Еуразия жұлдызы Ардақ Балтиев

Еуразия жұлдызы жобасының Қазақстандағы іріктеу турларын, финал концертін толық көріп шықтым кеше. мына сілтемеден: www.trt.net.tr/trtavaz/vodcast.aspx?GRKod=1054db7f-f5eb-485f-8186-24520dd7a8c2&MKod=973b859c-25b3-44d3-926e-993e8793ba44
Жоба туралы: Жоба Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғыстан және Түркменстан елдерінен дарынды әншілерді іріктеп сол 6 мемлекеттен келген жұлдыздардың арасынан 2012 жылға бір Еуразия жұлдызын сыйға тарту мақсатында TRT Avaz телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілуде. Қазақстанда өткізілген іріктеу кезеңінде Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, Түркиядан Бурак Кут әділ қазылық жасапты. Финал концертінде болса Меруерттің орнына Ләйла Сұлтанқызы келіпті. СМС дауыстар арқылы финалдағы 10 кісінің ішінен Ардақ Еуразия жұлдызы атануға жолдама алды.
Мынау қорытынданы жариялаған кездегі сәт :)
Бөлісу:

13 пікір

Dinara
Қосымша: соңғы финал сайысы қашан болатыны туралы бір ақпарат таппадым әзірге, болып жатса смс дауыс беру арқылы Қазақстан бірінші болуы үшін атсалысайық :) Қазір соңғы мемлекет Түркменстанда байқау жүріп жатыр.
meirzhan
Иә, көрдім осыны тікелей эфирде. Ардақ алматылық болғандықтан ба, бүкіл зал соны ғана қолдағандай боп көрінді.
Dinara
иә, зал Ардақ деп қоймай айқайлады шешуші сәтте :)
Dinara
Ардақтың орындаған халық әні қатты ұнап қалды. Жеңіске жетуіне, әнді дұрыс таңдағаны мен өзінің харизмасының көп көмегі тигені көрініп тұр.
meirzhan
және дауыс берушілер мен залда отырған көрермен :)
meirzhan
Нұрлан Албан мен Бурак Кут (?) ән айтып, жақсы көңіл көтерді. Бұл жерде жюридің бірін-бірі түсінісуі де жақсы рөл атқарды.
Dinara
Иә, дауыстары дым келмеді ғой бірақ. Бурак Кут біздің қазақ жюрилердің ығына көніп отырған сияқты көрінді көбіне
meirzhan
Дауыстары келмесе де, көңілдері жарасты :)
Бурак шаңыраққа қараған болар. Кейде өз пікірін айтып қалып отырды, бір конкурсантты сынағаны есімде.
Аударма жасау нашар болған сияқты.
Және байқағаным, Қазақстан телеарнасының көрсетілім сапасы нашар. Мысалы Еларнаның дыбысы да видеосы да күшті. Ал Қазақстандікі түстері дұрыс көрінбейді, қара, дыбысы да нашар. Бұл шоуды жақсылап көруге кедергі келтірді.
Dinara
ұйымдастырылуы жағына көңілім толмады ешқандай, қарап отырып аудармаларға, біздің жүргізушілердің (Нұрғиса мен Сандуғаш әсіресе, сахнадағы енді болады) былжырап тұрғандарына күйіп кеттім. Жұлқынып тұру керек қой ондай жерде жандырып. Аударма жөнінде қаншама түрікше білетін сауатты аударма жасайтындар жетерлік қой бізде, соларда неге тартпағанын. Біздің тарапымыздан ұйымдастырушылардың кемшілігі ғой бұл да. (кімдер екенінен бейхабармын бірақ таныс арқылы боп кеткен сияқты сол жерлері)
meirzhan
Түрік қыздары аудиторияның тілін білмесе де күшті жүргізді иә. Жанып тұрғандай, Мағжан бәлкім сол жастарды меңзеген болар :)
araika
Жолдамасы құтты болсын! Сәттілік тілейміз!