Собеседник вас попытался разбудить...

Ерлан жалпы жолы ауыр жігіт емес. Мектептіде жақсы бағамен бітірді.Қалаған оуының грантын да жеңіп ала алды. Енді, міне, елімізге белгілі алпауыт компанияда қызмет істеп жүр.Жалақысы да жоғары.Астында аса қымбат болмасада шетелдік көлігі бар. Сыртынан қараған таныстарының бәрі Ерланды «Жолы болғыш» деп айтары сөзсіз. Бірақ, Ерлан бұл пікірмен өзі келісе қоймайды. Жолы болғыш болса неге бұл туғанда анасы қайтыс болып кетті? Жолы болғыш болса неге сүйіктісінің әке-шешесі бұған қыздарын бергісі келмей отыр?! Міне, осындай сұрақтармен кейде өз басын өзі ауыртып қояды.
Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған ол қолына ұялы телефонын алды. Бағана асығыста ағытуды ұмытып кеткен агентіне сүйіктісі Мөлдірден хаттар келіп түсіпті. «Жаным, мен қазір сені барып алып кетемін, сосын әкеммен апарып таныстырамын.Бұйыртса, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы күні біздің үйдің келіні боласың» деп жазып жіберді. Артындағылар сигналдатып жатқанда барып, телефонын қоя салып алға ытқыта жөнелді. Жұмысына жете берістегі бұрылыстан өте бергенде алдынан бір бала жүгіріп шыға келді. Ерлан рөлді оң жаққа шұғыл айналдыра бұрып жіберді. Қанша жерден жаңа резиналар болғанымен көк тайғақ мұзда бұндай шұғылыл бұрылысты күтпеген машина айналып айналып барып көше бағанасына соғылды…
МАИ қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жетем дегенше жас жігіт бұл өмірмен қош айтысып үлгерген еді. Бұл кезде Мөлдір агент арқылы оны ояту үстінде еді. Бірақ, ерлан оянбас мәңгі ұйқыға кеткен болатын…
Бөлісу:

18 пікір

araika
Менің ойым оқылып кетіпті
omarbirat
Әлеуметтік жарнама?
dark_nazgul
«Пристегнитесь, иначе пристегнут вас» деген бар емес пе)))
omarbirat
Артындағылар сигналдатып жатқанда барып, телефонын қоя салып алға ытқыта жөнелді. Жұмысына жете берістегі бұрылыстан өте бергенде алдынан бір бала жүгіріп шыға келді.
М-агент Жантас болып кеткен сияқты. Түк кінәсі жоқ.
VKM
бұл новелла емес, драма
Gulistan
Өкінішті әрине. Желідегі махаббаттан гөрі, рульде отырып телефонмен сөйлеспеуді ұрандатқан шығарма ма деп қалдым.
balzaminka
автор мен сияқты өлтіре салады екен кейіпкерін, аянышты
satibaldi
Желбіреген жібек саридің ішіне сұр жылан орнып жүргенін бұрыннан сезгем.
balzaminka
сол жібек сариге оранған сұр жылан сіз жаққа кеткен еді, байқаңызшы
satibaldi
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы күні біздің үйдің келіні боласың
Инновациялық шығарма ма?
saken
әтәңәнәлет әгент деген әңгіме екен
balzaminka
негізі агенттің қатысы жоқ қо, орнынан қозғалғанда емес, жұмысына жақындағанда опат болды
salta
алғашқы қарқынды азайтып, құрдымға кеткен новеллаңссс… өмірден алынған деп жылап жазып қоймады ма екен афффторңссс… неше күннен басталған қызықты новеллалардың соңына жақсылап тұрып точка қойғысы келген ау шамасы… маған ұнаған жоқ… тағы да жеке пікірім... аффффффтор, аффедерсиниз…
Abilakim
Бұның авторы мен екенімді айта отырып неге бұлай жазғанымды түсіндірейін.Біреудің әйелін біреумен шатыстырғанша, осылай істей салайын деп ойладым.негізі агенттің әңгімеге қатты қатысы жоқ