы табылар, дегенмен, дүниежүзiндегi қазақтардың жазуын бiрлiкке келтiрмейiнше, бұл мәселе әлемдегi қазақтардың қарым-қатынасына тұсау бола беретiнi түсiнiктi.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ АГЕНТI МЕН СКАЙПЫ НЕГЕ ЖОҚ?

– Қазақстанға, атажұртқа қайтып оралу ойларыңызда бар ма?

Ақытбек: – Қазақстанға қайтып бару ойымда бар. Егер Қазақстанға көшiп барсам, қолға алғым келетiн бiр iс бар. Әр мемлекеттiң өз брендiсi болады. Интернетте де дәл солай. Ортақ iрi портал болуы керек. Мәселен, Ресейде, yandex, mail.ru бар. Қытайда да осындай танымал порталдар баршылық. Ал Қазақстанда неге ол әлi күнге дейiн жоқ? Арманым – сондай дүниенi жасау. Mail.ru тәрiздi күллi қазаққа қызмет көрсететiн портал қажет-ақ.

– Қазақстанда да қазақша порталдар бар.

Қалиәкбар: – Бiздiң олар ұстанатын бағытқа көңiлiмiз тола бермейдi. Олардың бағыты әрқилы, керек десеңiз, оларда идеялық бiрлiк аз секiлдi сезiледi. Қазақты бiрiктiретiн ортақ идея болуы тиiс. Ол не десеңiз, бұл – Қазақстанның тәуелсiздiгi. Ол бiзге оңайға келген жоқ. Олай болса, неге осы идеяны ұрпаққа сiңiрмеймiз? Қазақты ұлттық рухқа, жақсы тұрмысқа, дамуға бастайтын идеяларды көтеру керек.
Ақытбек: – Қазақстанның өз ұлттық порталын жасау – заман талабы. Мәселен, қазақ жастары Ресейдiң mail. ru агентiн, Батыстың скайпын пайдаланады. Ал бiрақ қазақтың өз агентiн, өз скайпын жасауға болады ғой. Әлеуметтiк желiнi жасау оңай. Мәселен, Қытайда кью-кью (QQ) бар. Оны бiз көкек деймiз. Ол американдық скайптың көшiрмесi. Есесiне, бiр минутта сол көкекте бес жүз миллион адам отырады.
Мәселен, Қазақстанда жиi пайдаланылатын mail.ru – Ресейдiкi. Ал бұл Ресей идеологиясы қазаққа сiңiп жатыр деген сөз. Бiр ұлттың идеологиясына қарсы тұру үшiн соған лайық дүниең болуы шарт. Яғни, шетелден келетiн вирусқа қарсы антивирусың болуы керек. Ал ол жоқ болса, амалсыздан өзге елге бағынышты боласың.
Қалиәкбар: – Қытайдан google iздеу порталы шегiндi. Бiрақ ол кеттi екен деп байбалам салған қытай жағы жоқ. Себебi Қытайда одан еш кем түспейтiн бәйду (baidu) деген портал бар.
Бiздiкi тек ұлттық рухани байлығы үшiн iстеп жүрген тiрлiк. Әйтпесе, Ақытбектiң де, менiң де өз кәсiбiмiз, жұмысымыз бар. “Бiз қазақ деген халықпыз” деуге мүмкiндiк беретiн тұтастық керек. Қытайлық ақпарат құралдары да жағымсыз нәрсенi жазады. Бiрақ қанша жерден шулатса да олар Отан тұтастығы, қытай мемлекетiн күшейту деген идеядан ауытқымайды.
Бiз елге оралсақ, “Қазақстанға не ала барамыз?” деймiз. Қазақстанға көшi-қон басталған 1991 жылы малшының өзi етiк жамауды үйрендi. Не үшiн? “Елге барсақ, тым болмаса аяқ киiм жамап бермеймiз бе” деген ой. Өкiнiштiсi, оны iске асыра алмады. Қазақстандағы қағазбастылық оған ырық бергiзбедi. “Қазақстан емес, Қағазстан екен” деп қайтып келгендер болды. Израильге қайтып барған еврейлер өздерiмен бiрге әлем техникасын алып барғаны белгiлi. Қазақстан бiздi шақырғанда да солай болатын шығар дескенбiз. Бiрақ олай болмады. Мәселен, атажұртқа кеткен менiң бiр ауылдас дәрiгерiм система салуға қажеттi ине өндiрiсiн жолға қоймақ болыпты. Алты жыл өтсе де, соны ендiре алмады. Ал Қазақстан болса осы құрал-жабдықты шетелден алып отыр. Сол сияқты Жапонияда дәрiгер мамандығын бiтiрiп, Қазақстанға қоныс аударған Уатхан деген мықты азамат бар. Бiрақ ол елге барғанда немен айналысып жүр дейсiз ғой? Саудамен. Ал қазақтар болса Қытайға келiп емделедi.
“ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚТАР ОРЫСША СӨЙЛЕЙДI” ДЕГЕН ПIКIР ҚАЛЫПТАСТЫ”

– Қазақстанға көшi-қонның қаңтарылып қалуының бiр себебi осы шығар, бәлкiм?

