Өртпен төбелес. Жанайым.
Осы артта қалған екі күнде біраз оқиғалар бастан өтті.Ауыл жақтан хабар келді "Қысқа дайындаған шөп өртенді" деген. Бұндайдан соң қалада қалайша тыныш жата аласың. Келіншегімнің толғатып жатқанына қарамай елге тарттым. Шүкір, қалада әкемнің әпкесі бар ед.сол кісі өзі басы-қасында болатын болғантын.
Ауылға барсақ 30 тонна шөп өртеніп кетіпті.ел-жұрт болып, жан-жақтағы біздер жеткенше өртті ауыздықтап, қора мен малды аман алып қалыпты.Мал-жан аман! Садақа.Ендігі мәселе ол шөптің орнын жабу мен шөпке орын дайындау.Біздің жақта оны «аран» деп атайды. Өткен жолғы аяздардан соң, өртке шашқан сулардан соң тоң біразға кеткен екен.Жаңадан бағаналар орнату біраз қиынға түсті.Дегенмен Балқаштан келген інілерім, ауылдағы, аудандағы ағаларым барлығымыз жұмыла істеп бұл шаруаны да бітіріп тастадық.Осындай қарбаластар бітіп, кешкілік шайымызды ішіп отырғанда Қарағандыдан жақсылық хабар да келіп жетті. Жаңагүл аман-есен босаныпты.У-шу болып отырғанымызда. Күндіз басылған оттың шоқтары қайта тұтанып өзеннен 3-4 тонна су тасып әрең сөндірдік.
Айтпақшы, қызымның есімі ЖАНАЙЫМ!

Жанайым жанып тұрған қыз болайын деп тұр екен!
Кызыннын бауы берiк болсын! Артынын бауырлары ере берсiн!
Рахмет!
Ал жанып кеткен шөпті САДАҚА деуге келмес. Керексіз зат садақа болмайды ғой, Әбеке.
кіттей бөпе аман-сау болсын.
Жанайымның бауы берік болсын!
Үйіңнің Гүлі болып өсе берсін бүлдіршіндерің!!!