Казакстанда тұрып, казак болуға қалай қарайсыңдар?

Админше айтқанда жұмыстың жұмысын жасап отырып, мына мақаланы көріп қалдым. Опшым, өзі бір келіспей тұрған мақала екен, аударғанда уаще быт-шыт болып кетті. Такышто, түпнұсқадан оқуды рекомендеймін. Әңгіменің қысқасы былай, опшым…

Отандық тарихшылар Қазақстан атауын өзгертуді ұсынуда.
Қазақстандық тарихшылар елдің тұрғындарын, ұлтына қарамастан, барлығын казак деп атауды, ал, республиканың атын Казакстан деп жазған дұрыс деп есептейді. Себебі, «казак» — «еркін», «тәуелсіз» дегенді білдіреді, сәйкесінше, Казакстан — тәуелсіздердің тұрағы болмақ екен-мыс.
Елдің атын өзгерту мәселесімен «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының ғалымдары тас қатырып жатыр екен. Идея авторларының (авторлықтан садаға кеткір, марионеткалар өңкөй) пікірінше, өз ана тілін білетін (!!!) қарапайым қазақтарда жалпыазаматтық ортақты ұлттық идеясы басым екен. "Қазақтардың ашықтығының бір себебі казак одақтары рухының күшінде. Бұрынғы замандарда орыс казактары түрік казактары — монғол-татарлардың бір бөлігі болған. Олай болса, олар неге бүгін біріге алмайды?" деген типа риторикалық сұрақ тастапты ортаға.
Бастапқыда қазақтардың «казак» атауы ұлтты емес, «еркін жағдайдағы» (анархистер деп түсіндім, опшым, өз басым) адамдардың әлеуметтік мәртебесін білдірген екен, және ежелгі түрк-монғол тілінен (ондай тіл бар ма еді?) аударғанда "өз руы мен тайпасынан бөлек көшіп жүретін еркін сарбаз" дегенді білдіреді екен.
Тарихшылардың айтуынша, мемлекеттің жаңа атауы туралы ұсыныс келмеске кеткен түркі казактығына қайта оралуды білдірмейді. Бұл, тек, өзіңнің түп-тамырыңды білуге шақыру ғана. Авторлардың айтуынша, олар ұсынып отырған лексикалық трансформациялар Қазақстанның бірегей ұлтын қалыптастыру миссиясын жүзеге асыруға септігін тигізеді-мыс…

Ал, керек болса…
Қалай, казак болуға дайынсыңдар ма?
Бөлісу:

37 пікір

Aldeken
Ойларыңмен бөлісе отырыңдар, қазіргі қазақтар мен мүмкін болашақтағы казактар…
KILYZAMAN
Қазақстанның бірегей ұлтын қалыптастыру миссиясын жүзеге асыруға септігін тигізеді-мыс…
— жарылқаушылардың тапсырысымен солардың ұлтарағын иіскеушілердің әрекеті
saken
Отандық тарихшылар
Қазақстандық тарихшылар
аты-жөндерін білуге болады ма екен? ғаламторды шарлап таба алмай отырмын?
меніңше әдейі шу шығару үшін жазылып жатырған ақпарат сияқты.
TERISKEY
это придумал ученый Канат Нуров — справочка) из фонда Аспандау
делініпті жоғарыда көрсетілген мақала соңындағы пікірлер арасында.
meirzhan
Жалпы отандық, қазақстандық тарихшылардың ұсынысы деп атау дұрыс емес шығар. Тарихшылардың бір бөлігі болса керек.
Атау өзгертудегі қисынды таппадым.
izbasar
Қалай, казак болуға дайынсыңдар ма?
Сұрағынеесс!
Marco
Мал өңшең десейш! Жаңа ғана көріп, жазайын деп осында келіп едім. Ойбай-ай, «Аспандау» дейді-ау оның үстіне!!! Естіваймайд, мына шешеңдерді көргенде Дәруішөлгенге көшіп кеткім келед, нақ!!!
Zhan
Жетпей тұрғаны осы еді… Общм бір жерін шайнамасын
Janasil
Демократия деп ойларына келгенді жазатын болды. Өңшең мышық тілеулестер. Ұйғырың да казакында. Ебі келсе қармап қылғысы келеді.
Maya
Еріккеннің ісі, оданда пайдасы бар іспен айналысса ғой пәтшағарлар
Abilakim
"Қазақия" деп атайық десе келісер ем
asaubota
мен қатты фашист емеспін. бірақ, әр ұлт өз жерінде тұру керек деп есептеймін. Қазақстанда қазақ, Ресейде орыс, Африкада негрлер, Қытайда қытайлар. ал, жерің жоқ па басқа елде жүрсің бе сол елдің тілін сөйле, сол елдің ұлтын қабылдап өз паспортыңа соны жазғыз. сондай бір күн келер ме екен деп армандаймын.

обшым: БІР ҰЛТ, БІР ХАЛЫҚ, БІР ЕЛ!!!
Gastarbaiter
Әдемі естіледі. Бірақ шындыққа еш қатысы жоқ, Дучченің қиялы. Ондай күн келмейді.
Африкада негрлер

Камооон, ащее, есею керек ғой
asaubota
негрлердің де ұлттары, мемлекеттері бар дисің ғо

иә, жәй арман ғой бұл. әдемі сөздер ғана…
Janasil
Өкінішке орай кей ұлттар Қазақтың жерінінде өз үлесіміз бар деп есептейді. Тәуелсіздік алуды армандайды. Как будто соларды біреу қанап жатқандай.
KILYZAMAN
Есіркесең жетімді...
Gastarbaiter
Сен жеке өзің барып есіркеп пе едің, әлде жағдайдың қалай болғанын алғашқы нұсқасынан білесің бе?
Баяғы тарих түгілі, кешегі жағдайдың шындығын қойым да білмейді.
KILYZAMAN
Сен
— Біз бүтіндікті ойламасақ болмайды. Пайымның:қарасыда, ағыда солардың арасында ұшқырыда қасқырыда бар. Ажырата білсек болды. Ұлтарақтыққа кез келген иттің тесісі жарай бермес
KILYZAMAN
Түзету:
тесісі
-терісі
Gastarbaiter
Балағаттаса ренжисің
KILYZAMAN
Санаңда санаңның малайыда өзіңдікі… Еркің білсін. Тіпті, мақтасаңда марақайарыма сенбе!!!
Gastarbaiter
Сана һәм сабырды сарқылмас сансыз сиқыр санасам,
Саған салған сенім сарайының сағы сытырлап қоя береді
KILYZAMAN
Қәріптерді жинағандағы ойыңды тиянақташы…
Gastarbaiter
Жәй сенің тіліңді үйреніп жатырмын
KILYZAMAN
Тағыда сол грамм… ба? Әне жерде
Санаңда санаңның малайыда өзіңдікі
үтір қалып қойыпты, ымға тұрмайтын нәрсе негізі…
nurjanbay
Қ қ Қ Қ Қ
Қ
Қ ق
"Қ" — ана тіліміздегі ерекше дыбыстардың бірі. Қазақты қазақ қылып тұрған да осы "Қ" дыбысы.
KILYZAMAN
к*такти жемесин
— айызыңды қандырмайды да ашуланып ауыздан осырық шығарған кезде мысалы... Сол жердегі к — қәріптерін пішіп тастағандай…
shimaibek
Мұны қайтіп түсінсек?
meirzhan
Түсінудің де қажеті жоқ. Керуен көшеді, ит үреді. Бұл ғалым-сымақтар ұмытылады. Тек блог пен ескі газет беттерінде қалмаса…