АЖАЛСЫЗДАР МЕН ҰЗАҚ ӨМІР ЖАСАҒАНДАР
Ажалсыз жандар жайлы әңгіме Еуропада да баршылық. Өмірде не болмайды демекші, жалған дүниенің жер шарында не бір қызықты да, қорқынышты да жағдайлар болып жатқаны рас десек, оның ішінде ерекшеленетін түрі де бар. Әңгіменің негізгі арқауы мәңгі жөйіт иерусалимдік иудей Агасфер жөнінде болмақ. Діни әңгіме бойынша, ақырғы сапарына кресін арқалап бара жатқан мәсіх Иса әл жинау үшін, осы иудейдің шарбағына сүйенеді. Бірақ, арампейіл жөйіт Пайғамбардың дем алуына мүмкіндік бермей және тілін де тигізеді. Ашуы келген Иса Пайғамбар «жөйітті» еш жерден тыныштық таппай, қаңғырып өт" — деп қарғайды.
Содан бері Алланың құдіретімен Иудейді көргенде ажал да теріс айналып қашады екен деседі. Пешенесіне мәңгі қаңғырып өту жазылған Агесфер арада қанша ғасыр өтсе де бірде анда, бірде мұнда бой көрсетіп қалады екен. Италия жұлдызшысы Гвидо Бонатти оны 1223 жылы испан патшасының сарайында кездестіреді. Арада бес жыл өткенде ажалсыз жөйіттің Англияның жерінде жүргендігі туралы касиетті Албан аббаттығының шежіресінде жазылады. Ал сол заманда өмір сүрген Армян архиепископы онымен бір дастархан басында ашық әңгімелесіп отырғанын айтыпты.
Бұл кезде ажалсыз жөйіттің жасы үш жүзге таяп қалған екен. Өзін Агасфермін деп таныстырған кісі Иса мәсіх заманының тарихын, сахабаларының бет бейнесін т.б. өзгерістерді толық білетінін айтып, жұртты таңқалдырады. Бұдан соң мәңгі жөйіт 1242 жылы Францияда пайда болады. Бұдан кейінгі екі ғасыр шежіресінде ол туралы ешқандай дерек болмайды. 1505 жылы Агасфер Богемияда қайта көрініп, екі жылдан соң күнәкарымыз араб шығысынан бірақ шығады. Ол Еуропаға 1547 жылы қайтып оралады.Куәгерлер оны Гамбургте кездестіреді. Ал епископ Шлезвиг Пауль фон онымен (1522-1598) кездесіп, әңгімелескенін жазады. Епископтің куәлік етуінше, ажалсыз күнәкар әлемнің барлық тілінде ешқандай мүдірмей, тұтықпай сөйлейтін болған. Киімі жұпыны, ешқандай дүние мүлкі жоқ, тақуалық жолда. Жөйітті 1575 жылы Испания сарайында Кристофор Краузе мен Якоб Хольстейндер де кездестіреді. 1599 жылы Венада аялдаған Агасфер Польшаға, одан ары Мәскеуге жетуге тырысады. Кейбір жазба деректер оның Мәскеуде болғанын растайды. 1603 жылы Агасфер Любекте болғанын бургомистр Колерус пен тарихшы және дін уағыздаушы Кмовер және де баска ресми адамдар растайтын қолжазбалар сақталады. «Мәңгі жөйіт» 1604 жылы Парижде, 1633 жылы Гамбургте, 1640 жылы Брюссель, екі жылдан кейін Лейпциг, 1658 жылы Стамфордта (Ұлыбритания) болып, сапарын одан ары жалғастырады. XVII ғасырдың соңында ағылшындар арнайы мақсатпен жөйіт Агасферден емтихан да алады. Сынаққа Оксфорд пен Кембридж университеттерінің профессор-лары қатысады. Ежелгі дүние тарихы, жер жағрапиясына байланысты орасан мол білімімен «шәкірт» Агасфер білімді ұстаздарын таң тамаша қалдырған. «Шәкіртті» сүріндірмек болып, арасында арабша сұрақ қойғанда да жөйіт сынақтан мүдірмей, таза араб тілінде жауап берген.
Өйткені, Еуропа пен Шығыста ол білмейтін тіл жоқ екен. Мәңгілік кезбе содан кейін Дания, Швецияда да бой көрсетеді. 1818-1824 жылдары, соңғы рет 1830 жылы мәңгі ажалсыз жөйіт немесе өзін Агасфермін деп жұртты алдап жүруі мүмкін алаяғымыз Англияда пайда болады да, тағы да ұзақ уақыт хабарсыз кетеді. Ғасырдан уақыт асады, одан кейін дерек болмайды.
