Таныс болыңыздар: Tarazkyzy
Tarazkyzy — Сандуғаш Кәрібжан. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» болсын ба? Ендеше оқыңыздар.
Өзім Тараз қаласының тумасы, Алматы қаласының өскіні, ШҚО келіні, қазіргі Ақтау қаласының тұрғыны. 1986-ның 15 қыркүйегінде дүниеге келіппін. Мектеп атаулының табалдырығынан тарыдай болып Таразда аттап, таудай болып Алматыда шыққанмын. 11-сыныптан соң Халықаралық мамандықтар институтына түстім, кейіннен білімнің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ауыстым. Сыртқы жарнаманы бақылайтын мекемеде, ҮЕҰ-да қызмет еттім. Пиар, жарнама терминдері таңсық емес. Бүгінде Ақтаудың жұмыссыз қазағымын.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға wordpress арқылы келдім десем болады. «Қайда барсам Қорқыттың көрі» демекші. Қай жанның блогына кірмейін, Керекинфоға сілтеме беріп, шақырып тұрды. Бастапқыда тек сырттан сығалап, инкогнито кіріп тұрғанмын. Оның үстіне бір кірсең шығу қиын. Комменттердің өзіне бірталай уақыт кетіп қалады. Wordpress жабылып, барар жерім, басар тауым қалмаған соң келдім КерекИнфоға.
— Күніне неше рет кіресің?
— Жұмыс істеп жүргенімде мониторинг жасап, күніне 2-3 кіретінмін. Ал қазір (басқа қалаға көшіп, үйде отыруыма байланысты) Ноутбугымды қосып, ғаламторға кірген сайын. Тіпті бір мэйл рудағы поштамменн қатар шартты түрде Керекинфоны да ашатынымды байқадым. Тәуелділік пайда болғандай ма, қалай өзі? Срошно «Клуб анонимных керекинфошников» ашу керек.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Тіркеле сала қосылған қауымдастығым – қолөнер. Hand-made қызықтыран соң, осы тақырыптағы жазбаларды ерекше атар едім. Менде бір керемет сюжет бар, Эстафеталар да қызықты. Гастербайтер, Нұрғиса, Әбіләкімдердің жазғандарын жиірек оқитын шығармын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Керекинфоның негізін қалаған және сол заматтан бері пікір жазудың шебері болғандардың. Шынымды айтсам, біреуді бөліп айту қиын. Әйтеуір комменттерді оқығанымда, өзім пікір жазғым келмей қалатын кездер болады. Барлықтарың бір атаның балаларындай, бір-бірлеріңді тым жақсы танитын сияқтысыңдар. Мен сырттан адасып келіп қалғандай болам да, пікір жазу қисынсыз болып көрінеді.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жоқ. Курстастарым кіріп тұруы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Ешқандай өзгерісті қажет етпейтін секілді…

Қазір қандай кесте тігіп жұрсіз?
Хиджапты бұрыннан киесіз бе?
Қазір Кабаның кестесін тігіп жатырмын, қалай бітірем, осында ілем.
Хиджап кимеймін, Ақтаудың салқын желінен қорғаныс қой
қай өңір жаныңа жақын? таңдау берілсе қайда тұрғың келер еді?
Қолөнерден өзге басқа қызығушылық бар ма?
Тамақ жасау, кір жуу, үй жинау десем иә. Қалжың ғой. Басты қызығушылық — қолөнер. Аздап аспаздыққа, аздап музыкаға, аздап психологияға қызығам десем бола ма.
Әттең сурет салу келмейді қолымнан, дизайнер болар ма едім
1. Балаларыңыз бар ма?
2. Күйеуіңіз қандай адам?
3. Ақтауда жұмыс бар ма екен сізге?
2. Еліміздің Шығысынан, әскери қызметкер.Ғаламтор арқылы танысқанбыз(тегіміз бір). Жалпы жақсы адам (менімен салыстырғанда):-)
3. Келгеніме аса көп болған жоқ, бірақ сол жұмыс жағы қиын сияқты. Мұнда қызмет көрсету саласындағы жұмыстар көп екен. PR дегенді көп түсіне бермейді
1. Сүйіктіңіздің (күйеуіңіз) сізге сыйлаған алғашқы сыйлығы қандай?
2. Отбасылық өмірге қадам басқаннан кейінгі жасаған алғашқы тағамыңыз?
3. "Ғаламтор арқылы таныстық" дедіңіз, виртуалды әлемге қаншалықты сенімділік танытасыз?
4. Қорқынышыңыз?
1. Біз Жаңа жыл қарсаңында танысқанбыз. Алғашқы сыйлығы Барыс жұмсақ ойыншығы болды (оның үстіне мен барыс жылы туылғанмын).
2. Отбасылық өмірімдегі алғашқы тамақ дейсің бе? Хм, есімде жоқ екен. Палау болған шығар.
3. Сол ғаламторға көп сене бермейтін, телефонды тем более бермейтіндердің бірі болатынмын.Екеуміздің фамилиямыз бір болған соң қосқан болатынмын достарымның қатарына. Кейін немерелеріміздің "Қалай таныстыңдар?" деген сұрағына жауабым: «Ол менен мэйл руда авторизация сұрады» болатын шығар. Тағдыр дейтін шығар мұндайды.
4. Алладан ғана қорқамын.
Шо-то мына жерге суретті сала алмай жатырмын. Сәлден соң қайта көрем.
1. Жолдасыңыз әскери қызметте депсіз, жалпы осы қызметтегі адамдар көбіне бірбеткей, өз әлемінде ғана өмір сүретін, тоқ етері жұмысына берілген жандар. Сіздің қосып-аларыңыз?
2. Сонда жолдасыңызда оқымай ма? Неге бірге қарамасқа?
Ол кісі ғаламторға көп кіре бермейді. Оның үстіне орыстілділеу.
Мен бұйыртса келесі жылы, сәуірде барамын Ақтауға, қыдыруға. Сол кезде кездесіп жатсақ дегенім ғо )
Сигма мен Марат быраттың Солай.Де-дегі "Әр адамға бір тақырып" идеясына ұқсайды екен.
Қазақша Әлеуметтік Тордың жоқтығын толықтырып тұрғандай бұл серия.