Высоцкий. Спасибо, что живой
Кеше мына киноға бардым… Алдында осы керек.инфода басты ролді кім сомдаған деп талқылаған сияқты едік… Кеше кинода көзім жетті, Безруков ойнаған… Безруковтың киноларын көргендер, оның қимылдарын, сөйлеу әдісін байқайды деп ойлаймын…
Енді киноға келер болсақ… Кино шынымен өте өте жақсы түсірілген..Қатты толқып шықтым… Высоцкийдің жағдайын түсінгендей болдым… Білмеймін, ондай адам болу оңай емес қой… Кеңес дәуірінің қыспағын қатты сезесін… Ондай деңгейдегі адамдарға қаншалықты қиын болғанын тағы бір көресің… Актерлардың құрамы да өте сәтті таңдалған… Иван Ургант та, Панин де жақсы ойнап шықты..Әсіресе Панин… Нағыз шебер ғой… Кинода Высоцкийдің жеке докторы болып ойнайды… Кинодағы істегендері енді керемет…
Высоцкийдің клиникалық өлімге кеткен кездегі айналасындағы адамдардың абдырап қалған сәттері, арпалыстары, қандай шеберлікпен түсірілген десеңші..Құдды өзің де сол сәтте солармен бірге сол жерде жүргендей күй кешесің… Актерлардың кинодағы ролдерін қатты беріліп ойнағандары білініп тұр… Мен бұл киноны Оскарға жіберер едім… тіпті сол Оскардың бірнеше бас жүлдесін алады дер едім…
Әсіресе киноның соңғы жеріндегі Ташкенттен ұшу кезіндегі болған оқиғалар мықты қолға алынған…
Қысқасы бұл киноға бармаған болсаңыздар, достарыңызбен бірге барып қайтыңыздар..Өкінбейсіздер… Мына у шу дүниеден сәл болса да қашып, ескі кеңес дәуіріне барып демалып қайтасыз…

«Страшно, что после твоей смерти о тебе снимут фильм, и тебя сыграет Безруков» депті В.Гафт та.
Валентин Гафт дәмеленбей-ақ қойсын, ол туралы кино түсіру ықтималдығы нөлге жуық
рахмет, Бекжан, көрем міндетті түрде.
Басында екеуі кездескенде дене бітімі мен мұрындары қимыл қозғалысы келетін сияқты болды
Себебі сюжет ретінде таңдалған тақырып өте ауыр тақырып… Высоцкийдің қайрандары үшін оның наркоман болғанын мойындау ауыр..Қайрандары емес, оның баласы Никита үшін де ауыр… Бірақ, шындықты қанша жасырсаң жасыр, бәрі бір шығады ғой..Өмірінің соңғы бір жылын алуы өте дұрыс шешім… Себебі Высоцкий драмасының соңғы пердесі сол соңғы бір жылы…
Өмір баянымды бір талдап жинамай блогыма бар оптым ала салсаңызда болады негізі..)
Мені киноға қызықтырғанда Димаштың басты рольді кім сомдады деген ойлары қызықтырды ғой, киноның фишкасы да сол болған сияқты.
алдын ала ашып қойды құпияны. Иә, Бекжан айтып отырғандай Безруков екенін режиссердің айтпау себебі де сол болар бәлкім. Менің оқығаным, Высоцкийдің ұлы өзі қаламапты, жұрт әкем деп қабылдасып, әкемді актермен байланыстырмай шынайы тануын қалаймын деп.
Оскар туралы. Фильмді олардың сотына тапсыру үшін Оскардағы киносыншылар Высоцкийдің кім екенін білуі керек пе деймін. Высоцкий әлемге танымал адам болмай шықса, Кино академиясындағылар тақырыпқа кірмей, жай ғана қатардағы биографиялық фильмдерді қатарына жатқызып жіберуі де мүмкін ғой. Қателесуім мүмкін, бірақ Высоцкий СССР көлемінде атақты болған секілді. Әлемді қаншалықты танымал болғанын білмейді екенмін.
Жүгіртіп қарап шықтым. Безруков екен
деп тұрсам иә?
Есенин, Пушкин туралы Безруков ойнаған фильмдердің стилінде түсірілсе — үлкен жетістік болар еді. Дегенмен, ең болмаса Ресейдің телевизиялық фильмдерінің деңгейіне жете алмады біздің «кең масштабты» тарихи көркем фильмдер.
мен сияқты Патекесі жоқтыққа үйренгендерге— мен сияқты жоқтыққа үйренгендерге Патекесі, соның өзі…Киноның бүкіл өн бойында Безруковтың орындуындағы Высоцкий Высоцкийдің орындауындағы Жеглов сияқты көріне берді. Әр репликасынан «преступник должен сидеть. я сказал»-дың ырғағы естіліп тұрады.