Шынында да Алланың елшісі Иса пайғамбардың қарғысын Алла "қабыл" еткен болар. Ол мүмкін жер шарын кезіп жүрген Алланың шын бақылаушысы ма, әлде сол опасыз жөйіттей айлакерлер мен пайдакүнемдерді тәубесіне келтіруші, өз кінәсын шын Алла алдында мойындап, одан арылуға күнәсын өтеуші ме, бәрі бір опасыздықтың арты түбі бір опық жегізері шындық. Сондықтан да, шешен, орақ тілді Бөлтірік Әлменұлы айтқандай: «Астым деп зорлыққа барма, өзіңнен зор шықса, жағыңды сындырар. Ақ тұрып, адал жүр, ісіңді тындырар» — дегендей, өлгенге жан берген Құдайдың адал құлы Иса да киелі адам екенін ескерсек, киелінің киесі ұрды деген осы болар. Жөйіт қайдан білсін Исаның пайғамбар екенін. Шайтан жөйітті азғырды деген осы шығар. Адалдық пен имандылық және қайырымдылық қана Алланың пендесін көгертпек. XV ғасырдың ғалымы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянында», "қырық бірге жұғыспа" деген палсафалық даналық сөзінде: "… Киесі бар адамға жұғыспа, қай-қашанда қонаққа тиіспе" деуі де ұлылық пен даналықтың ескертуінің білімділігінің белгісі. Иса да Алланың ақырғы сынағының өтіп, жер бетіндегі пендеге қонақ екенін, ол арқылы жөйіт құдіреттің керемет күшін танығанына тәубе дейік. Халқымыз айтқандай «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» – демекші әрқашанда қарғыс емес, бата алуға рахымды болуға Алла тағала пейілімізді жарқын етсін. Ұлы ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлы мұндай тағдырларды былай суреттеген екен:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Басыңа таудай ауыр қайғы түссе,
Несібі жазып қойған бір Алладан.
–деп қорытса («Ш.б.» – 113-бет) бағы тайған кейінгі жұпыны өмірге кез болған, бірақ құдайдың қысымымен көп тіл әрі ел, жер тарихын білген, жаһангер кезбе ажалсыз жөйіт иудей Агасфердің де мойнына түскен ауыр тозақтық жаза Алланың жөйітінің маңдайына жазған «тағдыры мен несібі» екеніне күмән жоқ. Алла бәрін көріп тұр деген, осы шығар, ағайын.
Енді екінші бір қызықты тыңдайық. Граф Сен Жерменнің (1710-1784) замандастары оның 1784 жылы қайтыс болғанын жоққа шығарады.
Өйткені, граф Сен Жермен жерленеді деген жерден оны алты ай іздесең де таппайды екенсің. Бұл қалай? Ол шын жерленген болса, оның тәнін де бір жаққа алып кеткен қандай құдірет иесі?
Адамдар оны 1888-1934 жылдары соңғы рет 1939 жылдың желтоқсанында көрсе керек. Арғы бабаларының заманында-ғыдай киінген жапжас граф театрға не суретшілер көрмесіне кіріп келгенде жұрттың үрейі ұшып, төбе шаштары тік тұрған. Ол мәңгі жас еді. Аңыз ба, әлде ақиқат па? Үш ғасырға жетпестей уақыттағы көрініс ненің құдіреті?
