Әнің жақсы, ән салшы!!!
Шаба Әденқұлқызының концертіне бардым.
Сол концерттен бірнеше фото және видео қояйын десем, қойылмай жатыр. Өткен жолы да осылай болып еді, неге екенін. Менің компьютерімнің бір қырсығы бар ма деймін.
Әрине, «партия қайда болса, біз сонда!!!», официозсыз бір шара өтетін бе еді? Шабаға «Жас отан, жастар қанаты» «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің мүшесі деген ресми атақ берілді.
Ұнаған әндердің видеосын ұсынамын
«Көзіңнің мөлдірін-ай». Мен бұл әнді ең алғаш Гүлзира Бөкейханқызының (Қытайдан келген) орындауында естіген едім. Жалпы, сол әнші алып келді деп ойлаймын осы әнді. Кейін өте танымал болып кетті ғой. Әдемі ән. Бүгінгі кеште гитараның сүйемелдеуімен шырқалды.
Шаба Әденқұлқызы Т. Теменовтың «Менің күнәлі періштем» фильміндегі әндерді орындаған екен. Соның айғағы ретінде, сахнада «Besame Mucho-ның» бір шумағын айтып берді.
Қытайдан келген қазақтардың екінші «визитная карточкасы» "Қара жорға" ғой. Сол ән мен бидің Шаба Әденқұлқызы ұсынған интерпретациясы өте ерекше шықты.
Кеште негізінен Шабаның өз әндері орындалды. Әндерінің бәріне ортақ стилі бар, аранжировкасы да өзіндік. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Ана» әні.
Әндерінің бәрі осы стильде.
Өзі де, әндері де, әншілігі де ұнады.
Нұрлан Албанның апашкаларының арасында мынадай үлбіреген «кемпушка» тұр екен.)))

тағы бір суретім көрінбей қалды.
Қыздардың көз құрты болар тағы бір жігіт келді ау деймін эстрадаға))))
көреміз)
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге қоңырлатып сала берем,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайрмасы:
Құландай жүйрік майда жал ай,
бар ма екен біздей ынтызар ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін ай.
Барады аулым көшіп Ылайкөлге,
Жарасар дүрия бешпет қынай белге, Көзіңнің мөлдірін ай.
кеткенде аулың алыс, қимас қалқа,
Көл қылып көздің жасын жылай берме, Көзіңнің мөлдірін ай.
Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы:
Құландай жүйрік майда жал-ай,
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы
Ұшады аққу көлден қайраңдаған
Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа
Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Қ-сы.
Әннің кереметтігіне сөз жоқ…
Гитарамен айтқан екі халық әнінің бірі.
"Қара жорғаны" салдым ау постқа әйтеуір!
Ұнады маған да. Еңбекқор екені көрініп тұр. Сахнадағы Шаба деген жазудың өзі ерекше. Жаңалыққа құмар болу керек қой осылай, ерекше нәрселер ойлап тауып.
Жанды дауыспен концерт беру деген бәсекеге айналса жақсы болар еді.