Тонки атты піл

1924 жылдың жазы. Жапонияға Индиядан кемемен пілдің кішкентай баласы әкелінді, жасы 8-де, аты Тонки. Уэно зоопаркында жұмыс істейтін Шинничи-сан Тонкиды қарсы алу үшін келді: «Тонки, танысқаныма қуаныштымын». Сол түні Тонкидің зоопарке түнеген алғашқы ті еді. Келесі күні таңертен Шинничи-сан «Қайырлы тан, Тонки!»- деді. Шинничи-сан Тонкиға түрлі трюктер үйретті. Шинничи-сан тұр десе, Тонки тұрады, сөйтіп ол оған банан береді. Шинничи-сан отыр десе, Тонки отырады, сөйтіп оған тағы да картоп береді. Тонки тағы да түрлі трюктерді тез үйреніп алды.
1925 жылдың көктемі. Зоопаркке кішкентай балалар көп келіп, Тонки оларға өнерін көрсетеді. «Кандай алғыр! Қандай ақылды!»-деп балалар Тонкиды да, оның өнерін де қатты ұнатады. Тонки да Шинничи-сан мен жапон балаларын қатты жақсы көреді.
1940 жылдың қысы. Өте суық қыс болды. Тонки аяғын ауыртып алды, сол себепті ешнәрсе ішіп-жемейді. Шинничи-сан дәрігерді шақыртты, ол Тонкидың аяғына дәрі еккісі келді. Бірақ ине Тонкидың қалың терісінен өте алмай қойды. Сөйтіп дәрігер басқа амалын таба алмай қайтып кетті. Шинничи-сан Тонкидың жарасына мұз басып, денесін көрпемен жапты. Сол түні Шинничи-сан Тонкидың қасында болды. Өте суық түн болғандықтан, Шинничи-сан ауырып қалды. Келесі күні Шинничи-санның бөлмесіне зоопарк бастығы келіп, оның ауырып қалғанын көреді. «Онда сіз мынаны жеңіз. Бұл денеге өте пайдалы»,-деп оған құрма береді. Сөйтіп Шинничи-сан құрманы көп сатып алып, оның шырынын жасап, Тонкиға да береді. Тонки шырынның бәрін қалдырмай ішіп қояды, Шинничи-сан қатты қуанады. Осыдан бері Тонки құрманың шырынын күнде-күнде ішіп, адамдарды түрлі жаңа трюктерімен көңілдерін көтеріп отырған екен.
1941 жылдың көктемі. Гүлдер өте әдемі болып гүлдеді. Тонкидың аяғы жазылды, ол Шинничи-санды онан әрмен қатты жақсы көріп кетті.
1941 жыл 8 желтоқсан, таңертен. Ауа райы өте суық. Зоопарктың барлық жұмысшылары газет оқып, радиодан жаңалық тыңдап отыр. Жапония Америкаға қарсы соғыс ашпақ деген хабар келеді.
1942 жылдың қысы. Зоопаркке көптеген әкелер балаларын ертіп келеді. Олар соғысқа кетер алдында балаларымен бірге уақыт өткізбек. Әкелері Тонкидың қасында тұрған балаларын фотоға түсіріп жатты.
1943 жылдың көктемі. Соғыс кезінде көптеген әкелер шайқаста қайтыс болды. Бір күні әкесіз
қалған балаларға хат келеді. «Сәуірдің үші күні зоопаркке келіңіздер!»-деп жазылған. Балалар хатты оқып, сәуірдің төрті 400-ге жуық бала зоопаркке келді. Балалар Тонкидың үстіне мініп, «Қандай биік! Қандай үлкен!»-деп қатты шаттанады. Зоопарк бастығы да, Шинничи-сан да, Тонки да қатты қуанады.
1943 жылдың жазы. Зоопаркке Токиодан адамдар келіп «Үлкен жануарлардың барлығын өлтіріңіз!»-дейді. «Аа? Неліктен?»-деген сұраққа «Американың ұшақтары қала үстіне бомба тастамақшы. Зоопарктың үстіне де бомба түсуі мүмкін. Арыстан, жолбарыс сиқты жануарлар сыртқа шығып кетуі мүмкін. Өте қауіпті»,-дейді олар. Зоопарк басшысы «Түсіндім»,-дейді. Сонда Шинничи-сан: «Тонкиды да өлтіру керек па?»-деп бастықтан сұрайды. «Біз бұны істеуге мәжбүрміз»,-деп ол жауап береді. Шинничи-сан да, басқа жұмысшылар да айтарға сөз таппайды. Жұмысшылар жануарлардың тамағына у салады, сөйтіп арыстан да, жолбарыс та өліп қалады. Барлығы жабыраңқы көңіл күйде.
Келесі кезек Тонкидың кезегі. Шинничи-сан Тонкидың сүйсініп жейтін картобына у салып береді, «Тонки, кешірші»,-дейді. Тонки картопты көріп жемейді. Оларды мұрнымен теріп алып Шинничи-санға лақтыра береді. Шинничи-сан оған картопты берсе, ол қайтадан лақтырып тастайды. Тонки уланған картопты жемей қояды.
Токионың адамдары қайта келіп Тонкиды көреді. «Тезірек өлтіріңдер!»-деп бұйырады. Зоопарк жұмысшылары қиын жағдайда қалып қалды. Піл — өте ақылды жануар, ол тамақта у барын түсініп қойды. Сол себепті Шинничи-сан тамыздың 20-сынан бастап Тонкиға тамақ бермей қояды. Тонки қатты қарны ашып, түрлі өнерін, трюктер көрсете бастайды. Бірақ оған ешкім тамақ бермейді.
1943 жылдың күзі қыркүйектің 23-і. Сол күні Шинничи-сан Тонки тұрған жерге келеді. Тонки оны көре сала тамақ сұрап түрлі трюктер көрсете бастайды. Шинничи-сан Тонкидың көздерінің өте қайғылы екенін көреді. Тонки қоймай тағы да өнерін көрсетеді. «Кешір, Тонки....» Тонки жерге құлап қалады, енді ол ешқашан орнынан тұрмайды. Қыркүйектің жиырма үші күні түнде сағат екіден қырық екі минут кеткенде 27 жасқа жеткен Тонки өліп қалады.
1945 жылдың жазы. Өте ыстық жаз еді. Тамыздың 15-інде Жапония соғыста жеңіліс тапты.
Аударған: 2 курс студенті Іңкәр
Бөлісу:

17 пікір

KILYZAMAN
Піл — өте ақылды жануар
sayuri
Піл ақылды жануар, зоопарктерді жою крек
balzaminka
рахмет, қызыға оқыдым. Тағы да болса екен…
sayuri
Сізгеде рахмет!
satibaldi
Американың ұшақтары қала үстіне бомба тастамақшы. Зоопарктың үстіне де бомба түсуі мүмкін.
Үйбай, момақан бола қалуын!!! Перл-Харборда дамбалшаң ұйықтап жатқан солдаттарды қырғанда жапондарда осындай нәзікжүректілік неғып табылмай қалған, ә?
Хиросима, Нагасикеге бомбалар әділетті тасталды деп білемін!!!
sayuri
Тарихта не болса да, қазіргі жапон халқы маған ұнайды.
meirzhan
Троллинг үшін мұндай тұтас бір халықтың қайғылы оқиғасымен спекулировать ету болмас.
Перл-Харбор соғыста жеңіске жету үшін керек болды, ал Хиросима-Нагасаки оқиғасында бомба тастау тіпті де міндетті емес еді. Былай да жеңіске жету жолында болған. Бұл адамшылыққа жатпайтын акт — бомбаны сынап көру үшін жасалған, шовинизм мен антигуманизмнің белгісі.
satibaldi
Тек төпеп отыру; тек қана лақтырылған тасқа — жартаспен, инеге — найзамен жауап беру ғана әлемді жапон басқыншылығы сияқты масқарадан құтқармақ!!!
satibaldi
Тамыздың 15-інде Жапония соғыста жеңіліс тапты.
ық-ық…
Aya
Тонки, байғұс жанураға обал болған екен…
nurbergen_makym

Айтпаңыз, Перл-Харборда қаза тапқан 3 мыңдай американдықтың өмірі не тұрыпты, Тонкидің қасында
TERISKEY
«Сәуірдің үші күні зоопаркке келіңіздер!»-деп жазылған. Балалар хатты оқып, сәуірдің төрті 400-ге жуық бала зоопаркке келді.
qisyq
Сәуірдің бесі күні тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары да келді. Шамамен 1000-нан астам адам зоопарктың кассасын шабуылға алды.
Сәуірдің аяғында хатты оқығандардың саны он мыңнан асып, балалар, балалардың ата-аналары, ата-аналарының ата-аналары, туыстары зообақтың сыртқы ортамен байланысын үзіп тастады.
Жағдай ушыға түсті.
Маусымның басында қала басшылығы төтенше жағдай енгізіп, зообақты қоршауға алды.
«Тонки! Тонки!» деп ұрандаған халықтың қатары күн өткен сайын көбейіп, молая берді.
Тәртіп сақтау қызметкерлерімен алғашқы қақтығыстар орын алды.
Жер-жерде «Тонки тәуелсіздігі», "自由", «Джунд-аль-Тонки» және де басқа астыртын ұйымдар пайда болды.
Премьер-министр ел бойынша төтенше жағдай орнатып, қалаға коменданттық сағат енгізді.
Көшеде алғашқы танкілер пайда болды, Kawasaki, Ki-61 HIEN, Nakajima, J1N Gekko/IRVING секілді әскери ұшақтар қаланың аспанын торуылдады.
Шілденің аяғында халық пен орган қызметкерлері арасындағы қақтығыс шайқастарға ұласты. Адам шығындары көбейіп, зообақтың маңы баррикадаларға, бомба жарылған орындарға толып кетті.
Соғыс оты көрші провинцияларға ауысты.
Тамыздың 15-інде Жапония соғыста жеңіліс тапты.
satibaldi
 Ішекқұрт тығылатын қуыс қалмад: барлығы ағып кетті нақ
Jacqabaies_Chirac
 артым айырылып кетті нах лібә
sayuri
Экшн муви. Перл-Харбор 2) Мазмұны бойынша Тора, Тора, Тора деген киноға келеді екен. Аударманы студенттерге емес, сізге беремін ,ғой деймінИероглифтіде түсінесіз
TERISKEY
Аударманы студенттерге емес, сізге беремін ,ғой деймін
сонда сіз мұғалім болғаныңыз ба? ооо, Боже…