Қалиәкбар: – Қытай қазақтарының атажұртқа көшуiнде мәселе жоқ. Виза алып, туысшылап кетiп жатқандары бар. Қажеттi құжаттарыңызды дайындасаңыз болғаны, көшу-көшпеу өз еркiңiзде. Ал қытай қазақтарының көшi неге ақырындап қалды десеңiз, соңғы кездерi қытай үкiметi тарапынан халыққа көңiл бөлу қатты күшейдi. Малшыларға үй салып беру, оларды отырықтандыру, егiстiк жердi 50 жылға жалға беру дегендей түрлi саясат қолға алынды. Бұл – Қытайдағы барлық ұлттардың саяси теңдiгiнен туындайтын саясат.
Жасыратыны жоқ, Қазақстанға кеткендердiң арасында Қытайға қайтадан қайтып келiп жатқандар бар. Олар “жер болмады” деп түрлi жағымсыз үгiттердi айтады. Қытайдағы әр отбасының иелiгiнде 50 жылға берiлген жекеменшiк жер бар. Қазақстанға барған соң тоқымдай жердi жалға алып жатқан соң, әрине, кiмнiң жылы орынды суытқысы келсiн. Оның үстiне халыққа көңiл бөлу саясаты тiптi күшейдi. Малшыларға үй салып беруге, оларды отырықтандыруға үкiмет ақша бөлiп жатыр. Әртүрлi қамсыздандыру саясаты қолға алынды. Қытайдағы қазақтардың сексен пайызы не малшы, не егiншi. Қытай үкiметi малшыларды отырықтандыру арқылы мал шаруашылығын өркендетуге жақсы жағдай жасап жатыр. Сол тәрiздi қазақ даласын да неге малға толтырмасқа? Тек соған тиiстi жағдай жасау керек.

– Қытайдағы қандастарымыз балаларын қытай тiлiнде оқытып жатқан көрiнедi. Қытайландыру саясатының кесiрiнен қандастарымыз тiлден айырылып қалмай ма? Ұрпақтардың қытайға жұтылып қалу қаупi бар ма?

Қалиәкбар: – “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деген нақыл бар. Қытайда қос тiл саясаты бар. Қытайдың мемлекеттiк тiлi – қытай тiлi. Онсыз жан баға алмайсың. Ол қажеттiлiк, қытай тiлiн бiлмесең, нан сұрап жей алмайсың. Ол тiптi малшылардың өзiне қажет. Бiрақ қалың қытайдың арасында оқып жатса да, қазақтар өз тiлiн жоғалтып жатқан жоқ. Мектепте қытайша оқығанмен, отбасында қазақша сөйлейдi. Негiзiнде қытай үкiметi “балаңды қытай тiлiнде оқыт” деп зорлық қылмайды, ол ата-аналардың еркiндегi iс. Үрiмшiде таза қазақ тiлiнде оқытатын №17 мектеп бар. Бiрақ ондағы бiр сыныптарда қазақша оқитын балалардың саны тым аз. Себебi қытай тiлiн бiлу – қажеттiлiк. Қалың халықтың арасында өмiр сүрiп жатқандықтан, олардың ықпалы болуы – заңдылық. Бiрақ өз басым қазақы рух жоғалмаған жерде қазақ тiлi жоғалады дегенге сенбеймiн.
Ақытбек: – Расын айтқанда, Қытайдағы қазақтардың кейбiр атау терминдерi толық қалыптаспаған. Ал Қытайда қытай тiлiнде күнiне жүзден астам термин жасалады екен. Амал жоқ, сол қытай терминдерiн қабылдаймыз. Менiңше, Қазақстан жағы осы мәселенi шешiп, терминдер сөздiгiн жасауға күш салса, құба-құп болар едi. Себебi зат атауларының бәрi өзге тiлден алынса, өз ұлтыңның тiлi дамымайды.
Қалиәкбар: – Мәселен, сiздерде де кейбiр терминдер орыс тiлiнен алынған. Сiздер “мышка” десеңiздер, бiз компьютердiң сол құрылғысын “тiнтуiр”, құлаққа салып тыңдайтын құралды “тыңдауыр”, курсивтi “нұржетек” деймiз.
Жалпы, осындағы қандастардың “бiз қазақпыз” деген идеясы өшкен жоқ. Алайда Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста орыс тiлi үстемдiк құрып тұр. Себебi бiздiң елге сапарлап келген қазақ басшылары орысша сөйлейдi. Бұрын қытай жағы екiжақты қарым-қатынас кезiнде қазақ тiлiнде сөйлейтiн аудармашы дайындайтын. Қазiр орыс тiлiнде сөйлейтiн аудармашы iздейдi. Себебi Қытайда қазақтар орысша сөйлейдi екен деген таным толық қалыптасқан.
Менiңше, Қазақстан Германия мен Израиль қолданған саясатты қолға алуы керек. Шетелден қоныс аударатын қандастар тезiрек бауыр басуы үшiн оларды ортаға бейiмдеу жағын ойластыруы қажет-ақ.
Бiздi дұрыс түсiнiңiздер, бiздiкi сынап-мiнеу не “ақыл айтқандық” емес. Отаның болған соң “шiркiн-ай, осылай болса ғой” деген тiлекпен айтып отырғанымыз.

