Жаңа Өзен оқиғаларынан кейін..

Жаңа Өзне оқиғалары болғанда мен шет елде іс сапарында болатынмын..17 таң ертең Алматыға келгенде жаңалықтарды қарауға мүмкіндігім болған жоқ..19 күні Таразға қаласына жолға шықтым… Жолға шығар алдында бір журналист досыммен кездесіп қалдым… Оқиғаның шет жағасын содан естідім.."Ғимараттар өртенген", «адамдар өлген» деген сөздер санамда қалыпты, бірақ оқиғаның артында жатқандарды білмейтінмін…

Енді міне кешелі бері интернеттен болған оқиғалар туралы шыққан ақпараттарды талдап отырмын… Жаңа Өзендегілерді «бұзақылар» деп айыптаушы билік жақты ақпарат таратушылар мен «халыққа оқ атқызған азғындар» деуші ақпарат таратушылардың ортасында қалдық…

Біздің ішкі ісімізге Ресейдің араласуына таң қалып отырмын… Иә, Ресей баяғыдан бері араласып келеді ғой… Алайда, мына оқиғаға байланысты көзқарастары мәз емес…

КоммерсантЪ газетінде шыққан бір сарапшының көзқарасы мынандай:

Под угрозой окажутся и оставшиеся в этих республиках русские, а также другие представители «нетитульных наций». В Казахстане их особенно много — 37% населения. И именно президента Назарбаева, проводившего в целом умеренную национальную политику, они считают главным защитником от казахских националистов и религиозных экстремистов.

При неблагоприятном развитии событий конфликт в Мангистауской (бывшая Мангышлакская) области вполне может перерасти в межэтнический. Подавляющее большинство восставших нефтяников — казахи. А на подавление бунта власти перебросили полицейские части из Караганды — самого «русского» из крупных городов Казахстана.
Подробнее: www.kommersant.ru/doc/1841507

Кеше Жаңа Өзенге барған Президент облыс әкімін орнынан алды және Тимур Кулибаевті қызметінен босатты… Бірақ бұның барлығы кеш қалған шаралар… Бұл шаралармен төгілген қанды жуып шая алмайсың… Алаңға шыққандар кім болса ол болсын, мейлі бұзақы, мейлі нашақор, мейлі маскүнем… Олар АДАМ…

Төгілген қанның қарғысы жібермейді деуші еді… Бұл оқиға Заманбек, Алтынбек оқиғалары сияқты, немесе ұшты қилы жоғалып, кейін жеті қабат жердің астында бөшкеде көмулі табылған Нұрбанк банкшілерінің оқиғасы сияқты көне салатын оқиға емес…

Тілін тапсаң тас та мұңын айтар… Тәуелсіз еліміздің Билігінде ереуілшілерімен тілдесетін және олардың шағымдарын тыңдап, басқаға дұрыс жеткізетін бір адамның табылмағаны қынжылтады… Жаздан бері болып жатқан оқиғаның түп мәселесі не еді бір біле алмай кеттік…

Ереуілшілердің сұраған талаптары қаншалықты қисынды немесе қисынсыз еді, неге ортақ шешім табылмады? Енді бұл сұрақтардың жауабы маңызды емес… Акция — реакцияның қозғаушысы… Реакция қашан және қайдан келеді алдағы уақыт көрсетеді…
Бөлісу:

34 пікір

Abilakim
Қарағнды қаласынан кеткендердің 90 пайызы қазақтар. МАИ-да істейтін ауылдас жігіт бар еді.Оларды да алып кетіпті.
Bekjan
Ресейдің ақпаратына тәуелді Қазақстанның күйі ғой бұл… Мұхтар Мағауин де сол ақпараттарға сүйеніп, азаттық сайтында дауыл қағып жатыр..Ұлтаралық қақтығыс осылай басталады дағы бір күні…
Makhabbat
Ресей ақпараттарына сүйенбей-ақ, кімді атып, кімді ұрып-соғып жатқаны,(тіпті жараланып өлейін деп жатқан адамды да соғып жатыр, бұл менттер дегенің «шаш ал десе бас алатын» айуандар болып тұр ғой)ана терезеден түсіріп алған видеода айдан анық көрініп тұр ғой.Тіпті сондай бұйрық берілген күннің өзінде де, сондай иттікке баруға бола ма?!..
Дұрыс Мұхтар Мағауиннің айтқаны, шындықты осындай зиялы адамдар айтпаса басқа кім айтады?!
monti
Дұрыс Мұхтар Мағауиннің айтқаны, шындықты осындай зиялы адамдар айтпаса басқа кім айтады?!
бұл кісі прагада емес пе ед?  сол күні Жаңа өзенде болған ба?
Makhabbat
Монтишка сол жақтан жазған болар,
мына жерден оқысаң болады
Your text to link...
Aya
Жаңаөзенде болған жоқ әрине, Прагада. Сол жақта-ақ, елінің тағдырына алаңдаулы екенін білдіріп, өз көз-қарасын тағы да батыл түрде кесімді айтты. Жүрегі құсадан қырық жамау болып ішіндегі шерін зиялы қауым өкілдерінің ішінен бірінші болып лебізін білдіріп, тілектестігін танытты. Иә, «шын тәуелсіздік әлі алда» Мұхтар ата айтпақшы…
meirzhan
Сыртта жүргендер осы оқиғаларға байланысты сенімдірек сөйлейді.
Marco
Оттаған екен орыстар! Қарағанды туралы айтулары, тіпті көпе-көрнеу бит іздеу болып тұр. Менің білетінім, Маңғыстауға Ақтөбенің әрбір РОВД, ГОВД-сынан он адамнан жіберген. Орыс па, қазақ па кім қарап жатыр оған, нақ!
Janasil
16 күні 70 адам өлді деп шулатқан да сол орыстар.
Aktoty
70 коп адам олдиго барин жасырып отыргоо*(
a63a1
Бармақтарым майысып, ою-өрнек ойысып, Іс тігейін бәрін, Қарағандыны орыспен байланыстырып отырған орыстарыңды оймақсыз тігіп тастағым келеді
e_zhalgas
Иа, «Коммерсант» біраз қиялына ерік берген материалында. Әлгі алаңдағы тойлаушылар ереуілдеушілерге сүйек лақтырды деген қауесетті де солар лаулатты ғой, қателеспесем!
timurrr
«Коммерсантқа» түкіргенім бар! "Ұлтаралық жанжалға ұласуы мүмкін" деп оттамасын! Ал «алаңдағы тойлаушылар ереуілдеушілерге сүйек лақтырды» деген қауесет емес! Ол шын. Жергілікті жұрт бұл бей-берекетсіздіктің бастау алуын содан көреді. Киіз үйден етке тойып шыққан бір шенеунік өзі мүжіп отырған сүйегін ала шығып, ереуілдеушілерге тастаған. Бұл рас енді…
meirzhan
Сұмдық. Ақымақ шенеунік үшін тұтанып кетті.
Marco
Бұл рас енді…

