Жапон ертегісі

Тәтті дәрі
1394 жылы Киото да бір ұл бала дүниеге келді. Ол ұл баланың аты- Иккюсан. Иккюсан алты жасында храмға баратын. Храм ол Обоусандар өмір сүретін орын. Обоусандар Буддизм уйрететін адамды айтады. Иккюсан атақты Обоусандардан буддизмді оқып, уйреніп, түсініп алып, өзі Обоусан атанды. Иккюсан кішкентайынан өте ақылды бала болған. Ересек адамдар жауап бере алмайтын қиын сұрақтарға бірден жауап бере алатын. Көп, қызықты әңгімелер айтатын. Иккюсан қандай жұмыс істеседе, уағыз айтып жүретін.
Иккюсан бала кезінде Анкокужида оқыған. Храмда Обоусан мен Ошеусан деген ұғым бар. Ошеусан деген Обоусандардың мұғалімі. Бір күні иккюсан Обоусанның бөлмесінің алдында, бөлменің ішінен ақырын шығып тұрған бір дауысты естиді. Сөйтсе, Ошеусан бірнарсе жеп отыр екен. Иккюсан: «не жеп отырсыз?» деп сұрағанда, Иккюсанды көріп, шошып кетті.
— Бұ Бұ Бұл дә дәрі ғой. Мен ата болған соң аяғым ауырады…
— Е, аяқтың дәрісі ма, мағанда сол дәріні беріңізші, менінде аяғым ауырады.
— Е, олай болмайды бұл аталардың дәрісі, жас балалалар жесе өліп кетеді, — деді. Сосын дәріні орнынан яғни столдың астына қойды.
— Өкінішті, мен өлгім келмейді, — депайтып, Иккюсан Ошеусанның бөлмесінен кетіп қалғанда, Ошеусан күлді.
Ушінші күні Ошеусан көрші қалаға кетті. Ал Храмда жас Обоусандар қалып, оны тазалап жатты. Бір кезде Ошеусанның бөлмесінен «Гочян» деген қатты дауыс естілді. Артынан «ваа» деген дауыс. Бәріміз шошып, Ошеусанның бөлмесіне бардық. Сол жерде тазалап жүрген Жеукенсаның беті қызыл болып кеттіпті. Жеукенсанан бәрі не болғанын сұрағанда: «өкінішті, мынаны қараңдар, мен Ошеусанның ыдысын сындырып алдым»,-деп айтып жылап қалды. «Бұл өкінішті, қиын болды, қиын болды, бұл Ошеусанның қымбат ыдысы еді»,-деп өзі де ұялып тұрғанға басып айтқандай болды. Иккюсан ғана күлді.
Сендер, уайымдамаңдар, бәрі дұрыс бәріміз бірге, мынаны жейміз сөйтіп, иккюсан столдың астындағы дәріні алды. Бәрі мынау не екенін сұрады. «Бұл Ошеусанның аяғының дәрісі, біздің аяғымыз ауырмайтын болады»,-деп, Икююсан дәріні ауызына садды. «Тәтті ма? менде жеймін, менде жеймін деп, жас обоусандар дәіріні жеп жатты. Ал Жеукенсан «бұл дәрі емес, тәтті нан»,- деді. Қалғандары да «иа бұл тәтті нан»,- деді. Обоуандар дәмді нәрсе тұрмақ, тәтті нәрсені аса жемейтін. Бірақ бұны «дәмді, дәмді, тәтті, тәтті» деп обоусандар орынында тұрған барлық тәттіні жеп қойды.
Содан Жеукен сан Ошеусанның келгенін айтты. «Ошеусан болса, жағдайымыз қиын» деп, Сол кезде «бәріміз жылайық», -деді Иккюсан. Бәрі жылап жатты «вааа, ееен»
Ошеусан қорқып кетіп, не болғандарын сұрады. Сол кезде Иккюсан: Ошеусан кешірініз! Ошеусанның бөлмесін тазалап жатқанда, сізге қымбат ыдысынызды сындырып алдық. Қатты өкіндік. Содан кейін өлейік деп ойлап, мына дәріні іштік. Бірақ өлмедік көп жедік, бірақ өлмедік, бәрін жедік, бәрі бір өлмедік, кешірініз, кешірініз. Өшеусан ештеме айта алмай қалды.
Аударған: Жапонтанушы 2 курс студенті А.С.
Бөлісу:

80 пікір

meirzhan
Жақсы екен. Бірақ мен түсінбедім.
ken
Түсінбесең, жақсы екенін қайдан білдің?))))))))))
dark_nazgul
не бәле?
sayuri
Үй жұмысы! Жапоншадан аударып келу.
satibaldi
Екінші курста-ақ жапонша білесіз бе, панасоноиксстің???
Altygradus
оңай тілмен жазылған әңгімелерден алынған болу керек
жапон тілі негізінен қиын емес, тек грамматика жағын алса, бірақ иероглифтермен күрделеніп кетеді.
Aizhantabyn
Қандай керемет әңгіме))))))))))))) күліп алдым))))))))))))))