– Әңгiмелерiңiзге көп рақмет! Бұл ниеттерiңiз қабыл болып, атажұртқа ертерек оралыңыздар!

elnur-alimova@mail.ru
Әңгiмелескен –
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ.
Бөлісу:

47 пікір

madlen
уфффф, қандай көпәріп. Сержан, мынаны біраз арасын бөліп, сұхбат алушының сұрақтары мен сұхбат берушінің жауаптарын белгілеп деген сияқты жасасаңыз болатын еді. Тақырып қызық екен, бірақ оны ұсынуыңыз ужас.
asaubota
Жас алаш өзі қандай жауаптар алғысы келді, сондай сұрақтар қойып мақсаттарына жеткен сияқты.

сайттарды әлі адам өз бетімен, өз күшімен жасайды дегенге сенбейтін сияқты біздікілер.
Gastarbaiter
қандай жауаптар алғысы келді, сондай сұрақтар қойып
Түсінбедім, мына әрекеттің несі дұрыс емес?
asaubota
сұрақты жауабымен бірге қояды да просто.
satibaldi
Қытайдағы қандастарымыз балаларын қытай тiлiнде оқытып жатқан көрiнедi. Қытайландыру саясатының кесiрiнен қандастарымыз тiлден айырылып қалмай ма?
Лібә, пиздец наглость енді нақ. Енді қытайша оқытпағанда, қазақша оқыта ма не?
Қаззақтар өздерін ұлы-ұлы-ұлы деп, шектен шығып кетті білә. Талдыру керек нақ, қазақ тілінде сөйлеусуге тиым салдыратын заң қабылдау керек.
Өзіңнің аулаңдағы қаззақшаңды түзеп ал білә. Тотақбас, пиздун тілші. Қытайдай мемлекет болып ал әуелі.
Aldeken
Өзіңнің аулаңдағы қаззақшаңды түзеп ал білә.
Өртейсің, Сатеке!
Gastarbaiter
Айтпанақ, мына ресурсқа ештеме жазбай-ақ, тек оқып отырсам да болады екен ғой, сен барда))
satibaldi
Қаззақ өнерінің жахуйттары совет кезінде жасалған, жазылған. Сарыарқа да, Қыз Жібек те, барлығы да. Өнерде, ғылымда, әдебиет-мәдениетте 1989 жылдан кейін іліп алатын шопақ та жоқ. Бұл қаззақ деген мақұлықтардың тек біреу қысқан кезде ғана мұңдас қатындар құсап, ауызжаласып, бауырласа қалатынын білдіреді. Бүйткен бірліктің — шешесін!
Өз басым Қытайға концессияға қаззақтардан сұраған жерлерінің барлығын тегін беріп жіберер едім. Олар да құдайдың баласы нақ, ең болмаса рақатын көрсін.
Журик тағы да журье отрядынан екенін көрсетті, соны әңгіме деп салып жүрген мынау Сержан да — дүрдараз екен, нақ.
Marco
Сарыарқа да, Қыз Жібек те, барлығы да
Қой нақ, «Сарыарқа» Құрманғазының күйі болса, ол амиго Кеңес үкіметіне дейін Аидтың боданы болып үлгерген ғо! "Қыз Жібек" эпосының қалыптасқан уақыты 16 ғасыр. Тек фильм шығар совет кезінде түсірілген.
Лібә, мен де қысып отырмай…
satibaldi
Сарыарқаның симфониялық түрң мен Қыз Жібек пильмі дегенім ғой.
Marco
уффф, бір құшақ бұтақ арқалап кетем бе деп қорқып едім)))
Zilola
Миыма салмак болар деп бул такырыпка кiрмей журсем, пiкiрлер ортейД на )))
Бiр кушак деген ващще, фанатынмын!
Gastarbaiter
бір құшақ бұтақ
Сатыбалды мына комменттен кейін ұялып, қыздай қылымсып қалған шығар, тәлібтің
Gastarbaiter