Егер біз Құран Кәрімде аты жазылған, мың жасаған Лұхман Хакімді еске түсірсек, ол жөніндегі мына бір шындыққа жанасар аңыз әлде әңгімені тыңдайық. Жігіт болып қалған Лұхман Хакім бір күні жапан далада атпен жолаушылап келе жатады. Екі жол қосылысында өзінен жасы үлкен екі қос атты қосылады Жас бала Лұхман ол екеуіне сәлем береді, олар жол сапарын сұраса, бір бағытта болып шығады. Үшеуі қатар жүріп келе жатқанда, бір кішкене ауылға жақындайды. Ауыл шетінен жол жағында ойнап жүрген бір топ бала көрінеді. Әлгі топқа үшеуі жақындай бергенде, екі бала төбелесіп, біреуі екіншісін өлтіреді. Лұхман Хакім ажыратайық десе, әлгі екеуі оны жібермейді. Бұдан соң өлген баланың шешесі келіп, өз баласын өлтірген баланы өлтіреді. Лұхман Хакімді тағы әлгі екеуі жібермейді. Ақырында үшеуі баяу жүріспен өз бағытына қарай жүре береді. Бір уақытта кейінгі өлген баланың әкесі келіп, өз баласының өлігі үшін әйелді өлтіреді. Қысқасы, бір үйден шешелі бала, ал екінші үйден бала өлді. Лұхман Хакім өзін аналарды ажыратуға жібермегені үшін өзінен әлде қайда егде ана екі кісіге қатты ренжіп, қатты сөз айтады. Сонда әлгі екеуі: «Ол үшеуі осылай ажалынан өлу керек еді, біз олардың жанын алуға шыққан періштелер Жәбірейіл мен Әзірейіліміз», – дейді. Лұхман Хакім сенбейді. Олар оны сендіруге бір тізімдерді көрсетеді. Лұхман Хакім тағы да сенбейді. Сонда Лұхман Хакім ол екеуіне: «Сендер жан алғыш болсаңдар, мен қашан өлем», – дейді. Әлгі екеуі оңаша шетке шығып, бір нәрселерді айтып ақылдасады да қайта келіп Лұхманға: «Сен үйленіп, әйеліңнің жанына жата бергенде өлесің» — дейді. Біраз жүрген соң әлгі екеуі, өз-өзінен жоқ болып кетеді. Лұхман Хакім айдалада жалғыз қалып зәресі ұшып, еліне жетеді. Бірақ, бұл жолдағы оқиға жөнінде ешкімге айтпайды. Ана екеуінің сөзі Лұхман Хакімге оқ болады да, еш нәрсеге қызықпайды. Үйлену ойына да келмейді. Бір уақыттар өткенде Лұхман Хакімді әкесі шақырып алып, үйлендіреді. Баяғы ойда қалған жан тітіркенетін сөз құлақтан кетпейді. Лұхман Хакім қалыңдығын үйіне әкеліп, оңаша бөлмесінде жатуға ыңғайланып, шешініп, енді жұбайы жанына қисайып жата бергенде, «Жолық», – деген баяғы таныстар даусын естиді. Далаға шықса үй алдында баяғы қос атты тұр. Лұхман Хакімге :«Біз сенің жаныңды алғалы келдік», – дейді. Зәресі ұшқан Лұхман ол екеуінен әкесімен қоштасып келуге рұқсат сұрайды. Ол екеуі рұқсат етеді.
Лұхман әкесіне келіп, жағдайды толық баяндайды. Сонда әкесі ойланып тұрып, «Е, балам, сен ол екеуімен жолда жолдас бопсың. Шариғатта „Құдай ақысы“, „Көрші ақысы“, „Жолдас ақысы“, – деген бар. Сен, балам, ол екеуіне жол жолдастығыңды айт та, „мың жас сұра“, – дейді Лұхман Хакімге. Лұхман Хакім әлгі екеуіне қайтып келіп, аз да болса жолдас болғанын айтып, „Жол ақымды беріңдер“, — дейді. Сонда әлгі екеуі „Жол ақыңа не сұрайсың“, – дейді. Лұхман Хакім бірден „Мың жас беріңдер“, – дейді де, әлгі екеуі (періште) шетке барып күбірлеп, ақылдасып қайтадан Лұхман Хакімнің жанына келеді. Олар Лұхманға қарап: „Бердік мың жасты“, – деп жоқ болып кетеді. Сөйтіп, осыдан кейін Лүхман Хакім мың жасап, о дүниеге аттанса керек. Лұхман Хакім болса Дәуіт пайғамбардан бата алған. Медицинаның негізін қалаған ғұлама. Осындай Лұхман Хакімнің ұлылығын таныған бабамыз қараүзген шипагер Өтейбойдақ өзінің XV ғасырдағы жазған „Шипагерлік баянында“ оны Әз-Жәнібек ханға ханның оң қол уәзірі Жиренше шешен таныстырғанда „Лұхман Хакімнен тәлім алған“ – деуі әруаққа, данышпандығына, ұлылығына және Алланың құдіретіне құрмет пен сенім демекпіз (37 бет). Ал, ғұлама баба Өтейбойдақ болса шипагерлерге: „Менің қолым емес, Лұхман Хакімнің қолы“ деуі де әруақты сыйлап, Аллаға бас игені (»Ш.баян 48 бет.).
