ауылды сағындым...
таңертең ерте тұрып мамаммен бірге сиыр саууға шығып, бұзаудың бас жібін тартып тұратын уақытымды… таңғы сағат 4те тұрып, трактордың үстіне ұйқылы ояу мыж-мыж болып әрең мініп, жердің басына барып күн шықпайынша пішен оруды… пішеннің арасына салған араның ұясын бұзып алып, тұра қашатын уақытты… картоп қазып, сәбіз жұлатын күзді… сабақтан келгенде қырғауылдың етінен палау басып қоятын мамамды… 50 градус ыстықта сағат 5те далаға саумырын қойып, 5тің шәйін ішуді… масаға таланып тұрып, сиырға түтіндік салғанды, сосын аяқ қолыңның бәрін маса шақса да, оттың қасынан кетпей сүтті тасытып алмай пісіріп алуды… менен басқа ешкім осы төсекті салмайды ма деп күңкілдеп масахана құруды… бәрін ұмытып, кластастарыңмен көшеге шығып, кейбіреулерін меншікті ысқырықпен үйінен шығарып алуды… сағат 3ке дейін қыдырып келіп, таңертең сағат 4те әкең оятқан кезде опять мыж-мыж болып, ұйқы қанбағаннан басың қазандай болып, шөпке кетуді сағындым… Руслан, Қабан, Ерлан, Көшербаева Гүлнәр, Ақылқалта, Шальной сендерді де қатты сағындым...
ақ көңілдейді… мен де көңілі дархан пендемін де…Табиғи фумитокс деуге болады
хехе, үйге келген соң ертесіне «кеше қайда болдыңдар?» деп ата-анамыз сұраса, «көшеде» деген күшті жауабымыз кететін еді. Олар үшін түсініксіз… Бірақ, өзімізде сол сөзге үңіліп қарамаппыз
Қызылордалық екеніңді жазбай таныдым
Бас әріпті тек жер-су, кісі аттарына ғана қолданбайықшы!
Бірақ, неге қыздың рөлін сомдауда? Сахна тілімен айтар болсақ, бұл ең оңай рөл. Сондықтан,
Салта, ойланыңыз!Қыздың рөлін сомдай ең оңайы болса, соответственно жігітті сомдау ең қиыны болғаны ғо
сардала — сағым,
Маздады.
Бүлкілдеп жүзген үйректер,
Қаңқылдап ұшқан қаздары.
Бала да, қарт та мәз — бәрі.
Қаршыға тійіп кептерге,
Қанатын үзіп кеткенде.
Қалқып бір ұшқан найзадай,
Тырналар ұшып өткенде,
Саршаның күні жеткенде,
Үркітуші едік қуалап,
Жайылып жүрсе дуадақ,
Адырда қырда, бөктерде.
Өрісте қозы шулаған.
Сусындап тұнық тұнбадан,
Тай-құлын жүрсе тулаған,
Бұралып жап-жас келіншек,
Су алып жатса жылғадан,
Тіршілік бір сат тынбаған,
Ғажап қой, ғажап бұл далам!
Бір жерге байлап кіндігін,
Сағынып таулар бір-бірін,
Бұлттардан жаулық бұлғаған.
Қуантыушы еді көктем кеп,
Көктем жоқ жаз кеп көктем боп.
Жас жігіт жазғы — бидайдың,
Сіп-сирек мұрты көкпеңбек.
Сыйпайды самал еппен кеп.
Қарасу бойы талдарға,
Сайрауық құстар қонғанда.
Құбылтып әнге салғанда,
Тұп-тұнық мөлдір бастаудан,
Сусының әбіден қанғанда,
Жастығың қайта басталған,
Басталған басқа арман да…
Момақан ауыл бөктерде,
Арқасын тіреп тауларға.
(Алатын жау жоқ жалғанда)
Сайлардан салқын есті жел,
Балбырап баяу кеш кірер.
Су мұрындарын шақырған,
Әжелер даусы естілер.
… Осылай еді ескі ауыл,
Осылай еді ескі жер…
Мұқағали Мақатаев
Түгел тылсым көшке еретін.
… Біздің үйдің шамы бірақ,
Бәрінен де кеш сөнетін.
Ай көңілге нұрын сеуіп,
Қиял құштық үйге сыймай.
Кеш батса да жүруші едік,
Кешіп бастан күйді осындай
Тұла бойдан текті аңқытып,
— Болармысың мұнша қырсық,
Әкеңе айтам! — деп қорқытып,
Жүреді Анам жұмсақ ұрсып.
Анам — момын, Әкем — қатал,
Бір — біріне жақын, серік.
Кілең ұлдар қатар — қатар,
Кілем үсті жатушы едік.
Шілде Күні — өрт айнала,
Терезеден түскен арай.
Ойын қуған өңкей бала,
Оянушы ек түске қарай.
Жалаң аяқ жаз өтеді,
Есейдік — ау біздер ептеп.
Жаңа киім қажет еді,
— Не киеміз?..
Күзде — мектеп.
Ақ көйлекті, (ағамдікі),
Кетсе — дағы сарғыш тартып,
Киім қылып маған бүтін,
Беруші еді сәл қысқартып.
Таңсәріден, тым тымырсық,
Мектеп бардық таласа ерте.
Қалтамызда құрт, ірімшік,
Арқамызда ала сөмке.
Ауылдағы үй! Бақ, ырысым,
Бақытым да — өзіңде еді.
Саған деген сағынышым,
Содан бері көз ілмеді.
Бар байлығым сенде менің,
Өтсе дағы уақыт сырғып.
Жаратқанға тәубе дедім,
Жаратпаған бақытсыз қып.
Қалқаман Сарин