Шойын батареялары


Көптеген адамдар, үй тұрғызып болғаннан кейін, оны жылытуға амал жасайды. Аязға төзімділігін арттыру үшін сыртынан жылу доғарғыш материал қаптайды немесе вермикулитпен сылайды. Ал, ішіне келгенде әсемдігіне, жеңілдігіне қарай алюминия профилді батарея орнатады. Меніңше, одан гөрі шойын батареялары дұрыс. Себебі, алюминий пластик трубалары арқылы жалғанады, ал одан жылу шамалы. Шойын болса, темірмен дәнекерленіп жалғанады. Ал темір жүрген жердің бәрінде жылу қоса жүреді. Өздеріңіз байқап көріңіздер.
Бөлісу:

16 пікір

satibaldi
Суреттегі қай мәмбеттің үйі?
boztorgai
соншама секция қосатындай қай боранға ұшыраған жай дер едім
Erlan
Теплицама болмаса, жұмыртқа шығаруға ))
balzaminka
қазіргі таңда фанкойлдың асығы алшасынан түсіп жатыр ғой, шойын батарея тарих болып қалады ма дим
satibaldi
шойын батарея тарих болып қалады ма дим
Оншақты болат балқыту комбинаттарының жұмысшыларының және кәсіподақ ұйымдары атынан жағыңызға кобра жұмыртқалап, кіндігін кесуге әбжылан тәтесі қатысып кетсін.
balzaminka
сұмдық қарғыс үйреніп алыпсыз ғо, бумеранг болып қайтады дейді қарғыстар
satibaldi
Сұрама, кейде өзім де таң қалам.
20 мың жұмысшының қарғысы юумерангтен гөрі бәрібір найзаға көбірек келетін сияқты.
balzaminka
Абраамның балалары қалай қорықпай жүр екен…
VKM
Мына батареяларды қабырғаға неге қоймаған?
KILYZAMAN
Вакуумдық түрлері жайлы ойыңды білгім келеді
satibaldi
Мынау суреттегі көрініс кездейсоқ сенің шытпағың емес пе? Тыным таппай, ақыры техникалық тұрғыдан азып кеткен боларсың?
KILYZAMAN
Әлі жөтеліп жүрмісің?..