Таныс болыңыздар: nurbergen_makym

nurbergen_makym — Нұрберген Мақым.
Аз балалы отбасыда дүниеге келген. Кеткенде көп балалы отбасының отағасы болуды армандайды. Тұрақты жұмысы жоқ. Тұрақты көзқарасы жоқ. Жалпы, тұрақтылықтан ада адам. Сол себепті, қазірдің өзінде өз-өзіне құлпытас дайындатып, оған, «Шамамен, осы жерде жатқан болуы керек...» деп жаздырып қойған.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға қалай келгенім есімде жоқ. Соған қарағанда, сол күні қалыңдап қойсам керек. Былай, солай.деден бері бір жерден, екінші жерге үдере көшкенде, көштен қалмай жүрміз, әйтеуір.

— Күніне неше рет кіресің?
— Санамаймын.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Тақырып таңдамаймын. Бастысы, пікірталасқа алғышарттар туғызатындай пост болса, болғаны. Әлбетте, кейде мұндай посттар керек инфоға жатпайтын да шығар, бірақ, маған ұнайтыны сол. Ал, кейде, Айжантабынның өлеңдерін ішіп отырып оқып, қорс-қорс жылап алам.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп жаратын ешкім жоқ, әр кәллада — бір қиял. Пікір деген адамның сөзі ғой. Ал, сөзі – өзі. Меніңше, адамды алалау құзыретін Құдай өзіне ғана қалдырған сияқты. Бізге бергені ішіп-жеу, одан қалса, ғибадат қой, сол.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма, пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Таныстарым оқитын болар, бәлки. Туған-туысқа онсыз да, зайып алғызып жүрм ғой.

— Егер, админ болсаң, сайтқа қандай өзгерістер енгізер едің?
— Болу ойымда жоқ. Болғым да келмейд. Сол себепті, бұл сұраққа ойланбаймын. Былай, админ, өз ресурсында көп пікір жазбау керек деп ойлаймын.
Бөлісу:

82 пікір

satibaldi
Дәл өзі, мен бұл ғақылия амигоны тап осы күйінде білемін!
madlen
Сізге қоятын сұрақтарым көп шығар деп ойласам… ойыма ештеме келер емес...
nurbergen_makym
Сондай адаммын өзі. Жұрттың үмітін ақтай алмай қала берем…
konvict
Дұрыс, осы Нұрберген_мақымның ойымен менікі сәйкес келеді екен көбіне
a63a1
менде ұқсастық іздеп іздеп ақыры таптым
Аз балалы отбасыда дүниеге келген. Кеткенде көп балалы отбасының отағасы болуды армандайды.
saken
Былай, админ, өз ресурсында көп пікір жазбау керек деп ойлаймын.
+1
Onlasyn
Негесін білуге бола ма?
saken
Арекеңнің жеке пікірі сайт басшысының пікірі ретінде қалыптаспау керек.
Сайт басшысы ретінде тек сайтқа қатысты хабарламалар жазып отырған жөн деп ойлаймын.
asaubota
сондықтан да admin ештеңе жазбай, asaubota жазып жүр. мен де келісемін.
Zere
Нұреке, сені қатты сыйлаймын! Асылдың бір тұяғысың ғой. Сендей адамдар көп болсын!
serjan
Қай асылдың тұяғы еді.
Zere
Осында баланы ақылды етіп тәрбие берген ата-ана асыл деп ойлаймын.
nurbergen_makym
Тронутпын, Ақзере!
«Мен Алматыны жақсы көрем, өйткені, онда менің Ақзерем бар» ©
saken
қай рудансың?
nurbergen_makym
Адай. Если, это о чем-то говорит...
VKM
nurbergen_makym ның кейбір пікірі Сатыпалдының пікірлеріне келеді.Мен басында шатастырып жүретінмін.Өзіңіз туралы аз ақпарат беріпсіз.Мына жазғаныңыздан мен көбірек білетін сияқтымын сіз туралы.
Сыра жақсы көресіз ғой деймін
nurbergen_makym
Мына жазғаныңыздан мен көбірек білетін сияқтымын сіз туралы.