Егер біз күнәкар жөйіт иудей Агасфердің картиналық көрінісіне сегіз ғасыр, ал жас Граф Сен Жерменге екі ғасырдан жаңа асқанын ескерсек, мың жасаған Лұхман Хакімді көз алдымызға елестетсек, Алланың кереметінің өзгерістік сатылық басқыштары әлі жалғасары анық. Кім білсін, марқұм жас граф Сен Жерменде періште болып көрініп, құс болып ұшып жүр ме? Жетісу өңірінде (Талдықорған, Ақсу) өмір сүрген Көтен тәуіп әулиенің де жерлейін дегенде денесі аяқ астынан (XIX ғасыр) жоқ болып кеткен. Оның да граф Сен Жермен сияқты, бейітінің жоқтығын ескерсек, қазақ даласында да не бір қызық, ғаламат құбылыстар болған. Қысқасы Жаратушы Алла өз құдіретін жер шарының кез келген жерінде өзінің «Елшілері» арқылы, жүзеге асырып келеді. Әлі де асыра бермек.
Ұзақ өмір сүргендер жөнінде де фантастикалық па, шындық па әңгімелер жетерлік. Соның бірі 186 жыл өмір сүрген үнді Тапасвиджи (1770-1956) туралы. Жасы елуге таянғанда ол тақуалық жолға түсу үшін, Гималаи тауына аттанады. Сонда жүріп йоганің «самадхиін» меңгереді. Бұны меңгергендер өз демін өзі тоқтатып, уакытша өліп тіріле алады. Әбден шыныққан организм бірнеше апта нәр сызбай жүре беруге қабілетті де. Ал Тапасвиджи осындай адам болған. Бірде Тапасвиджи Гималаи тауы шатқалынан бір өзі сияқты тақуалық еткен қарияны жолықтырады. Оның қорегі тек қана жеміс жидек пен сүт екен. Ол жасының үлкендігіне қарамай алғыр, сергек, қимылы жас жігіттей шапшаң болады. Бір ғажабы қария осы кездегі үнді тілін білмейді екен. Ол қария әлдеқашан ұмытылған, тек мамандар ғана түсінетін «санискритте» сөйлеседі екен. Ол кісі мұнда келіп, тақуалық еткеніме 5000 (бес мың) жыл болды депті. Міне, қызық?!
Бес мың жыл өмір сүрмесе де, мың жыл өмір сүріп, мыңға келіп сәби болып, денесі астынан шыққан шөп тесіп өтіп, сол бойынша шөп болып жоқ болған Қыпшақ Күнбиі болғанын да біз XV ғасыр ғылымына жататын Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баяннан» білеміз (130 бет).
Мұнда баба «Егер Алланың құдіретімен тұлғалық бітістік сөлдер іркіліксіз, толассыз жасаңқырайтын болса, онда адам құзғынша мың жасамағы шарт» – дейді (129 бет).
Осы шарт па, кім білсін Қыпшақ елінің жасы сексеннен асқан елбасы Күнбиі (ханы) бір күні кыпшақ елінің қараүзген шипагері Жалдашты шақырып алып, «Мен мың жас жасауым керек», – дейді. Сонда Жалдаш шипагер ойланып тұрып, «Жарайды, мың жас жасайсың, Алла сенің істегеніңді мен де істегеніммен, маған мың жас бұйырмаған» – деп дешті Күнбиді ертіп, оны Орғаш тауының басындағы ерке бұлаққа жұма күні түсте ертіп барады да, бұлақ суынан ішкізеді, бұлақ жағасында өсіп тұрған бес саусақты жапырақ алақан тақылетті ырыс шөбін қосып жегізеді. «Енді мың жасайсың», – дейді Күнбиге шипагер Жалдаш.
Күнби бірден жасарып, құлпырып, жас жігіт тұлғасына енеді. Сөйтіп мың жасаған Күнби ақыры шөпке айналып кеткен екен. Міне, қазақ топырағында, оның ішінде Жетісу жерінде жазылған кітаптағы шындық па, аңыз ба, бұлда жоғарыдағы оқиғалар болған басқа жер мен елдегі таңқаларлық жағдайларды толықтыра түседі. Қытай жерінде өлмейтін деген Су Ше, Хуайнань кінәзі Лю Ань әлдеқашан өмірін тоқтатқан деген мәліметтер бар.
Мейлі ажалсыздар болсын, ұзақ жасап о дүниеге кеткендер болсын, ғажайып әлемнің сырын білуде ғылыми жақтан зерттеуді дамытпай, ғарыштық ілімді меңгермей және діни сауаттылықты өркендетпей тұрып, құпияларды шешу қиын екенін түсінген жөн екені оның құндылығын тану мен білгендікті білдіреді. Абай атамыздың «Жүрегімнің түбіне терең бойла» — дегені де, ішкі дүниенің сырын біл, ізден, жалықпа, босқа таң қалып, өз қасиетіңді аяқ астына таптама дегені екенін де білген артықтық етпейді.

2 пікір