Нағыз достық махаббат

Достар Ютубтан бір видео көрдім. Сосын менің Қасқырларға деген қызығушылығым қатты оянып кетті. Нағыз достық махаббат деген осы емес пе? Қандай бауыр ағайынды қасқырлар еді. Өздеріңіз де бір көріп жіберсеңіздер. Әрине өте қызық.

Сосын ана Қасқырларды аяп кеттім. Қандай сүйкімді қайырымды еді десейші. Нағыз достық махаббат деген осы еді.."
Бөлісу:

33 пікір

meirzhan
Бұл драмматикалық актерлер қасқырлар ма әлде шанаға жегетін әлгі иттер ме?
dark_nazgul
драматикалық емес, драмалық)))
meirzhan
солай екен ғой.
Драматический актер = актер драмы
Драмалық актер = драма актері.
Драматический актер — Драмалық актер
актер драмы — драма актері.
осылай да бола ма?
оффтоп үшін кешір, Робин
dark_nazgul
иә. ақыры сөз бастаған екенбіз:
қазір көп ретте қате айтылып жүрген:
тропикалық емес, тропиктік
этникалық емес, этностық
полярлық емес, полюстік
пиролитикалық емес, пиролиздік
эпикалық емес, эпостық
трагикалық емес, трагедиялық
қосарың бар ма?
meirzhan
аналитикалық (сараптамалық? сарапнамалық?), аналитиктік )
қалғандарын білмеймін, бірақ этникалық деп айту өте кең таралған. этникалық шығу тегі және т.б.
Gastarbaiter
Шешессс, туа пайда болған диагноз десейш
dark_nazgul
айттым ғой, күніне бір рет менің бір пікірімді іздеп жүріп оқып, жауап жазбасаң басың ауырады
Adiletshu
Өлең екен деп ырғағына келтіріп оқып жатсам
dark_nazgul
өлеңнен қай жері кем?
dark_nazgul
Робиннің графоманский синдромы қайта қозған ба?
meirzhan
Шынында да графоман
Meke
нағыз жыртқыш қасқыр достықты білмейді
Robin
Неге білмейді. Біледі. Видеоны қарасай дұрыстап.
askerbek
Бұл қасқыр емес, канадалық овчарка иті.
meirzhan
бәсе, итке көбірек ұқсайды
Doctor
Бұлар иттер, видеоны бұрындары көргем. Жақсы видео!
meirzhan
Қазірбі білім беру жүйесі төмендеген бе деген ой келді. Қасқырды ит деп үйретіп жүр ме екен
AKA
Керекинфоға бірден 3-4 жазбаны дайындап келеді екенсің.
araika
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар!» деген Абайдың сөзінен-ақ бәрі түсінікті сияқты. Сол себепті, нағыз достық, махаббат дейтіндей дүние емес.
meirzhan
Судан шыққан сүтқоректі қалай аталады екен. Фантастикаға ұқсап кетті.
Robin
Шортан ғой. Анау Ледниковый Период 2 деген мультфилымдегі Шортан.
VKM
Қасқырлар түк те романтикалық жануарлар емес. Ағамдардың 10 шақты қойларын тартып кетіпті… Аңшылар вертолетпен жүріп атыпты, шығыста биыл көп екен
a63a1
Ұлытаудың Жұмырқылыш клипін көр
ken
Жұмыр Қылышта да осы породадағы иттер ғой. Хаски деп аталады.
Marco
За то, қойлар үшін кек алып, қасқыр атуға шыққан романтика ғой)
meirzhan
Ағамдардың 10 шақты қойларын тартып кетіпті…
Бұл да бір романтика шығар , және күнкөріс қамы.
dark_nazgul
сан есімнен кейін келген зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды)))
Marco
Мынау негізі жұма күнгі бояндар қатарында тұруы керек
Adiletshu
Лібә, біз жақта қасқырдың етін жейтін амиголар бар гой
Darynkyzy
Бұл «Белый плен» фильмінің үзіндісі. Махаббат емес, нағыз достық деп есептер ем.