Мүмкін. Мені кей-кезі, «идиот» деп жататындар да, мені жақсы танитын сияқты,өзімнен көрі
Сыра жақсы көресіз ғой деймін
О, не дегенің?! Сүйемін!!!
Erkekyz
Жалпы, тұрақтылықтан ада адам.
Айтыңызшы, осы қасиет сіз үшін жақсы ма, әлде жаман ба?
nurbergen_makym
Білмейм. Салыстырып қарайтындай, тұрақты ештеңе жоқ та, просты, бұл фәниде…
Zhan
Салыстырып қарайтындай, тұрақты ештеңе жоқ та
тұрақты нәрсе тапсаң тұрақтар ма едің?
nurbergen_makym
Іздегім келмейді де, оны…
Erke
Суракка кыска да нуска жауап берипсин! рахмет мәләдес! Келди де кетти дегендей ойда калдым!
ushkin
Ех, кездесудегі кездесу есіме түсіп кеткені. Бірінші рет блогшылармен кездескенбіз. Жазда ғой.Сонда Нұрберген аға менің болашақ филолог екенімді білген соң, сыраны сіміріп қойып, көнерген сөздердің мағынасын сұрап, сұрақтың астына алған еді.)) Сонда бұл кісінің білімділігіне таңдай қаққанмын.
ushkin
Ол қай жылы еді, 2009 жылда ма еді, нақты есімде жоқ )
AKY
Астанаға қашан келесіз?
nurbergen_makym
Аццсотонода арақ арзансығанда… Әйтпесе, 0,33 мл. екі бөтелкі сыраның 2500 теңге тұруы сұмдық қой, нақ.
madlen
Алматыға ше? Мұнда сыра арзанырақ
nurbergen_makym
Ох, Алматы, Алматы…
Барам, бұйырса. Күтсең, келем!
Zhanara2012
Шымкентте сыра зауыты бар6 если шо…
Daniar-Alan
 ия бығат, соңғы алты айда кәдімгідей арзандап қалды
Daniar-Alan
арзансыған дымы жоқ, өмір айдап ап келді )
e_zhalgas
жалғыз фотоның өзі неге тұрады
a63a1
Былай, админ, өз ресурсында көп пікір жазбау керек деп ойлаймын.
Үнсіз отыратын, мыңқи шопыр есіме түсіп кетті
Bayan_
Керемет жігіт! Уәдені жерде қалдырмайды, орындайды. Әріптес ретінде ғана емес, АДАМ ретінде құрметтеймін!
balzaminka
көп балалы отбасының отағасы болуды армандайды. 

Арманыңызға жетіңіз, шын жүректен тілекшімін!

Бүлдіршіннің тәтті тілімен бөлісіңізші, а?
meirzhan
Бөліп жаратын ешкім жоқ, әр кәллада — бір қиял. Пікір деген адамның сөзі ғой. Ал, сөзі – өзі. Меніңше, адамды алалау құзыретін Құдай өзіне ғана қалдырған сияқты. Бізге бергені ішіп-жеу, одан қалса, ғибадат қой, сол.
Aikona
ех амиго, сыралатқан күніміз еске түсіп кетті ше . Сөз жоқ!
Zilola
Басында онша тусiнбей кала беретiнмiн. Алматыдагы кездесу кездесуiнен кейiн ачк болып калдым.
Сыйлаймын, жазбаларын окимын, осындай адамдармен араласкым келедi.
KILYZAMAN
Аяққы үш әріптен қате кеткен дә: Нұрберген емес Нұрберер  Аман болшы!
omarbirat
Әңгіме жоқ, өте жақсы амиго деп білемін
Adiletshu
Нұреке жазғандарын жынды, Рыспек! Қай жерде оқыдың?
nurbergen_makym
АтМУ — Атырау мунципалдық училищесі
AKA
Бізге бергені ішіп-жеу, одан қалса, ғибадат қой, сол.
 … Осы, сыра, арақ деп көп жазсаңыз да, оған әуес емес сияқты көрінесіз. Не болмаса, жарыңыздың иманы зор ма, әйтеуір сөзіңіздің астарынан жақсы мән табуға болады, жақсылыққа үндейтіндей…
jazzgyw
бұл пәниде бәрінің сыртынан қарап көрген жөн-ау дим№бассс сұқпай
jazzgyw
Нұрбергенге глобалдық әсем бағалаушылық рейтингісіне көтерілу керек.жаңа поза
Aldeken
Жазба жақсы. Амандығыңды тілеймін, реалда кездесуді аңсайтын болдық...
Aya
қай жылы дүние есігін ашқансыз?
nurbergen_makym
Негізі, 1917 жылы ашып қарағам… Бірақ, елде бардак болватыр екен. Жауап тастадым. Сосын, 1991 жылы ашып қарадым, әлі бардак екен. Сосын, бұл елді өзім түземесем болмас деп, кіріп келдім. Бұл дүния нақтың есігі сырттан кілтеніп қалады екен, енді, кете алмай жүрмін (маниявеличия VI стадия)
Zhan
Бұл дүния нақтың есігі сырттан кілтеніп қалады екен, енді, кете алмай жүрмін (маниявеличия VI стадия)
80-ші жылы неге ашып қарамадың? или қарадың ба? Олимпиада болып жатқан жыл еді, құрдас боп жүрер ек.
satibaldi
Ептібайымайд-ай
Zhanara2012
1917 жылы ашып қарағам… Бірақ, елде бардак болватыр екен. Жауап тастадым. Сосын, 1991 жылы ашып қарадым, әлі бардак екен. Сосын, бұл елді өзім түземесем болмас деп, кіріп келдім. Бұл дүния нақтың есігі сырттан кілтеніп қалады екен, енді, кете алмай жүрмін