аудармашыға респект)))
ken
— Өкінішті, мен өлгім келмейді
Өлгісі келмейтініне өкінгеніне қарағанда шегіп алған болса керек.))))
Aizhantabyn
кааадр, ол оған өкініп тұрған жоқ, дәрінің аталарға екеніне өкініп тұр))))))))))))))))
ken
ааа, солай ма.
бәрібір де бұл ертегіні шегіп алған адам шығарған болса керек.
meirzhan
ммм. Аударғанда ептеп ауытқулар болып жатады. Жалпы аударғанда толық мазмұнын жеткізу мүмкін емес сияқты.
sayuri
Қазақ тілді оқырман қалай қабылдайды екен деп ілдім. Пікірлеріңізге рахмет!
dark_nazgul
түк түсінбедім, шын айтса
dark_nazgul
тойс, жалпы нобайын түсіндім ғой, мораль анау мынау дегенді, бірақ менің редакторлық түйсігім ашуланып жатыр)))
Altygradus
тойс, жалпы нобайын түсіндім ғой, мораль анау мынау дегенді, бірақ менің редакторлық түйсігім ашуланып жатыр)))
басқа тілден алғаш аударғанда солай болады ғой.мағынасын жеткізуге тырысасың да стилистика жайында қалаы, тем более әдеби шығарманы. Мен қазірдің өзінде жапонша аудар десе, жазбаша түрде нашар аударатын шығармын.
Мыс ағылшынша кәдімгі құжаттарды аудара бастаған кезімдегі құжаттарды қазір көрсем күлемін, уақыт өте келе пайда болатын нәрселер ғой бәрі.
dark_nazgul
түсінікті ғой. өзім де жаман қиналамын әдіби шығармаларды аударудан. Бірақ, бәрібір, «теп тегіс жұмыс келсін айналасы» деп тілейсің ғой)))
sayuri
Жақсы, ескеремін! Адармаларға қажетті түзетулерді айта өтсеңіз айтарлықтай көмек болар еді. Негізінен, екі тілді бастама аудармашыларға қатені де көру қиынға соғады.
meirzhan
Маған ұнады, себебі жапон әдебиеті мен үшін таңсық. Қазақ тіліне жапон әдебиеті әлі аударылмаған қателеспесем. Болашақта да күтемін!
sayuri
Иә, аударма мүлдем жоқ. Тек қысқаша жапон-қазақ сөздігінен басқа аударма жоқ.
meirzhan
Біздікілер әлем әдебиетін қазақшаға аударамыз дейді де, орыс тіліне аударылған шетел әдебиетін қазақ тіліне аудара салады. Сөйтіп шығарма мазмұны жоғалады. Аударса тура аудару керек.
Altygradus
хахахаха оригиналын оқыған болсам да, стилистикасымен алғанда аудармасы күлкілірек сияқты:)))))
sayuri
Бұл екінші курстардың тапсырмасы. Түрлі-түрлі қызықтар оқисың. Бұл беттегі «сан» мен «самалар» сізге ғана түсінікті болды ғой деймін:))
meirzhan
приколдар қосып жіберген бе өзі :))
Altygradus
аудара берсең үйреніп кетесің ғой ничо, маған қызық болды әйтеуір:)
araika
Басын оқи бастап едім, жаңылтпаш… шатасып кеттім :)
balzaminka
Грамматиканы тағы бір қарап шығатын екен. Оқуға өте ауыр :)

