Неге?


Осы Қазнеттегі блог-тұғырлар мен еркін жүйелер қазақ блоггерлерінің саны күннен күнге өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алматыда дүркіретіп тұрып Блогкэмпті де өткізіп жібердік. Бір-екі апта кірмей жүріп, қай сайтты болса да аша қалсаң, жаңа есімдер, жаңа блоггерлерді табасың. Күшті-ақ…
Бірақ, достар, бізде бір кемшілік бар-мыс.
Блогкэмпте тақырыптық блогтар туралы айтылған еді. Осыдан шабыттанды ма, жоқ әлде өзге фактор үйтермеледі ма, бүгінде бір «тема» аясына бағытталған блогтар және блоггерлер бар. Бір өкініштісі сол тақырыптық блоггерлердің арасында саясат туралы айтар сөзі, қосар ойы бар блоггерлерді кездестірмеді. (мүмкін мен білмейтін шығармын ондай азаматты.) Егер бар болса, сілтемесін көрсетсеңіздер)))
Әзірше, біздегі белгілі қазақша жазатын саяси «блоггер» Кәрім Мәсімов. Бірақ ПМ-нің өзі мойындағанындай, ОН.кз және басқа да блог-тұғырлардағы жазбаны, оның өзі емес, көмекшілері дайындайды. Кәрім ағамыз тек Твитерді жақсы меңгергенге ұқсайды.

Ресейдегі блоггерлер үлкен күшке айналып барады ғой. Медведев осы күшті өзі және «Тұтас Ресей» партиясы үшін өте ұтымды пайдаланып, олармен кездесіп те алды. Сол арқылы өз қанжығасына бір + жинап алды.

Бізде неге Үкімет саясаты туралы жазатын блоггер жоқ? Немесе олай болмайды ма-мыс?
bk
Бөлісу:

19 пікір

KILYZAMAN
Халық қалаулыларының бәрі өз әлемдерінен(Мой мир, мал агент) шыға алмай жүрген шығар
meirzhan
Олардың темасы — твиттер.
KILYZAMAN
Шала қазақтарда — қазақтар (Өсіп өнген сондай ру да бар екен)
meirzhan
Фэйсбуктердегі "қазақтар" тобын айтып тұрсыз ба?
KILYZAMAN
Олардың темасы — твиттер.
— жайлы ойымды айтқан сияқты едім…
meirzhan
ааа, иттерде — твиттер дейсіз бе.
Aizhantabyn
мен жазар ем, бір нәрсе ұқсам))) толығымен аполитичный адаммын.
Негізі, саясат ең қызықсыз тақырып мен үшін. Оны ойласам, басым ауырады. Әрине, «недалекие мысли», алайда ондай блогтардан пайда да жоқ сияқты.
19852407
Өркен бірдеңке шимайлап қоятын еді ғой. Блогына кірмегелі көөөп болды…
patick
қазақ журиктер жазып жатыр ғой саясатты, блоггерлерге не бар ол жерде
asaubota






AsanQaigy
коянды камыс, жигитти намыс олтиреди деген осы