Есіміңнің сырын білесің бе?
Менің атымды көп адам дұрыс айтпайды. Дұрыс айтпағанда, Н мен Гүлге қатысы бар аттардың бәрімен аталып кете беремін: назира, Гүлназ, ГүлнӘз, Гүлзада, Нұргүл, Гүлнұр, Гүлнар, Назерке, Наргиз, т.с.с Тек Назым дегендерге ғана ренжімеймін.
Кейде мамама «менің атымды өзі азан шақыртып қойғызғансыңдар ма?» деймін.
Мен әкем мен шешемнің бес жыл дегенде көрген тұңғыш перзентімін. Және апамның қызымын. Апам бірде ұйқысынан «дәлел айтып» ояныпты (діни сауатым жоқ, оның не екенін білмеймін). Сол кезде «кенжемнің тұңғышының атын Дәлел» қоямын деп шешіпті. Оның үстіне, Қытай қазақтарының кумирі Шығыс Түркістандық генерал Дәлелхан да бар.
Содан, мен туғанда апам менің атымды «Дәлелгүл» қоймақ болады. «Баланың не жазығы бар?!» деп әкем зар илепті. Ол кездері біздің үйімізге үлкен үлкен жазушы, ақын, музыканттар көп жиналады екен. Солардың бәрі жабылып маған ат таңдамай ма. Не керек, қазақ тарихындағы, әдебиеттегі «мынау деген» есімдердің бәрі аталады. Бірақ бірін апам, бірін әкем «балаға ауыр болады, тым маңызды ат» деп қойғызбапты.
Осылайша, атсыз қала жаздаған мен байғұсқа ақыр аяғында әке-шешем осыдан үш жыл алдын бауырына салып алған, бірақ мен туардан аз бұрын ол кезде емі жоқ лейкимиядан шетінеп кеткен тәтемнің қызы Гүлназдың есімі бұйырыпты.
Ол сәби ақжолтай болыпты біздің отбасына. Менің артымнан ұл да, қыз да ерді. Апамның арманы да орындалды. Сексен жетінші жылғы ініме Дәлел деп ат қойды.
ЗЫ. Нәзігүл, Назигүл деп атағанды жақтырмаймын.
Бойымда жаман әдет бар: Әңгімелесушімнің есімін сұраймын, бірақ қабылдамаймын.
анкетасын да қарай алмайсың )
Адамның атына келгенде кейде менде шатасамын, бірақ қате жазған емеспін.
Тіпті кейде қонақтың атын шатастырудан басталған отырыс, аяғы құсық отырыс боолған кездері бар.
Екі рет атын шатастырамын деп, жаңа ғана жата кетуге дайын болған қыздар талай жігітті наққа жіберген. Талай қатындар атын шатастырамын деп таяқ жеп, өміріне балта шапқан, (кейде тура мағынасында)…
ал, былай атымның мағынасын кейінірек білдім, интернет пайда болғасын
түріктер соңын Д-мен айтатын, Аршад деп.
Параллель сыныпта сондай бір түрік бала оқып еді. Бала деймін-ау, түріне қарасаң, бала-шағасы бар мұжықтар сияқты еді.
Дінмұхамед Эрнстсияқты Радж Кәрібжан боп жүрер ме едің?Жaздa ҚЗғa бaрғaндa мaмaм «Унутмa бени» телехикaясын қaрaп жүр екен. Кешке мaмaмa: әлгi «Теңiздерiң» бaстaлды десем, мaғaн бaжырaйып қрaйды. Теңiзi несi!? деп. Денизшi! Aa, Дениз деген Теңiз бе едi? Иә, Шерифе-Шaрипa, Осмaн-Оспaн, Ебубекир-Әубәкiр тб. Яғни бaйқaсaм «тaзa» қaзaқшa aттaр aз.
Кейбiр ескi aттaр қaзaқи болaды. Пaпaмның aты Сaбит, бiр aрaбтaн сұрaсaм: Субботa дегендi бiлдiредi дейдi :-) Олaр С-әрiпiн сaқaу сияқты aйтaды екен. Мирaс деген aтты дa.
Мына ксінің аты ұнайды маған!!!
Лакота руынан шыққан шайенндердің көсемі Жерде Отырған Бизон. О как!
А так үйдегілер, таныстарым үшін Макош, Маха, Махонтай )))
Өзіме Дидар деген есім ұнайды (ер балалардағы).