Фоторепортаж: Лампа шығаратын «Maxlight Group» ЖШС-на саяхат


Шымкенттегі «Maxlight Group» ЖШС болашақта жылына 5 млн. 807 мың шам шығаратын болады. Аталған зауыт үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске қосылған. 2011 жылдың сәуірінен жұмысын бастаған «Maxlight Group» ЖШС-на 116 млн. теңге инвестиция салынған.
Жылуды аз шығаратын «MaxLight Group» шамдары, негізінен, 4 бөліктен тұрады. Төртеуі де Қытайдан сатып алынып, құрастырылады. 1. Трубка 2. Корпус 3. Электронды балласт( шам «миы») 4. Цоколь

Шамдарды жасауда ұқыптылық талап етілетіндіктен, негізінен қыз балалар жұмыс істейді екен.

Дайын болған шамдар KLX II бақылау автоматынан өтеді.

«MaxLight» шамдары 3 қабатты люминоформен боялған. Мұндай шамдар электр қуатын 80 % -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Өзге шамдарға қарағанда қызмет ету уақыты 8 есе көп. «MaxLight» шамдары:


Сатылымдағы бағасы — 330 теңге.


2012 жылы «Maxlight Group» ЖШС жоспарында:
Сағатына 1200 дана шам жасау;
Жылына 50 млн дана шам шығару;
Электронды балласт жасау;
Шамдардың 50 түрін шығару;
Тағы бір KLX II бақылау автоматын қою.
Жұмысшылардың жалақысына келсек, бір қызығы, ешкім жалақысы жайлы айтқысы келмеді. Әйтеуір Ғалия апай 45 мың теңге алатынын әрең айтты. Бір кісі «Білмеймін жалақымды» дейді. Түсінбедім. KLX II бақылау автоматында жұмысшылардың аты-жөні жазылған екен. Сөйтсек, әр жұмысшының жасаған шамы есептеліп отырады екен. Бір шам — 17 теңге. Күніне 100 шам жасаса, 1700 теңге алады. Бұл жайлы KLX II бақылау автоматында жұмыс істейтін Шарбат есімді қыз айтты. (4-фотодағы қара көзілдіріктегі қыз)

Осымен бітті.
bk
Бөлісу:

37 пікір

asaubota
қолмен жасалына ма екен сонда?
Zhanylai
Иә, қолмен жасалады. Қазір видеосын салайын.
asaubota
біреуі үшін 17 теңгеге мен жұмыс істемес едім. өте аз мөлшер ғой анау.
Zhanylai
Әйелдер мен қыздар жұмыс істейтіні де сондықтан шығар. Дипломның қажеті жоқ. Жұмыс аса ауыр емес дегендей…
patick
Лампаларды түрмедегілер не мүгедек жандардан құралған жұмысшылар жасайды деп ойлап келіппін.
Kuralai
"Қазақстанда жасалан"- осы қуантады ғой))
KILYZAMAN
Жарамсыз шамдарды утилизация(қазақша?) жасау жағы қыйынға соғуы мүмкін
Aizhantabyn
мама, неткен жұмыс! Хэндмэйд! сондағы он жеті теңге. бір шам бағасының он пайызы емес те екен(
satibaldi
мама, неткен жұмыс!
Көрдіңіз бе, көрдіңіз бе…
Aizhantabyn
көрдім! АЛЛА сақтасын!!!
satibaldi
көрдім! АЛЛА сақтасын!!!
Жоғарыдағы суреттегі қыз-келіншектер де сен сияқты ет пен сүйектен жаралғанын, алайда өлместен жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді.
Aizhantabyn
уот именно! Ешкім ерекше емес қой. Сондай күнкөрістен АЛЛА сақтасын. Қиын және бір текті (монотонный), еш моральді қанағаттандырмайтын жұмыс істеуден сақтасын!!!
izbasar
Неден сақтанайын деп жатырсындар. Есектің артын жусаңда пұл тауып отбасыңды асырасаң болады ғой.
Aizhantabyn
болады, ешкім болмайды деп жатқан жоқ! Бірақ, ол өмірдегі басты мақсат емес шығар бишара жануардың артын жуу!
Zhanylai
Негізі жұмыс қиын емес, өзіміз жасап көрдік. Бірақ дұрыс жасамаса, атылып кетеді екен.
saken
Бірақ дұрыс жасамаса, атылып кетеді екен.
 жұмысшылар ма???????? )
omarbirat
Жұмыстан атылатын шығар
satibaldi
Ғалия апай 45 мың теңге алатынын әрең айтты.
Иә, кейде ұрып-соқпасаң түк айтпайтындар бар, феликсэдмундовичсстің.
saken
кейде ұрып-соқпасаң түк айтпайтындар бар, феликсэдмундович
Бірақ дұрыс жасамаса, атылып кетеді екен.
FaraOn1
сондықтан журиктерді спортқа салу керек))
balzaminka
лампа бағасы қымбат екен, неге жиырма, елу теңге деп ойладым екен…
saken
орташа сондай баға ғой, энергоүнемдеуші шамдарда.
balzaminka
именно осы лампаларды айтып жатқаным жоқ, жиыррма, елу теңге деген ойда болғанмын, соны айтам
FaraOn1
диодты шам дегенің осы емес пе? кешенің алдында полипластик жшс деген біреулер келіп біздің әкімге жарнамасын жасап кеткен. қазіргі сынапты шамдар күйген соң экологияны бүлдірет деп. отандық өнім болғасын қала әкімі көшелерді кәсіпорындарды осындай шамдармен жарықтандырмақшы
saken
тауардағы Қазақстанның үлесі көбейе түсер деген үміттемін, алдағы уақытта
satibaldi
Төртеуі де Қытайдан сатып алынып, құрастырылады.
Шешесс…
Zhanylai
2012 жылдан бастап «миын» өзіміз жасаймыз деп отыр.
Erkekyz
Өткенде сатып әкелгенде мен бұларды светильник екен деп қаппын. Сыртын анықтап оқымаппын, өзімізден екен ғой.
FaraOn1
үйге біреуін таққан осның. түк ұнамады. көзің ауырады(жарығынан емес, біртүрлі сәуле бөлінеді) сосын 10-11 жылға шыдайт дегені бар ед, 2-3 айдан кейін атылып кетті, или үйдегілер атып жерді ме білмим
rauka
Жаңылай, жақсы беріпсің Шымкенттің шамдарын!!!
Zhanylai
Мынау лампаның «миы»
Zhanylai
Осыны өздері жасайтын болып отыр.