Жалпы, қой сою білесіз бе?
Құрбан айт өтіп кетті ғой. Бірақ сонда да, алда келесі құрбан айт бар. Немесе, жалпы қандай да бір жағдайға байланысты қой сою (мүмкін сиыр, жылқы тіпті түйе) қажет болып қалады.
Қой да, ешкі де сойғанмын. Тек бауыздамадым. Яғни, біреу бауыздап берді, арғы жағын өзім тындырдым.
Қой бауыздап көрмегенім бесенеден белгілі. Ал, сирақ ұстасудан, шек қарын аршығандарға су құюдан бала кезден алған «разрядымыз» бар))
Шек қарыннын мантысын, пирожкиін,қуырдағын қатты жақсы көрем. Сондықтан ауылдан қой келетін боп жатса, шек-қарынын да қоса салып жіберуін әпкеме сан-қайтара тапсырамын
Жалпы, қылшық қалдырылып, лас сойылмаған ет болса екен деп отырамын қашан да. Тартқан табағының ішінде қылшығы бірге жүрсе, астан қайтып қалатыным қиын. Қанша дегенмен етсіз өмір сүре алмайтын арыстанмын
маған ең ұнамайтыны басты үйіткенде құлағындағы жүні қалып кететіні. сол себепті өзім үйіткенде құлағын қайта-қайта қарап, кейде мыжырайтып жіберген кездер болған
Жалпы, құйқа, бастың бүкіл еті тәтті ме дерсің.
Бұрынғы заманда қазақтың қос батыры жаудың қолында қап кетіп, зынданға тасталыпты. "Қазаққа жуынды да жарайды" деп, жоңғарлар күнде-күнде желінбей қалатын малдың басын лақтырып тұрады екен. Қысқасы, қос батыр қанша мерзім зынданда отырса да, мүжілмепті. Бастың етінің қаншалықты пайдалы, витаминге бай екенінен бейхабар жау жағы «аз мерзімде-ақ аштан өледі» деген қазақтың қос батырының кетпеген күйін көріп, бас шайқасыпты деседі.
Әлі де бар. "Құдалық хикаясына" арқау болған апам тұратың ауылда. Қонақтық бола қалса, ас жегенде сырын білетін ауыл адамдары әлгі кісінің қасына отырудан қашып, кәдімгідей әбігерге түсіп жатар еді бақылап тұрған кісіге Жылқыны тұтастай қазанға салсаң да, қылғыта беретін көрінеді, "Қанша жесе де тоймайт, қайтпайт" дейді апекем.
Бас мүжігенде миын шығарға ұнайды және сол аймақта орналасқан еттер де тәтті ғой
Кішкене кезімнен сол папам қасында жүрдім сирақ ұстап. Такышто теориясын жақсы білемін. Сосын нағашы апама ішек қарын аршысып, кейін бір өзім де аршып жүрдім. Қазір жаса десе оны да жасай аламын, бірақ уже істегім келмит
А так үлкен мал сойғанға өмірі қатысқан емеспін. Соғым сойғанда үнемі аязда ғой, үйде отыр дейді мама, тек су ысытып, соларды жөнелтіп отыратынмын.Жылқы сойылса қазысын, сиыр жасаса шұжығын жасап, оынң бәрі сырттағы кухняға ілінеді, сондықтан процессіне қатысқан емеспін.
Содан да қазір қаладағы үйге сиыр не жылқы етін әкелгенде ас үйден қашамын. Тым көп шикі ет брррр осыған дейінгі үйренгенім мүмкін бір пайдаға асып жатса кім білсін. ауылда тұрмайм бәрібір, Такышто қиналатын дым жоқ.
Мүшелеу, табақ тарту бірін де білмеймін. Білгім де келмит. Апайыма күйеуге шығып, үлкен кісілерді қонаққа шақырып жатсам, сен келесің де ет жағын реттеп бересің деп айтып қойғам
Ет деген нәрсеге жолағым келмит
Балконда соғым сойып, нәән тайқазанды Greta газпешінің үстіне шығарып, қи қалап жатқандарыңыз жоқ па, жамағат?!?
«ужс» деу керек мына жерде, Қисық қайда?
торға қамап қойып, шыңғыртып тұрып, жүрегіне үшкір бірдеңені шаншып өлтіреді екен.
Арманым — сойылып, қазанға тұскен етті табақпен тарту процесін меңгеру. Одан қалса, қазы жасау.
Тауықты қуалап жүріп, ұстап, басын шауып алады ғой, сол жері кішкене аянышты. Бірақ оның еті қатты болады дейді. Малды бір адам да бауыздай алады. Ал ірі қара малға ерекше айла-тәсілдер керек екен ғой. Сол жағын кім таратып айта алады?
