Неге қарап отырғанды ұнатасыздар?

Екі нәрсеге мәңгі қарап отыруға болады дейді ғой: оттың жанғанына, судың аққанына (на правую сиську и на левую сиську). өз басым кішкентай балалардың башпайларын жыбырлатқанына қарап отыра берем. Фетиш пе?))))
Кімнің көзі қандай қимыл, қозғалыстарға көп арбалады?
Бөлісу:

76 пікір

araika
Мөлдір сулардан көзімді аяған емеспін :)
meirzhan
Әріптерге. Аспанға. Дұлдыздаға. Кейбір суреттерге. Түнгі қалаға.
Esmeralda
Әріптерге?
meirzhan
Әріп Тәңірбергенұлына емес, кәдімгі әріптерге (тойыс оқу)
Aizhantabyn
теңіз жағасында отыра бере алам, жұлдызды аспанға қарап жата бере алам)))
19852407
Жұлдыз санаған жақсы ғооой!
xsanatos
егер сіз қыз болсаңыз, шілденің түнінде шалқаңыздан жатып, жұлдыздарға қарап ләззат алсаңыз, наурыз айында нәрестелі болуыңыз әбден мүмкін.
Aldeken
дәл осы әзіл қисынсыз секілді…
Ал, негізі шілденің түнінде шалқалап жатпай-ақ, наурыз айында нәрестелі болудың мүмкіндігі зор, камасутраңдыссс…
meirzhan
Нені тыңдағанды ұнатасыз дегенге дайындалып отырайық.
sammita
кейде дөп айтасың))
meirzhan
Сол тақырыпты ашқалы отырсың ғой деймін иә.) Дөп айттым ба, қалай? :)
Gulistan
Маздап оттың жанғанына, үлкен қаланың түнгі оттарына, ұйықтап жатқан сәбиге, достарымның дастархан жасайын деп тыпырлағандарына қарап отыра берер едім!
Abilakim
Қыздарға қарап отыра беруге болады негізі. Маздап жанған отқа.«Керекинфоға»
sammita
Керекинфоның маздаған отына:)
molly_zhan
Расында да. Керекинфоға күніне 2-3 рет кірмесем көңілім бір түрлі болады.
Zhan
Қыздарға қарап отыра беруге болады негізі.
Мен ешуақытта жігітке ұзақ қарап отыра алмас едім. Өйтіп қарайтын болсам мен оның бүкіл кемшілігін ойша іздестіріп, әлгіден безіп кетер едім. Оның үстіне, қыз баланың табиғатында еркекке сонша телміріп отыратындай ынтызарлық берілмеген.
dark_nazgul
жақсы көріп жүрген адамымның суретіне қарап отыра берем…
patick
Ауылда қорадағы сиырдың шөп жегеніне ұзақ қарайтын едім. Қазір серванттың ішіндегі мөлтілдеген араққа ұзақ қарап отырамын.
Zere
Ахахах, мен де сөйтетін едім бұрын. Қой ішінен айтатын шығар «Жынды ма, немене бежірейіп қарап тұр» деп )))))
konvict
Хехе, Ақзере өз стилінде ))))
19852407
С-ға туысқандығың жоқ па?..))
patick
Нақты «С» әрпіне қатысым да, претензиям да жоқ
Delhi
Ұзақ ештенеге де қарамаймын. Жақсы екен, керемет екен деп бір қарап қоя салам))
asaubota
от, су, аспан сияқты қияли объектілерге қарамаймын. жалпы ешнәрсеге ұзақ қарамайтын сияқтымын. еркек болғасын ана жоғарыда айтылғанға қарап қалатынымыз бар әрине.
nurbergen_makym
Адамдардың жылағанына қарап отырғанды ұнатам
molly_zhan
Не деген қатыгез едіңіз?! Жұбатпайсыз ба? Мен ондайға жайбарақат карап отыра алмас едім…
sammita
аквариумға, каминға дейтіндер жоқ па арамызда)
Dinara
каминға бар :)
sammita
ал менде камин да, аквариум да жоқ сондықтан айта алмаймын:)
bazuka
жауып тұрған жаңбырға, қарға терезеден қарап отырам
serjan
Башпайларын жыбырлатқанға қарап отыра беруге болар еді бірақ олар жыбырлатып отыра бермейді ғой.
dark_nazgul
мен жыбырлатпаса да, тіпті суреттегі де кішкентай башпайларға қарай берем))
meirzhan
қараңыз + бонус қол фетишистеріне
a63a1
Өзімдікіне болмасаа өзгенікіне ондай сезім болған емес
Adiletshu
Жұлдыздарға, бұлтқа, тауықтарға, қойдың күйіс қайырғанына
a63a1
көрсетсе қарай берем, кім, не, не үшін, не важны
19852407
Ұхпіш болватқан сүйген адамына телміріііп отыра бергенді ұнататындарың жоқ па, еуу, халқым?)))
Delhi
Сүйген адам қасында болса, телміріп қарап отқанша, құшақтап алып неге ұйықтамасқа)))
asaubota
ұйықтатпау керек :)

