"Жас қазақ" газетсымағының ұрлықтары шектен шығып барады



Кеше Мәншүк қарындасымыз «Жас қазақ» газетсымағының өзінің мақаласын рұқсатсыз алып және атын кіші әріппен жазғаны туралы жазған болатын, сондай-ақ Жанасылдың да суреті рұқсатсыз алынып, ажырасушылар туралы тақырыпқа қойылған болатын. Енді сайтымызда тұрған жарнамалық баннерді де қойғандары анықталды, ол жерде менің өз атыма тіркелген телефон номерім бар. Ешқандай құқықтары жоқ рұқсатсыз қоюларына.

«Жас қазақтан» кешірім сұрап, газеттерінде және сайттарында мұны жариялауларын сұраймын.
Бөлісу:

28 пікір

Janasil
иа шынында жұмсақтық танытқан секілдімін. П.с: Арамызда ұры бар секілді.
qisyq
Неге арамызда ұры?))))))
Janasil
немесе тыңшы. Осындағы жағдайды ол газеттегілер біліп отырғанына сенімдімін.
asaubota
көп журик кіреді осында. бастарында не ақыл, не фантазия жоқ. осындай сайт, блогтарға кіріп идея ұрлайды. Алла бізге сабыр, оларға ақыл берсін.
qisyq
деген кездебағанадан бері үндемей тұрған VKM "Қыздар, жігіттер, кешіріңдерші" деп солқылдап жылап жіберді.
a63a1
Енді сайтымызда тұрған жарнамалық баннерді де қойғандары анықталды,
оның несі жаман, мүмкін керекке сол арқылы қолданушылар тартылар?
meirzhan
Не үшін баннерді қойғанын түсінбедім. Өз телефон номерін қоюға ұмытып кеткен бе
Zako
Жариялаған айдарына қарасақ, мысқылдаған секілді.
omarbirat
Мәншүктің постын көргенге дейін «Жас Қазақ» серьезный газет деп ойлап келген екенмін.
dark_nazgul
сайтты жабық қылуға болмас па екен? мысалы, мен бір сайтты білемін, көп тақырыптары жабық, приоритетті админ береді, статус ретінде. сол статусы барлар ғана сайттағы көп жабық форумдарға, междусобойчиктерге доступ ала алады.
Janasil
Олай тығылып жүрген дұрыс емес секілді. Сайттың танымалдылығына кедергісін келтіреді. Дұрысы ойластырып жақсы бір соққы жасау керек.
asaubota
ондай бізде бар, еркектер қауымдастығы.

сайтты түгелдей олай қылу тиімсіз. журиктер сияқты арам ниетті емес, жәй оқу үшін келіп жүргендер көп қой.
patick
Сенің баннеріңді қою мақсаттарын түсіне алмай отырмын. Өздерінің жарнамасы үшін қолданды дейін десем — еш жерін өзгертпеген…
manshukn
«Мүкіс мүйіс» айдарында тұр.
asaubota
ана жердегі суреттерді де танып тұрмын :)
patick
типі, қате жарнамалар ма? :)
asaubota
sigma
Ахидің бір дінге қатыссыз жазғаны екен, оны да ұрлап алыпты.
Aramza
Аяймысыңдар?? Ұрлай берсін, интернетке кіре алмайтын халық газет жорнал оқымағанда нестейді. Халықтан аяғанымды ит жесін.
Zako
Түйй, сен де бір… Мәселе басқа жақта. Ұрлық жасау мен халыққа жеткізудің айырмасы бар. Нанын адал жолмен сұрап жеу мен рұқсатсыз ұрлап жеудің айырмасы бар.
saken
түсінбедім? ол жерде осы сайттағы суретті алып, өздерінің мәліметтерін жазып қойған ба? әлде қаз-қалпында көшіре салған ба?
Егер админнің нөмірі тұрған болса, қайта жақсы емес пе, тегін жарнама дегеніңіз.
ken
есіме түсіп кетті. шымкент-шоуда болған еді. екі әнші бір басылымға келіп «неге біз туралы біздің рұқсатымызсыз жазасыз? сотқа береміз» деп шу шығарады.
бір күні танымалдықтары түсіп кеткен соң басылымға қайта келіп тұр, «аға, біз туралы жаза беріңіз» деп.
satibaldi
Осы газетте ме, Шәмші Қалдаяқовтың Сыған серенадасын Қожамқұлов деген журик менікі деп басып жүргені?
Zako
Осы газет пе Kcell-ді жарнамалап жүрген?
satibaldi
Осы газет пе еді, елтаңбаны газеттің логосы қылып алып жүрген?
satvaldo
дааа, брат. Тр-да тұрғаныңда бұларды айдап алар едің. :ҚҚҚ