Капитан Байтасовтың жанұясына
Құрметті керекинфо қолданушылары!
Алдынада konvict пен balzaminka ның бастауымен Таразда орын алған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан капитан Байтасовтың жанұясына көмек көрсетеміз деген ұсыныстар болған еді. Мұнда. Кешегі Алматылықтырдың жиналысында осы мәселені тағы да талқыладық. Домбыра сыйлау туралы идеяны жарамсыз деп тапқан соң, Ғаламарт атынан келген Алмас тамаша бір ұсыныс айтты. Егер Капитан Байтасовтың балаларына ұмытылмас естелік сыйлағымыз келсе, оның портретін салдырып, әдемі багетке салып керекшілердің атынан Таразға беріп жіберуге болады. Әрине, портреттің сапасы бұл сыйлықтың мағынасын сездіріп тұратындай өте жоғары болуы керек. Алмастың рекомендациясымен суретті Нұрлан Қилыбай аға салып беруге келісімін берді. Алмас Нұрлан ағаның профессионализіміне күмән келтірмеуге болатындығына бізді сендірді.
Ендігі сұрақ сыйлықтың бағасында. Нұрлан Қилыбайдың салған суреттері 75 000 теңге көлемінен асады екен. Алмас өтінген соң, ол бізге портретті 50 000 теңгеге салып беруге келісімін берді.
Біз кешегі жиналыста ақша жинауды бастап та кеттік. Барлығы 11 қолданушыдан 11 500 теңге жиналды. Егер кімде-кім бізге қосылғысы келсе, менімен немесе Айконамен хабарлассын. Не болмаса, осында жазсын.
Астаналық керекші достар! 16 желтоқсан күні patick елордаға аттанғалы жатыр. Әрине, зорлық жоқ. Дегенмен, беретін ақшаларыңызды сол кезде жинап, Ернардан беріп жібере салсаңыздар жақсы болар еді.
Тек менде өтініш болып тұрғаны, менің атымнан ақша қосар кісі бар ма екен? Асығыс болмаса, елге барғанда беремін
Өткенде майға заказ берсем деп едің, ақысына май апарсам болатын шығар, ия?
Домбыра ол қуаныштың белгісі. Өлімге берген құрметсіздік. Мүмкін, дүниеден өткеніне 20 жыл болды деген кезде беруге болатын шығар.
картинаға мен де қарсымын, бірақ бәрібір қосылам. Мәселе, сыйлықта емес қой. Мәселе, көңіл айту, қайғыға ортақ екенімізді көрсету.
Бар жиналғаны 12500 исчо керек 37500!
Астаналықтар, ғде вы! Кездесейік енді!
Өз басым домбырағамын, алайда осы идеяны бастап алып, бас тартып кете алмай көпшіліктің шешіміне келісіп отырмын өз басым, так что мыңқылдады демегің
постты қайталап оқып шығуға кеңес берем
Өзі техникалық ахауларға байланысты пікір жаза алмай отырғаны болмаса, оқып отыр осы жердегі жазбалардың барлығын
Ауылда бір кісінің үйінде төрінде тұрушы еді мектеп кезінде қайтыс болған баласының суреті. Үлкен қылып сарғыш түспен салдырған.
Бұл кісіні қалай өлгені үшін емес, сол өлімге бір секунд қалғанда істеген ерлігі үшін сыйлап жатыр деп ойлаймын.
портретті айттық.
Aizhantabyn -ның шұлығын жемеш нақ
Ал жетімдер жайы бөлек ғой, салыстыру үшін, кемінде әрбір мүшенің аурушаң қаракөздерге берген/бермей кеткен көмегі жайлы қолыңда нақты ақпарат болуы шарт шығар.
Шындығына келгенде 1000 теңге үшін мысық артын бермейді)Бұл жерде мәселе домбыра бола ма, портрет пе айтарлықтай маңызды емес. Ең бастысы біздің(керекшілердің) қайғылы жанұяға шын көңілмен сый тартуымыз, Ғазиздің ерлігінің алдында бас июіміз. Көңіл айта отырып, бұл қазаға тек Байтасовтар отбасы емес, бәріміздің өкінетініміз. Ақша жинайтындар осыны түсінсе екен.
50 мыңдық портреттен олар байып кетпейді, не Ғазиз қайта тіріліп келмейді. Бүкіл әлемнің алтынын алып барсақ та біздің сыйлығымыз әкенің "өй, шешеңді! отыр тыныш" деп боқтаған бір ауыз сөзіне де жете алмайды. Біз де, 1000 теңгеден кедейленіп қалмаймыз.
Менен 1000 теңге(
әттең, қаржы дағдарысына ұшырап отырмын. әйтпесе көп берер едім)Kosylgysy kelgen kosylar, eshkimge kysym jok, tek shyn nietpen kiyp berse boldy, kosylgysy kelmeitinder otinish bos angime jazyp mazany almandarshy.
Бұл арқылы Байтасовты әулие қылып қойғалы отырған жоқпыз.Жай ғана мұсылмандық, қазақи борыш деп ойлаймын, қолдан келгенше аянбайық.Өз басым Жанұясына қол ұшын созуға желанием ұрып тұр…
Байтасовтың жанұясына Алладан дұға қылайық, оның жасағалы отырғанымызданда зор көмегі тиетінін ұмытпайық.
Актаудан 1 000 тг ушин банкиге барудын келиси келмес, 701-906-23-93 номерине 1 000 тг салатын болдым. Журген жеримде айта журейин. Бугин осы сайтка тек кана осы ушин тиркелдим.
707-5500900
жинай берейик, калганын акшалай берермиз. Журген жеримизде айта журсек, менин ойымша будан да коп жиналатын сиякты.
осы жерде тиркелген азгана адамнан баска ешким билмейди
мен де тек устинен тускеннен сон билдим, эйтпесе бейхабар болар едим
озим журген жерде айта журуге, берем деген адам болса, неше берем десе де, сиздерге жеткизуге жумыстанып корейин
олар да сойте салар
солай.
Бүгін Жанасыл мен АКА 2 000 тг. қосты.
1. Айкона алдында қосқан 1 000 теңгеге тағы 1 000 қосты.
2. Гаста Шиеліден 15 000 тг. салды.
Қолы бос Алматылық керекші болса Таразға келсе суретті алып. Екеу-үшеу болса тіпті керемет болар еді. Сосын суретті жай ғана ешкімге білдірмей апарып бере салғанша теледидар, газет журиктерін шақырып арнайы берсек қалай болады? Онсызда елдер болмайтын ісін осылай адақтап жатады ғой. Оның қасында біздікі көш ілгері. Одан қала берді бұл блогшылардың беделінің өсуіне көмегін тигізеді. Мүмкін, алда жасамақ болып отырған блогкэмпке де пайдасы тиіп қалар. Қалай ойлайсыздар?
Суретті түсіріп осында салыңдар көрейік қалай шыққанын.