Дәлел бар ма?! Кім ол шенеунік? Білетін болсаң атын айт! Біз де білейік, билік жазасын бермесе де, көрген жерде «Мына ит» деп тас атайық!
KILYZAMAN
 
«Мына ит» деп тас атайық!
— тассыз да бассыз(оңбағанға) пенде(шонжар, малай саналы)запыранымызға қақалып өлтіретіндей жағдай әлде қалай ұтымдырақ болады...
balzaminka
провокатор болуы да мүмкін ғо, қой терісін жамылған бөрі…
KILYZAMAN
Ал «алаңдағы тойлаушылар ереуілдеушілерге сүйек лақтырды» деген қауесет емес! Ол шын. Жергілікті жұрт бұл бей-берекетсіздіктің бастау алуын содан көреді. Киіз үйден етке тойып шыққан бір шенеунік өзі мүжіп отырған сүйегін ала шығып, ереуілдеушілерге тастаған. Бұл рас енді…
-
Bekjan
16 күні оқиғалар басталғанда Коммерсанттың тілшілері ол жерде не істеп жүрген деген де сауал туындайды… Жаздан бері болып жатқан оқиға туралы ештеңе жазбай келген басылым, тура қанды оқиға болар күні сол жерге бара қалғаны көріпкелдіктерінен шығар…
asaubota
Елбасының барғаны дұрыс болды. оған дейін тіпті небір ақылгөй депутаттар, типа қайраткерлер ешкім бара алмай міңгірлеп ТВ, интернеттен ғана пікір айтып отырды.
Bekjan
Иә, дұрыс айтасың… Барғаны дұрыс болды, бармаса ұят болар еді..
Gulistan
кейде кештеу емес деген де ой келеді…
Gulistan
«Сабырлық керек, толерантность» деуден таймады ғой сабаздарың.
sammita
К+ арнасы осы оқиғаға қатысты барлық ақпарат, видеоны жинақтап жақсы бағдарлама көрсетті. Сол жерде оппоз.партия мүшелерінің, т.б. белгілі адамдардың жасырын тізімін аэропорттарға беріп билет сатпай қойыпты-мыс.
Aldeken
Не ғо, Саммита ханым К+ каналы әрірек ойнағаны дұрыс болар-ау… барам деген адам, тізіміңе қарамайды ғо. сосын саған билет сатпай қасыңдағы адамға сатыватса, соғыстың көкесі сонда болар еді…
sammita
"-мыс" деген дүдәмал ойым тұр. Инеттен видеосын көрдім, каналын қарамаймын.
sammita
былай… саяси астарға бойлап өз пікірімді жазғым жоқ. Өзгелер-ақ болжай берсін. Не десе де, қан төгілді. Одан кейін кім барды/бармады, деді/демеді уже маңызды емес.
gunner
Он алтысынан бері Жаңаөзендегі оқиға турады қанша мақала блогтар шығып жатыр, ең ұнаған анализ мына сілтемедегі Мурат ТЕЛИБЕКОВтікі: www.zakon.kz/4464040-zhanaozen-mnenija-izvestnykh-jekspertov.html
Unknown
elbasy.net/ < — мына сайт неге әлі жабылмаған екен?]
19852407
Ақтаудағы досымның айтуынша, жағдай тупикке тіреліпті. Царь-батюшка келіп «концерт» қойып кеткені болмаса, ештеңке шешілмепті. Бұрынғыша өзге қалалардан жұмыс ұсынып жатырған көрінеді бар-жоғы. Халық бұған келіспей жатыр, ешкімге сенбейді, әбден қандары қарайып алған дейді.
KILYZAMAN
Ақылға жеңдірудің жолын ойластыру керек… Ашу — дұшпан!!!
asaubota
Байқадыңдар ма, «Ресеймен интеграцияға қалай қарайсыңдар?» деген жасырын сауалнама жүріп жатыр. Соңғы уақыттағы оқиғаларды айтамын. Орыс тіліндегі Жаужүрек мың бала, Алма-ата, шекарадағы оқиға…
mercedes
ішессгин одан өлгеніміз артық…