"Мен ғана сүйемін оны"

Адасу, жоғалту, табу —
ақылдан айырды мені.
Сөндіру, тұтату, жағу —
шаршатты шайырды тегі.

Өлтіріп тірілткен қай күш?
Шатасты физика заңы.
Ол енді өлмейді байғұс,
Ауада самғайды жаны.

Сен мені ұмытшы еркем,
Өзгенің бақыты болып.
Мен де енді табамын ертең,
Лайықты жарымды.Соны ұқ.

Бізді енді қоспайды шеңбер,
Шеңбердің сыртында өмір.
Сен менен құтыл да емдел,
Құлазып қалса да көңіл.

Білесің сен мұны көкем,
Енді жоқ, тербеткен түндер.
Жақының ендігі бөтен,
Солыпты мен сүйген гүлдер.

Мен жиі боламын ғашық,
Білсең де, білмей ақ жеңдің.
Өзімнен кете алмай асып,
Амалсыз бұйрыққа көндім.

«Мен ғана сүйемін оны»,
Құлақта қалғаны осы үн.
Бақытты қыл қалқам соны,
Ол менің ең жақын досым!
Бөлісу:

2 пікір

Unknown
Сөз жоқ, керемет екен!
araika
 теңейтін сөз таппадым…