Значить, елді түзеу деген міндетіңді әлі де атқарып бітпеген шығарсыз?
AL-ASTER
Неге екені белгісіз, суретке қараған сайын пепсидің жарнамасы елестей беред (сірә сыраны былай ішуді елестеті қиын болған соң болар)
Nurgisa
Нұреке, сәлем!
Былай, «Тассай» Шымкенттің суы ғой, «алсай», «берсеймен» біріздендіріп «тассай» дейді. Атырауға экспортталатындарын локализациялап «Тасщищ» деуі керек пе еді, не ойдасың?
satibaldi
Уа амиго, қарап отырғанша, ертедегілердің ескі жолымен сынай отырайын.
Мынау, Жиренше шешшең бірде бүйдепті:
— Бәйгеде бәйге алғанды ат дейді, артында келгенін — мат дейді; күресте жыққанды жігіт дейді, жығылғанын — мігіт дейді…
Уа ғақылия уәсасуа мұғжиза ромал, сұрағым мынау:… лібә, сұрақты өзің ойлап тауывалш, бұттан кетті нақ біржола
Aigolek
кызын бар еди го. Аты ким ед? Осип калган шыгар?
nurbergen_makym
Зерделім. Білмейм, әлі кішкентай сияқты…
rakisheva
Танысканыма, то есть Аршат агай таныстырганынызга оте куаныштымын  Багана аяк астан Алтын Орда деген газеттен бір куштіііііііііііііііі макала окыдым «махаббаттын белгілері» деген Нұрберген агай оте тамаша жазган екенсіз
VKM
Сілтемесі бар ма, біз де оқиық
nurbergen_makym
Қап, алған әсеріңді азайтып алармын-ау. Бірақ…
Басында, өзім де, в шоке болдым. "Қайдағы махаббат?" деп. Сөйтсем, 17 ақпанда шығыпты 2011 жылы бұл материал. Аты-жөнімнің пайдаланылғаны болмаса, еш қатысым жоқ. Мен бұл кезде ол басылымнан қуылған болатынмын.
estetika91
Сіз «Нақұрыссыз» ба?))))))
nurbergen_makym
тырнақшаға алып, бас әріппен жазбағанда, «ия» деп жауап беретін едім
KILYZAMAN
Нұрберген(ер) ұлына есім ұсыныңдар халайық… Құттықтап қойыңдар. Ұлды болған сыңайлы ФБде көзім шалып қалып еді бұл жаңалықты!!! Ілікке ілінген пост осы болғандықтан жаза салдым. Терімді іреп, қабырғамды сөкпеңіздер. Қуанышты бөлісуге асыққан түрім осы болды…
Tyulpan
қуаныштымын земамның қара қайнысы шүн. )) құтты болсын! бауы берік болсын ккішкентайдың!

өкініп отырмын, кездесейік дегенде кездесе салмай деп )) а то мында көп кен кездескісі келп жүргендер )) мұны білгенде...))
VKM
Уау! Нұрберген,құтты болсын.
Қызына Зерделім деген есім қойған адам,ұлына баяяяяғыда қоятын ат дайындаған шығар.
Үлкеееен жігіт болсын!