Тоқылған башмақай етік

Сәлем баршаға!
Жаңа girl's talking тақырыбындағы угиді көріп, есіме түсіп кеткені. Ілейінші дедім. Жаңа туылған сәбилерге башмақай тоқитын әдетім бар ғой. Сол біраз күндер бұрын инет шарлап жүріп мынадай кішкентай сәбилерге тоқылған башмақай-етік көріп қалдым. Әуесім келіп кетті де, тоқыған болатынмын. Жаңа суретке түсірдім.
Мынау оригинал нұсқасы:


Тоқылуы кәдімгі башмақай тоқығандай тоқылады, тек жоғары қарай, әр қатарда қоса отыра, қоныш тоқыса болды.
bk
Бөлісу:

37 пікір

AKA
Ух ты, тамаша!  Инеттен видеоларын көрдім, бірақ үйрене алмадым.
meirzhan
Башмақай деген не?
Erkekyz
Жаңа туылған сәбилерге арналып тоқылған аяқ-киім.
Zhanylai
Керемет!!! Сізден бір-екі сабақ алу керек екен. Тек қана шарф тоқи аламын
Erkekyz
Ия, түсінбегеніңді сұрап тұр.
araika
Ал мен мұндай нәрселерді қызыға қарауға және бағалауға ғана бармын.
satibaldi
Erkekyz , мен сендік екенімді бұрын да айтқан болатынмын.
VKM
Райхана, шапканың қандай түрлерін тоқи аласың? Тоқыған болсаң, осы жерге қалай тоқу керегін жазсаң ғой.Схемасын. Мен бір адамға жіберер едім)
Башмақайлар тәп-тәтті. Тезірек өз балаңа тоқы
Erkekyz
Тезірек өз балаңа тоқы
Аузыңа май!

Шапка кішкентайларға? Спица, крючок бәрібір ма?
VKM
Спицы, жоқ,үлкен қызға)
Erkekyz
Үлкендерге крючком берет тоқып көргенмін, ал спицымен жоқ.Тек кішкентай екі сіңліме тоқыдым. Кішкентайына 80, үлкеніне 120 петля алып, шамамен 5 см-дей резинка тоқисың, арығарай оң тоқи бересің. Әрине теріс бетінен теріс қайтасың. Болып қалды-ау деген де, екі петляны бірге тоқып, қысқарта бастайсың, соңынан тігесің, вуаля. Ощм, ең оңайы осы.
Дәл осы үлгімен үлкен қыздарға мынаны тоқыса болады:

Жіптің қалындығына, басыңның өлшеміне қарай санап аласың ғой петляны. Не де болса 90-нан жоғары ала бересің.
1 оң, 1 теріс қылып 6 см-дей резинка.
Содан кейін әр қатар сайын қоса отырып, 133 петляға дейін жеткізесің. (егер 90 алған болсаң).
16см-ден соң, әр екі қатардан кейін 11-12-нші петляда қысқартып отырасың.
Болған соң, тігіп, помпон тігесін.
Өзіме мына шапка ұнаған. Бірақ әлі араны тоқи алмаймын . Үйренгім келіп жүр, біреу көрсетпесе, өздігімнен үйрене алар емеспін.
VKM
Маған да астындағы суреттегі шапка ұнап тұр)
Altygradus
оранжевый түспен күЧт шыққан
balzaminka
Қолың дерт көрмесін!

Мына дүние аңғайлы екен жыбырлап отырған бұлдіршінге кигізе салуға
seyh
салем Erkekyz(Никті қалай жазатынын білмедім Көптен бері осы сайтты тек оқып жүр едім Мынау ең алғашқы пікірім Айып етпеңіз ) Қолыңыз дерт көрмесін Мына башмақайға құда түсуге бола ма әлде айттырып қойғаны бар ма еді
Пы.сы Алматыда көрдіңіз бе? Мекен-жайы?
Erkekyz
Сәлем. Жазарыңыз көбейсін!
Рахмет! Жоқ әлі, егесін тапқан жоқ. Сосын мен Шымкенттемін.
Zilola
мен алайыншы а, мен жана жылга дейiн откендегi койлектi алуга барамын Шымга, сол кезде башмакайды да алайынч.
Gulistan
Керемет! Қолың дерт көрмесін!
Tarazkyzy
күфтііі! тоқи алатындарға қызығамын
Aizhantabyn
әдеееемі! Бөпем болса сен менің дизайнер-тігіншім (тоқығыш?) боласың, иә?))))))
Erkekyz
Әринее, сөз болып па?!
Simona
Қандай сүйкімді. Мына башмақайлар шимен тоқылған ба жоқ ілмекпен бе? Ілмекпен сияқты. Мен достарымның нәрестелеріне осындай нәскилер тоқуды бастадым. Бірақ басқаша әдіс.
Қалай тосылатынын детальды түрде жазып өтесің бе?
Erkekyz
Ілмекпен тоқылған ғой.
мұнда алдын жазған болатынмын. Осылай тоқимын. Сен қалай тоқып жүрсің? Жазшы Қолөнерге
Simona


Erkekyz
Вай, Симона, !
Мен бұрын осылай тоқығам, тока қонышы басқа, кәдімгідей. Меланж жіптен әдемі-ақ шығады екен.
Simona
Бұл мәнерді мектептен бері тоқып жүрм. Бірақ маған ілмекпен тоқу ұнап қалды. Тығыздау жылы болады ғой. Формасы да сүйкімді. Көңілім ауды. Бұрын біраз ілмекпен тоқығам. Жақында бір керемет кітап көрдім тоқымаға арналған! Соны алу керек, үйрену үшін.
satibaldi
Лібә, сендерге үйленетін адамды әлден аяп отырм, нақ.
Guka
Қолыңыз дерт көрмесін! Осы тоқу жағын ақыры үйрене алмай-ақ қойдым. Өте күшті шыққан!
Zhan
Өмірімде әрең дегенде бір екі-үш жүн шұлық тоқығаным есімде. Әуелі жүнін түтіп, сосын ұршықпен өзім иірдім. Жай қызық үшін. Орташа шықты. (Апамның берген бағасы). Ал сен сияқты тоқу қайда…
IndiraErzhanova
токый билуде онер… Керемет