ең болмаса әңгіме айтып жат деңдерү
Zhan
Әңгіме? Зачем әңгіме… кайфті бұзбасайшы. )))))))
asaubota
ең болмаса деген сөз қолдандым басында
19852407
массаған, мен аз айтып қойыппын ғой, саз шығатындарды көрсеңіздерші))))
patick
«Мен ояу отырғанда, ол неге ұйықтауы» керек деген жаман принципшіл едім, сондықтан теуіп оятып жіберемін :)
asaubota
әкеңнен үйренгенсің ғо :))))
Gulistan
Патик, өлтірдің:) Ішіп отырған кофем төгіліп, клаваны бүлдірдім. *домалап жатқан смайлик*
VKM
Аспанға қарап жатқанды ұнатамын.Әсіресе жазда)
Aikona
Отқа, суға, табиғатқа ұсақ нәрселерді зерттеп отырғанды ұнатам :)
Erke
Cтадионда коз алмай футбол карап отканды унатам!
ken
Бойжеткеннің айнадан өз-өзіне сүйсіне қарап таранғанын, боянғанын тамашалағанды ұнатамын.
Фетиш емес пе?
ken
қараңғыда жанған костёрды, неге екенін, жәндіктер де ұнатады.
izbasar
Екі нәрсеге мәңгі қарап отыруға болады дейді ғой
Ештеңеге мәңгі қарауға ғұмырым жетпейді. Қызықтап көзім түсуі мүмкін, телміріп қалуым мүмкін.
konvict
Автобустың терезе жақ бетіне отырып алып, жолға қарап отыру ұнайды
nurbergen_makym
… ия, әсіресе, күзде, әдемі. Қасыңда бір-екі шал шауқан тұрса, массовкада
nurbergen_makym
...әнасстыңсмайлы!!!
Bayan_
Әдемі көздерге тапжылмай қараймын
balzaminka
а мен соңғы уақытта свечаға қарап отыратын болдым бір уақыт, көз жанарына пайдасы мол, көз демалып қалады екен. Үлкен костердің айналасында, қоңыр дауыспен гитара, домбырамен әндеткен жастарды тыңдап, от ұшқынына, оттың биіне қараған ұнайды
molly_zhan
Жұлдыздарға карағаннан еш шаршамаймын. Бір жыл жұмыс бабымен Ақтауда тұрып келгенбіз. Теңізге карап отырсаң миың демалып калады, барлық проблемаларды бір уақытқа болса да ұмытасың. Кыстың куні Каспийдің толқындары аппақ көбік болып жағаға ұрғанда өте керемет болады. Шыны керек қазір сол Каспийді қатты сағындым.
Ottegin
Балық аулаған кезде, балықтың ілгекті тістегенін білдіретін қалтқының дірілдегеніне қарғанды, көл бетіндегі толқынға, жаңбырлы күні терезеден әрлі-берлі жүрген адамдарға қарағанды, ұстаның еңбегін, оның шебер қимылын, қисынды іс-әрекетін бақылағанды ұнатамын
asaubota
еркек пен әйел төсекте үнсіз жатыр екен төбеге қарап.

әйелдің ойы: «сыболыш үндемей жатыр, басқа біреуі бар точно. кетем».

еркектің ойы: «шыбын. шыбын тұр төбеде. қалай құлап кетпейді екен осылар...»
Gastarbaiter
Монитордың бетіне /комп болсын, телефон болсын/ бәрібір қай-қайсың да басқасынан көрі ұзағырақ қарайсың, романтик бола қалуларын
Daniar-Alan
на правую сиську и на левую сиську
Abilakim
Баламның ұйықтап жатқанына қарап отыра бере аламын.
xsanatos
әрине, жылап жатқаннан жақсы ғо
Abilakim
жылап жатқанда шыдамды болсаң қарап отырып көр)))
Armanjan
Жұмыс жасап отырған қыздың алдына келіп, мониторының желкесінде тұрып, біраз әңгіме айтқан болып тамашалап кеткен де жаман есе былай.
Abilakim
ия, жаздың күндері…
Kipshakkyzy
Бұзаудың ұзын кірпігіне, кішкентай сәбиге, аквариумға, теңізге, парктегі адамдарға, фонтанға тағы басқа көөөөп нәрселерге қарап отыра берсем жалықпаймын.
Rafaello
Биіктіктен көше қозғалысына. Адамдар, машиналарды қараған қызық маған.