Бізде де бар ғо, басты жас бала мүжімейді деген :))
satibaldi
Түсінбедім, мына ел не боп кеткен, Ясихико қайда қарап отыр?
satibaldi
Қазақ тілді оқырман қалай қабылдайды екен деп ілдім.
Әдебиеттеріңіз не боп кеткен? Император қайда қарап отыр?
sayuri
Бұл жай тапсырма. Еш қауіп жоқ!
dark_nazgul
Пу Сун И дегеннің шығармаларын оқығам. қытай ғой дейм. Вобшым, өріп жүрген голубойлар.
satibaldi
Вобшым, өріп жүрген голубойлар.
Алғашқы бетінен-ақ салбыратып тұрып алған десеңші.
dark_nazgul
олардың терілері бір біріне «яшма» көрінеді екен. смпаласады да жатады. ))
satibaldi
Сенің терің қандай?
dark_nazgul
Метеорит келмейтін бопты ғой, күнә жасаудан айнып қалдым)
satibaldi
Біз жапон ертегісінде отырмыз, ұмытпа.
dark_nazgul
ок, Сатико семпай)))
Zere
Сонда дәрі дегені кәмпит болып шыққан ба?
satibaldi
Түсінесіз бе, Ақзере, былай ғой…
Zere
Түсінбедім…
satibaldi
Былай ғой: жапон прозасында орталық объекті мен орталық мораль жоқ: әңгіме су әкеле жатқан самураймен басталып, префектура әжетханасындағы оқиғамен бітуі мүмкін…
Altygradus
Былай ғой: жапон прозасында орталық объекті мен орталық мораль жоқ: әңгіме су әкеле жатқан самураймен басталып, префектура әжетханасындағы оқиғамен бітуі мүмкін…
префектура әжетханасы:)))) өртисің. Чот идея тастадың мен ұсынатын 3 кітап, жапон аффторларынан деген пост жазам бұйырса:)))
satibaldi
Жазшы, тошибаларын мәңгіге бір түсініп алып, отырайық, исудзуынсстың. Шаршайм жапондардың әңгімелерін, тек анабір Рашомон деген киносына сынғаным болмаса.
Altygradus
монахтар өте қарапайым тамақтар ғана жейді ғой. Бірақ ана бас мұғалімдері тығылып тәтті жеп жүрген, соны ана Иккюсан орнына қойған алғырлығымен:)
satibaldi
Жоға, Иккюсан тәттіні орнына қойған, аудармада қате кеткен сияқты.
Zere
Ия, аудармада бір шикілік бар сияқты…
satibaldi
Жоға, түсінбегенсіз: ана дәрі шикі болып тұрған.
Altygradus
жоқ аударма дұрыс. Тек стилистикасы нашар демесе:)
satibaldi
Жоға, стилистикада мін жоқ, әңгіме аудармашы ішкен дәріде.
meirzhan
еее, сол екен ғой. Жапон әдебиетін түсіну қиын екен
dark_nazgul
өзіміз де, баламызға кәмпит бергіміз келмесе, «бұл дәрі» деп айта саламыз ғой)
satibaldi
Иә, Альпен Гольд пен канефронның қораптары сондай ұқсас…
dark_nazgul
уахахахаах. кстати, мен шоколадтан қақпаймын балаларды. Мұз кәмпит бермеймін.
satibaldi
Бәрі жылап жатты «вааа, ееен»
Бас жағы қазақтардың жылағанына аздап ұқсайтын халық екен.
dark_nazgul
Харукиін қатты оқығам кезінде. Тіпті соның романдарындағы кйіпкерлер тыңдап жүретін әндерден құралған альбом да бар еді.
satibaldi
Қатты оқығанда, қалай, дауыстап???
dark_nazgul
аха, әсіресе эротикалық эпизодтарын.
satibaldi
… Гейша бүгін ерте тұрды.
Көңілі қаяу еді.
Кеше клиент келген кезде
Балалар — ояу еді…
dark_nazgul
гыгыгы
satibaldi
Бұрын мен де жапон поэзиясын аздап аударған едім, @Altygradus мазақ қылғасын тастап кеттім.
dark_nazgul
өлә, сенде де комплекс бар ма, не?
satibaldi
Жапондарға байланысты — иә, бар.
Altygradus
қашаннан бері:)))))
айтпақшы жаздым ал, қараңдар:)
dark_nazgul
Бізбен бір жапон жігіт оқыған. Ямото Рюджи. қайда жүр екен сол?
ken
қазақша сөйлейтін бір жапон бар еді, ылғи хабардан шығып жүретін. сол емес пе еді Рюджи деген, ия?
dark_nazgul
иә. екі жыл дайындық курсында, төрт жыл филфакта оқыды. Консерваториядан Ғұмырбектен ғой деймін (Георгий Югай) домбыра үйреніп жүретін.
Онымен бірге екі қытай оқып бастаған бірінші курста, ілесе алмай шығып кетті.
meirzhan
Айтып тұрғаның мына кісі емес пе?
ken
дәл қазір интернетімнің жылдамдығы баяу болып тұр. видеоны көре алмадым.
dark_nazgul
бұл емес.
мынау
ken
иә, осы ңой. дәл өзі.
семіріп кетіпті)
meirzhan
м-да, мықты екен.
Altygradus
Хирошим ма Осакада ма тұрады. Әйелі қырғыз ғой оның. Баласы бар, қыз ғой дейм ұмыттым.
dark_nazgul
сол қырғыз қыз аудиторияның есігінен сығалап, Рюджиді шақырып жүргенде, Өмірхан ағай айтатын: «елу қазақ қыздың ортасында жүріп, қырғыз қызға бүйрегі бұрғанын қарашы» деп. )))
satibaldi
Сенімен оқығасын белгілі ғой: безіп кеткен шығар, нақтың.
dark_nazgul
айтпа, маған ваще адам төзбейді ғой. ))