Ұлы деп мойындаңдар ал, қаззақтар!

Мейір амиго жоғалып кеткенде, кемпірі бес жылдай күтті де, алтыншы жылы ауыл аймақтан рұқсат сұрап, қалаға көшемін, басқа байға тиемін деп, ал Мейірдің заттарын осы ел-жұрт түгел бөліп алыңдар деді.
Асып бара жатқан мүлкі де жоқ, сол, анау темір тордың ар жағында отырған кезіндегі кәкр-шүкірлері, киілмеген жұмыс комбинезондары, сосын — қойын дәптері. Қойын дәптері маған тиді. Ұзақ түндер бірдеңе жазып отырушы еді деп қорс-қорс жльады статус-кво-жесірі.
Білә, қазір сол дәптерді оқысам ойлайм, Мейір бүгінгі заманның адамдарын осыдан жиырма жыл бұрын қалай білген деп. Міне кейбіреулері:
«Адамдар азғындап барады»;
«Білімсіз елдің күні қараң»;
«Тәртіпті баладан тәртіпті жігіт өседі; тәртіпті жігіт — тәртіпті қария болып қартаяды»;
«Ер адам бала-шағасын асырау керек»;
«Жаман оқысаң — көк, озат оқысаң — қызыл аттестат аласың».
Жарықтық амиго-ай, айтқандарының ақиқаты осы күнге дейін жетіп тұр емес пе! Жиырма жыл бұрын осының барлығын қалай білген екен десейш, ресейдіңбірқаласындаашынасыментұрыпжатқаналқашатаңанә.
Бөлісу:

10 пікір

KILYZAMAN
Бәсе, Сатекең кейдегі… дддддеген ойларды қай қазаннан шөміштетіп сапырып жүр десем…
Abilakim
«Жаман оқысаң — көк, озат оқысаң — қызыл аттестат аласың».
Қолтығееем, ойбай))))
e_zhalgas
О, мерейі үстем, Мемлекеттің Мейірі :*) Жазған әрбір әрібіңнің астарында айқайлап шындық жатқанын қалай байқамағанбыз :)
meirzhan
Труизм айтқыш болыпты-әй
konvict
нострадамусыңдысссссссс
MrQ
 Адепті қария бола алмай қалдау
balzaminka
мені апайдың тағдыры ойландырып отырғаны…