Ал, қазы айналдыруды қазір ұмытыңқырап та қалған шығармыз, бірақ жәйлап айналдыруға болады. Оған да көп ептілік керек. Кейбір әйелдер қазы айналдыра алмай, жылқының шегін жарып алып, сиырдың шегіне салып жатады қазыны. Ол жарты қазы болады да қалады. Анам сондайда "Қап, әттеген-ай!" деп жатады))) Бұрында ауылда тұрғанда жыл сайын соғымға жылқы соятынбыз. Сондықтан ол кісі қазы айналдырудық шебері.
Ал, қазы, жылқының сүр етін, майы қатпайтын қуырдағын да жақсы көрмейтініміз жоқ шығар арамызда
т, борбай етің борша боп ішуге жазсынБізде күздік деп сиырды, қыста бір жылқыны сойып алады. Қой-ешкілер есепке кірмейді де) Сосын қыс бойы соғым етін жеп ауылда күнде қонақ шақыру. Омыртқаға үлкен кісілер, жілікке жастар, шекеге деп шалдар шақырылады.
көрші ауылда аты шыққан барымташы бар, бір түнде бірнеше жылқыны сойып алатын. Өзі ұрлауға кеткенде әйелі мүшелеп, сойып үлгереді. ұррылар неме.
Тез жазылып кетсін.
Мысалы бір қыста түйенің бір жілік етін, жылқыны 4-тен 1 бөлігін соғым қылып жей береді.
Иә деген жауапты қимай-қимай бердім
Радионы басып қалсаң — Ғафекең,
Журналдарды парақтасаң — Ғафекең,
Газеттерді қарап қалсаң — Ғафекең,
Дунай бойын араласаң — Ғафекең,
Думан-тойға бара қалсаң — Ғафекең,
«Мына тұрған оңаша бір кафе екен»
Деп кіріп ем,
Мұнда да отыр Ғафекең!, — деп Жарасқан Әбдірашұлы айтпақшы, қайда барсам да, ыржалаңдап алдымнан шыға бердің-ау Нұрғиса Сисаұлы!
Ал былай, сабыр керегіне керек екен. Жақсы ғой сабыр деген. Өмір сабырлы болуға үйретуші еді өзі уақыт өте…
Етін ет деп санамаймын
Түбіті үшін кезінде ешкі ұстағанбыз, жалпылама сол малдың иісі ұнамайды. Түбіттің иісі дейінші, түсінікті болуы үшін
Бірақ минусы: қылдары жабысып жүретіні мен тез тоңдап қалатыны.
Қазақша отвивной болады да шығады
Есесіне әке-шешемнің достары ылғи ешкі ұстайтын.
Сол үйден жеген ешкі еті туралы пікірім жібімей қалды тура сол қатқан күйі
Bizdin uidegiler arasynda solai uitip soiyady, shynymdy aitsam magan terisi sypyrylgany unaidy
Bayyzdap, syiraktaryn kesip algan son uitiledi, sosyn baryp ademilem juyp, ishek karnyn alady.
Бірақ қой үйіткенді көрмеппін. Қиындау шығар. Сиырға қарағанда жүні қалың болғасын.
Айтпақшы қазір жұрттар автогенмен үйітетін болыпты мал басын. Тез әрі таза үйітіледі екен…
Sosyn sol uitilgen koidyn kuikasyn juudyn en onai joly, azdagan as sodasy men ydys juatyr ejikpen ysyp juu kerek.
Magan jylky eti katty unaidy, sondyktan baska ett3erdi az gana jeimin
Мен: -Домашний қаз керек пе? Ауылдан әкеледі.
Тараздың қызы: — Қаншадан?
-Білмеймін әзірге, 1 кг-ы қанша болады екен. Әлде штучно сатыла ма сол?
-Жоғға, кг-мен. Ұзын-қысқа болады, әртүрлі ғой.
-Ия семіз-арық, үйрек-тауық та кг-мен өлшенеді ғо. Общым жүні жұлынып, ішегі тазаланған.
-Екеу алам. Жақсы болды ғой, мейрамға.
-Қол-аяғын бұтарлап таста балконға, шетінен жей бересің
Біраздан соң келіп сұрайды:
-Ішекке тығылған ба еті?
-жоға, ол қалай?
Общым 10 минут қалай жасалатынын түсіндіре бастады. Сосын ал кеп күлейін, ол ҚАЗЫ деп ойлап үйіне звондапты «маған қазы әкелмеңдер мыннан алатын болдым» деп))
(жүнін жұлу, ішегін тазалау, қол-аяғын бұтарлау деп айттым… тыңдамаған ба)
Қаз аласыңдар ма
Қаз негізі Ақтөбеде бір жерден 5 мыңға көргем. Екі қаз әкеліп сатсам 10 мың болады екен, ауылға барып қаз ұрлату керек.
эххх, ауылым...
Тағы бірде тойда біреу қызып отырып, қойдың тобығын жұтам деп, тамағына кептеліп қапты.
Nagashylarym 'tochka' dep atap berip jiberetin aiteuir, kuyrdakka taptyrmaityn et )
Ал киік етін жегенім есімде жоқ. Бір кездері Индердің қырына қарай киік аулау үрдісі көбейіп, біршама бас қырылғаны есімде.