Жоғарыдағы сөзімді қайтып алдым, мына жазбаңнан «Балан үйрек» синдромы байқалады. Асүйлік психоанализінссс…
Marco
ой еее, недеватсын???
Marco
курсивтi “нұржетек” деймiз.
Нұр Отандықтар естігенде жігіттер 20-жылдыққа медаль алатын еді)))
satibaldi
Менiңше, Қазақстан Германия мен Израиль қолданған саясатты қолға алуы керек.
Аха, жепсің нақ, күте тұр, бәлкім Иса екінші келіп кеткеннен кейін болмаса.
patick
Қытай қаззақтары неткен көбік ауыз еді.
serjan
Көбік ауыз емес Қазақтар "Қызыл кітапта" ғой қазір.
patick
"Қызыл кітапқа" енгізу арқылы қазақтарды ресми түрде жануарлар санаты қосу — адамзат үшін үлкен іс болар еді
satibaldi
Әңгiмелерiңiзге көп рақмет! Бұл ниеттерiңiз қабыл болып, атажұртқа ертерек оралыңыздар!
Аха, пездес күтіп алып қоям дейсің ғой.
izbasar
Оларды түсінбепсің!
satibaldi
Мәселен, Қазақстанда жиi пайдаланылатын mail.ru – Ресейдiкi.
Жеген екен, Mail.Ru — қытайлық компанияның жеке меншігі.
satibaldi
serjan , қытай азаматтығын қалай алуға болады?
serjan
Бір жолы бар менің құжаттарымның көшірмесін апар, бұрын осында туылғанмын дейсің содан Сержан боп жүресің сонда.
e_zhalgas
жазуға тақырып таппай дал болған журналист шаш жұлып, тамақ жыртып біраз қайғыға берілген ұқсайды. нәтижесі — көз алдымызда! бос сөздер ғана!
elnur-alimova@mail.ru
Әңгiмелескен –
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ.
мынау әдреске ашу мен ызаға булыққан құсық хаттар жаусын, ендеше
a63a1
Бұғақты қыз екен
qisyq
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ АГЕНТI МЕН СКАЙПЫ НЕГЕ ЖОҚ?
Себебі агент пен скайп бар ғой.
Zilola
Уахахахаха!!!
Димаш олтiрдiн го бiр жола )))
Пікір өшірілді
qisyq
Кімсің сен менің әкемді құлға теңейтін?! Аузыңа келгенді оттамай жүр.
Пікір өшірілді
qisyq
Бақытсыз екенсің ғой, Айбек-Ізбасар.… аяймын сені… Құдай аясын. Ештеңе етпейді әлі-ақ қазақта әлемге танытасың. Тек осы бетіңнен тайма.
izbasar
Иә, мені ая, майл мен скайпқа телміріп отырған сені, басқаныда аяй отырсаң артық етпейді.
izbasar
Иә мені ая, майл, скайфқа телміріп отырған өзіңді, басқаларды аяй отыр.
User
Сiздер “мышка” десеңiздер, бiз компьютердiң сол құрылғысын “тiнтуiр”, құлаққа салып тыңдайтын құралды “тыңдауыр”, курсивтi “нұржетек” деймiз.

И чо
omarbirat
курсивтi “нұржетек” деймiз.
Курсорды ше?
janarbek
Ақытбек және Қалиәкбарларға рақмет!іс теріңен сәттілік тілеимін!
Mansy_kz
Қыртыпты мына қазақ, қытай ксеркопияның отаны ғой. Өздері мойындап отыр америкадан алдык скайптын көшірмесін деп гугулдің көшірмесінде проста бұл жақта халықтың көптігімен олар пайдаға асып отыр. Ал бізге келсе түкте істей алмайды.
Арманым – сондай дүниенi жасау. Mail.ru тәрiздi күллi қазаққа қызмет көрсететiн портал қажет-ақ.
бұндай портал жасау оны іске қосу түсіңізге дей кірмей ак койсын ол үшын халық кемі 30 млн болуы керек.